2013 жылдың 12 желтоқсанында «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасының «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 2 курс студенттерімен «Педагогикалық шеберлік» пәнінен кафедраның аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Кушмурзина Даметкен Хажмухановна «Педагогикалық шеберліктің басты шарты. Педагогикалық эрудиция мен құзіреттілік» тақырыбында дәріс сабағынан ашық сабақ өткізді.

Тәрбие сағаты 28 қараша 2013 жылы өткізілді. Бұл мерекелік іс-шара «Педагогика және психология» мамандығында оқитын 4 курс қазақ бөлімінің студенттері мен куратор Каирова Б.К. ұйымдастыруымен жүргізілді. Тәрбие сағатына Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының психология және педагогика факультетінің 1 және 3 курс студенттері, факультет деканы Айдналиева Н.А., деканның орынбасары Кузинева Е.Г., психология кафедрасының меңгерушісі Смаглий Т.И., факультет мұғалімдері Демисенова Ш.С., Тойымбетова Д.С., Калиниченко О.В., Жаркунгулова З.Д.т.б. қатысты.

2013 жылдың 5 сәуірінен 20 сәуірі аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, психология және педагогика факультетінің мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасында «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша болашақ мамандарды даярлауға бағытталған «Бастауыш мектептегі сабақтардың мультимедиялық жабдықталуы» тақырыбындағы студенттік жұмыстардың дистанциондық сайысы өтті.

Психология және педагогикалық факультетінде жастар шығармашылық фестивалі басталды. Фестиваль бірнеше кезеңдерден тұрады, әр қайсының өзінің ноинациялары бар. Фестивальдің бірінші кезеңі «Ән байқауы» 2012 жылдың 14 қыркүйегінде өтті. Оған факултеттің ниеттенген барлық курстарының студенттері қатысты.

Психология және педагогикалық факультетінде «мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасының» ұстаздары С.И. Круглов, О.В. Казакова және «психология кафедрасының» ұстазы Н.А. Гавришевалардың атсалысуымен «Студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Айтылған іс-шараға 1-3 курст студенттері тартылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті