Бүгінгі күнгі жоғары оқу орындарының басты міндеті – білікті мамандарды дайындау. Студенттің жоғары оқу орнындағы білім алу міндеттерінің бірі – алдағы мектептегі педагогикалық еңбек жолында басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығының өз дәрежесінде болу керек екендігін түсіну. Себебі, бүгінгі студент – ертеңгі маман. Осыған орай, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасында оқу жоспарына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау мақсатында мектептің бастауыш сыныптарында түрлі педагогикалық практикалар ұйымдастырылуда. Солардың бірі – «Өндірістік практика».
2014 жылдың 12 науырызында ҚМПИ студенттер жатақанасында психология кафедрасының оқытушылары : Кан Ж.И., Ташетов А. А., Тойымбетова Д.С., Калиниченко О.В., Жаркунгулова З.Д. және «Педагогика және психология» мамандығының қазақ және орыс бөлімдерінің 3 курс студенттері: Кульшанова Г., Нурманова А., Сейлханова А., Дутпаева С., Сейлханова А. және«Психология» мамандығының 2 курс студенттері Дощанова Л., Метельская Ж., Слипенко Р. қатысуларымен өткізілген тұлғааралық қарым–қатынасқа арналған психологиялық тренинг өткізілді.
6-наурыз күні психология және педагогика факультетінің 1,2-курс студенттері 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Әрбір әйел бақытты болу үшін жаралған»атты керемет кеш өткізді. Кеште дарынды студенттер өнерлерін көрсетті. Кештің басын «Қыздар-ай» әнімен дефектология мамандығының 1-курс студенті Ерназаров Асылжан бастап берді.
28 ақпанда 2014 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының № 2 жатаханасында Психология және педагогика факультетінің студенттері «Салауатты- өмір салты» атты іс-шара өткізді. Бірінші сұрақтар қою арқылы студенттердің өз ойларымен бөлістік.
Біз, Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтының, психология және факультет «Педагогика және психология» мамандығының қазақ бөлімінің 3 курс студенттері 27.02.14. күні Қостанай Мемлекеттік Университетіне «Қазақстанда психология ғылымының дамуы» атты пікір-талас турниріне қатынастық. Қостанай Мемлекеттік Университетіне «Үкімет» яғни, жақтаушы тобы қазақстанда психология ғылымы дамыды деді.
2014 жылдын 14ақпан айында «Педагогика және психология» және «Психология» мамандығының 1курс студенттері мен кураторлары Демисенова Ш.С. және Тойымбетова Д.С. басшылығымен ғашықтар күніне арналған іс-шара өткізілді. Псхология мамандығының 1 курс студенттері кафедра мұғалімдерін мерекелерімен құттықтап, бақыт, махаббат және мейрім тілеген валентикілерді берді. Сонымен қатар барлық қалаушыларды сиқырлы сандықшадан тілектер- болжамды валентинкаларды алуға шақырды.
2014 жылдың 08 ақпаны күні Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің физика-математикалық лицейінде «Қазақстанның индустриалды-инновациялық табысты дамуының кепілі – болашақ ұрпақтың зияткерлік әлуеті» атты оқушылардың III Аймақтық ғылыми-конференциясы өтті. Онда бірнеше пәндер бойынша 1-11 сынып оқушылары әр түрлі пәндерден өздерінің ғылыми жобаларын әділ-қазылар алдында қорғады. Осы пән секцияларында әділ-қазылар жұмысын ұйымдастырып және өткізуге Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылар құрамы белсене қатысты.
2014 жылдың 04 ақпаны күні «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасы мен ғылыми-зерттеу орталығы Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 20 орта мектебі және Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Мичурин орта мектебімен бірге үздіксіз білім беру мәселесі бойынша «12 жылдық білім беруге көшу жағдайындағы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу процесін психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында он-лайн семинар ұйымдастырып өткізді. Оған институттың профессор-оқытушылық құрамы мен студенттер қауымы қатысты.
Педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Өтегенова Бибігүл Мазановна Қостанай қаласының № 24 «А» бастауыш мектебінің директоры Каримова Сауле Елеусизовнамен бірге 2014 жылдың 5 ақпанында «Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырып өткізді. Конференцияға институттың мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ. магистрі
2014 жылдың 4 ақпанында психология және педагогикалық факультетінде студенттермен курстық жиналыс өтті. Бірінші сұрақ бойынша ҚМПИ ақпараттық насихаттау тобы Жусупбекова Г.Е. және Шегенова Ж.Н. Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Г.Е. Жусупбековамен кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауының негізгі мәселелері қарастырылды.