2014 жылдың 20-21 қарашасында Рудный индустриалдық институтында студенттердің «Қазақстан жастарының инновациялық потенциалы: ынтымақтастық, белсенділік, азаматтық жауапкершілік» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенті Қосаман Айбек «Жастардың кәсіби өзін-өзі анықтауына азаматтық жауапкершіліктің ықпалы» атты мақаласымен қатынасты.

17 қараша Халықаралық Ойын күйіне байланысты «БОПӘ» мен «МДОжТ» мамандықтарының студенттері Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында М. Горький атындағы драма театрының актерлерімен өткізілген актерлік шеберлік және сөйлей білу мастер-классына қатысты.

2014 жылдың 14 қарашасында «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасының «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» және «Дефектология» мамандықтары бойынша 1 курс студенттерімен «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – ТЕҢГЕ» тақырыбында кафедраның аға оқытушысы, п.ғ. магистрі Кушмурзина Даметкен Хажмухановна тәрбиелік іс шара ұйымдастырып өткізді. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – «Теңгенің» енгізілу тарихы туралы білімдерін нығайту, түсініктерін кеңейту және елін, жерін, халқын, оның тарихын құрметтеп, сүйіспеншілік таныта білуге, сонымен қатар елдің өткенін, бүгінгісі мен болашағын сыйлай білуге тәрбиелеу мақсатында танымдық әрекетте өтті.

2014 жылдың 05 қарашасы күні «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасында «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына 75 жыл» атты бейне роликтер мен презентациялар сайыс кеші өтті. Сайыстың мақсаты - 1 курс студенттерін оқу орның тарихымен таныстыру.

«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының 1 курс студенті Рыбалко Софья Андреевна Павлодар қаласында бодибилдинг, фитнес бойынша юниорлар арасында өткен ҚР чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Рыбалко Софьяға бодифитнес бойынша спорт шеберлігінің кандидаты СШК атағы берілді. ППФ жас спортшыны жеңісімен құттықтап, спортта және оқуда жетістіктер тілейді.

2014 жылдың 29 қазанда «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 1,2 курс студенттер» Ы. Алтынсарин атындағы қалалық кітапханада өткен әдеби жәрмеңкеге қатысты. Студенттер әдебиет пен өнер әлеміне ене отырып, рухани байлықтарын арттыруға мүмкіндік алды. Олар жаңа әдебиеттер көрмесімен танысып құршақ театыры жұмысы бойынша өткізілген мастер класына қатысты. Түрлі викториноларға белсене қатысып нәтижесінде сыйлыққа кітаптар алды.

«Тілдер мерекесіне» орай орыс тілді студенттерге арналған көркем сөз байқауы өтті. Дефектология 1 курс студенті Тихова Ольга 1 орынмен марапатталды. Пән мұғалімі аға оқутышы Шолпанбаева Г.А.

2014 жылдың 20 қыркүйегінде психология – педагогика факультетінде «студенттік қатарына қабылдау» рәсімі өтті. Студенттік өмірлерің мәнді болсын, Қызыққа, әнге толсын, сәнді болсын! Қайда барсаң жолдарың ашық болып, Біліміңе бар әлем тәнті болсын! – дей келе, студенттер қатарына қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті. Ақ жол саған, студент!

2014 жылдың 19 қыркүйегінде психология және педагогика факультетінде 1 курс студенттерімен "Отбасы - тәрбие бастауы" атты тәрбие сағаты өтті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі тек біздің қоғамда ғана емес бүкіл дүние жүзінде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осыған байланысты Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жастарға отбасында өнегелі тәрбие беру арқылы «Мәңгілік ел» болып қалу, ата-бабаларымыздың мұра етіп кеткен рухани құндылықтарын сақтап, оны келер ұрпаққа мұра ету» бүгінгі күннің талабы екенін баса айтқан.

2014 жылдың 10-16 қыркүйек аралығында Бишкек қаласында Азия чемпионаты өтті. Педагогика және психология мамандығының 2 курс студенті Ақпаленов Марс пауэрлифтингтен «Алтын алқа» иегері болып, Азия чемпионы аталды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті