2015 жылдың 21 қарашасында, «Психология» кафедрасының оқытушысы Б.Х.Қайырованың жетекшілігімен «Педагогика және психология», «Психология» мамандықтарының 2,3 курс студенттерімен Қостанай облысының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында «Достық пен мейірімділік» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Психологиялық-педагогикалық факультетінде 2015 жылдың 19 қарашасында, әлеуметтік қызмет көрсету сайысы және «Патриотизм» тақырыбында презентация өткізілді. Байқауға «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Дефектология» мамандықтарының 1-4 курс студенттері қатысты.
2015 жылдың 12 қарашасында психология және педагогика факультетінің «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 3 курс студенттері мен топ кураторы Д.Х. Кушмурзинаның ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасының 1 курс студенттері үшін («БОПӘ», МДТО» және «Дефектология» мамандықтары) «Ұлттық валюта – теңге күні және ҚР қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесіне» арналған «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – Теңге» тақырыбында танымдық дәріс сағаты өткізілді. Өткізілу мақсаты: ҚР ұлттық валютасы ретінде теңгенің енгізілу тарихы туралы білімдерін нығайту, түсініктерін кеңейту, азаматтық жауапкершіліктерін қалыптастыруға ықпал ету және елдің өткенін, бүгінгісі мен болашағын сыйлай білуге тәрбиелеу.
2015 жылдың 12 қарашасында ҚМПИ психологиялық-педагогикалық факультетінің психология кафедрасының аға оқытушылары Г.М. Молдахметова және З.Д. Ахметбекова СӨС апталығын ұйымдастырды және қткізілді. «Психология» және «Педагогика және психология» мамандықтары студенттерімен Қостанай облыстық психиатриялық стационар психологы М. Қарабаевамен кездесу өтті.
2015 жылдың 11 қарашасында «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1 курс студенттері Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған зияткерлік ойынға, және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Жайна Менің Қазақстаным!» іс-шараға белсенді қатысты. Командалар белсене қатысқаны үшін сертификат алды.
«Педагогика және бастауышты оқыту әдістемесі» және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандықтарының 3-курс студенттері арасында 2015 жылдың 11 қарашасында «Қоршаған ортамен таныстыру әдістемесі» пәні бойынша Эрудит -2015 зияткерлік ойыны аға оқытушы Ж.Х. Сұлтанбекованың жетекшілігімен өтті. Ойынның «Білім пирамидасы» және «Ең тапқыр» кезеңдері бойынша Абулгазиева Нұрсұлу, Искакова Дария ең білімділер болып табылды.
5В050300 - «Психология», 5В010300 - «Педагогика және психология» мамандықтарының 1, 2 және 3 курс студенттері үшін 2015 жылдың 9 қарашасында «Салауатты өмір салты» апталығы барысында «Нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
2015 жылдың 06 қарашасында «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасының оқу-әдістемелік жоспарына сәйкес Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығымен бірге Қостанай аудан әкімдігі білім бөлімінің Александров шағын жинақталған орта мектебінде «Шағын жинақталған мектепте бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын инновациялық оқыту әдістері арқылы дамыту» тақырыбында ұйымдастырылған облыстық дөңгелек үстел өткізді.
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру бағдарламасының негізінде психология және педагогика факультетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының 4 курс студенттерін болашақ бастауыш сынып мұғалімдері ретінде кәсіби және пәндік құзырлықтарын қалыптастырып даярлауда биылғы оқу жылынан бастап «Мұғалімнің кәсіби бағдары" курсы жүргізілуде. Курстың мақсаты: Болашақ мұғалімдердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу.