2013 жылдың 18 ақпаны мен 23 ақпаны аралығында информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасының әдістемелік аптылығы өткізілді. Кафедра апталығы аясында кафедра оқытушыларының ғылыми-әдістемелік жұмыстар көрмесі, ашық сабақтар, институт студенттері арасында компьютерлік ойынының турнирі, педагогикалық практика қорытынды бойынша конференция, интеллектуалды ойын мен фотосайыс ұйымдастырылды. Ғылыми-әдістемелік жұмыстар көрмесінде «Информатика» мамандығы студенттерінің ғылыми жұмыстары, ҚМПИ ғылыми кеңесінде қарастырылып бекітілген кафедра оқытушыларының ғылыми және әдістемелік жұмыстары болды.
Құрметті талапкерлер! Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының шетел тілдер факультеті көп мәдениетті білім алуға сіздерді шақырады! Факультеттерге кіретіндер: Ағылшын бөлімі 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» (ағылшын тілі және екінші тіл таңдау бойынша; француз, неміс тілдері) мамандығы
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының шетел тілдері факультеті 2013 ж. 27 наурызында мұғалімдермен оқушыларға «Инновациядан күнделікті практикаға» облыстық ғылыми – практикалық конференциясын өткізді. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақша, ағылшынша, орысша. Конференция қатысушыларына сертификат берілді.
2013 ж. 20 ақпанында ШТФ ашық есік күні қарсаныңда «Үштілдік – қазақстан жастарының зиятты күшін дамыту ықпалы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізді. Қостанай облысының тілдер дамыту басқармасының директоры Ербатырова Ж.К., ҚМПИ оқу және әдістемелік жұмыс проректоры, з.ғ.к., профессор – Төлеген Мұхтар Әділбекұлы, ҚМПИ шетел тілдер факультетінің деканы- Дорошок Екатерина Леонидовна,
2013 жылғы 19 ақпанда «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтымен (өнер кафедрасы) бірлесіп «Шағын жинақты мектептерде музыкалық білімнің проблемалары» тақырыбы бойынша on-line-конференциясын өткізді. «Костанай-Дарыны» орталық аймақтық конференция жұмысына қатысқандар: Келип Т.И., Қостанай ауданының Сосновский орта мектебінің музыка және ән айту мұғалімі Гирик Я.Я., Мендіқара ауданының Боровской өнер мектебінің оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Андреева С.Н., өнер кафедрасының оқытушылары, және п.ғ.к. Сапиева М.С., п.ғ.к. Белозер Л.П., аға оқытушы Жакаева К.А., аға оқытушы Дик Ф.Б. Қатысуға шағын жинақты тірек мектептердің 5 ресурстық орталықтары, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты өнер кафедрасының педагогтары, жалпы білім беретін мектептердің музыка мұғалімдері және студенттері, қосымша білім беру педагогтары, балалар үйінің мектеп-интернаттары және түзету мектептерінің қызметкерлері шақырылды.
11 ақпан сағат 8.30 (412 ауд.) «Атом және атом ядросынын физикасы» пәнінен «Корпускулалық-толқындық дуализм» аты 3 курс студенттеріне ашық дәріс өткізілді.Дәрісті оқыған Касымова А.Г. доцент, ф-м.ғ.к. Кафедра оқытушыларымен қатар басқада факультеттің оқытушыларымен,студенттері қатысты. 12 ақпан күні «Физика» мамандығы бойынша екінші және үшінші курс аралығында физика пәнінен олимпиаданың біріші (теориялық) туры өткізілді (жауаптылар Дёмина Н.Ф., Омарова Ж.М). Студенттерге әр түрлi деңгейдегі 4 олимпиадалық есеп ұсынылды. «Физика» мамандығының орыс және қазақ бөлімшелерінің студенттері барлығы қатысты.
Ақпанның он бесінде Қостанай облыстық балалар үйінде «Қазақ және орыс» филологиясы факультетінің ұйымдастырумен « Жан жылуы » атты қамқорлық акциясы өтті. Акция аясында факультет студенттері шағын мерекелік іс-шара өткізіп балаларға түрлі сыйлықтар табыс етті. Мереке соңында қуанышқа бөленген балалар өздерінің шексіз алғыстарын да жасырған жоқ.
2013 ж. 13 ақпанында «Қыз Жібек» жалпы жиналысы өткізілді. әлеуметтік – тәрбие бастығы С.А. Жакаева С.Т. Айсина, ШТФ деканы Е.Л. Дорошок шақырылды. Қонақтарға, деканға және декан орынбасарына «Қыз Жібек» құрамының белгісі берілді. ШТФ практикалық лингвистика кафедрасының ұйымдастырушылары студенттерге, оқытушылар мен қонақтарға жұмыс клубының жоспарымен таныстырды.
Тарих және өнер факультетінде, үйірме жұмысының барысында «Тарих» секциясында саясатшы, тарих ғылымының кандидаты, ҚР Парламентінің бұрынғы депутаты - Вишниченко Валерий Георгиевичпен кездесу өтті. Кездесу кезінде ол Қазақстанның саяси жүйесі туралы айтып кетті, сонымен қатар Қазақстан Халықтар Ассамблеясының қызметі туралы және оның республикамыздың беделінің өсуіне көмектеседі. Ассамблея қазіргі кезде конституциялық мүше болып табылады.