25 сәуірде 2016 жылы " мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру студенттерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті. Онда 2-ші, 3-ші және 4-ші курс студенттері, "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу", "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі", "Дефектология" (қазақ және орыс тілдерінің) студенттері қатысты. Бұл көрме 25-29 сәуірде 2016 жылы өтіп жатқан психология және педагогика кафедрасының аптасын ашты
Ы.Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына байланысты «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығының 3 курс студенттерімен топ кураторы Кушмурзина Даметкен Хажмухановна 2016 жылдың 21 сәуірінде тақырыптық кураторлық сағатын өткізді. Онда студенттер Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметіне тоқтала отырып, білім беру жүйесіне қосқан үлесін баяндап өтті.
2016 жылдың 15 сәуірінде ақпараттық-кітапхана орталығының оқу залында Қостанай облысының 80 жылдығына арналған «Қостанай облысы: өткені мен бүгіні» атты тақырып аясында интеллектуалды ойын өтті. Ойын 3 бөлімнен тұрды. Сұрақтар мына тақырыптарты қамтыды: Қостанай облысының тарихы (архитектуралық және тарихи ескерткіштер, мәдениет және өнер); өлкеміздің танымал тұлғалары; Қостанай облысының географиясы.
2016 жылғы 14 сәуірде қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына орай факультетімізде ұйымдастырылған дөңгелек үстелге еліміздің көрнекті ақыны, Халықаралық Жамбыл сыйлығының лауреаты, ҚМПИ профессоры Серікбаев Оспанов шақырылды.
2016 жылдың 14 сәуірінде «Психология және педагогика» факультеті «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Ж.Х. Султанбекова 1 курс студенттері үшін «Дінге артылса сенімің, имандылық болар серігің» тақырыбында іс-шара өткізді.
2016 жылдың 08 сәуірі күні «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттерімен әзірленген халық поэзиясының алыбы атанғанғасыр ақыны Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған кураторлық сағат ретінде тәрбиелік-танымдық іс-шара өткізілді. Онда Ж.Жабаевтың өмірбаяны, ақын-жазушылардың оған берген бағасы туралы айтылды
2016 жылдың 7-8 сәуірінде Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ-де «Дефектология» мамандығы бойынша VIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын «ПИОН» деген атпен, яғни «Ерекше Міндет Жүктелген Педагогикалық Инстанция» тобы таныстырды: Мастьянова Екатерина, Сероус Александра, Анискович Нина,Степанова Яна. «ПИОН» тобы «Жас зерттеушілер» номинациясындағы мақтау қағазымен марапатталды. Топтың барлық мүшелеріне олимпиадаға қатысқаны үшін сертификаты тапсырылды. ҚМПИ-ның ректорына алғас хат жарияланды, «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, топ жетекшісі Жилова Ю.П. студенттерді жақсы дайындағаны үшін дипломымен марапатталды.
2016 жылғы 08 сәуірде психология кафедрасының аға оқытушысы Г.М.Молдахметова «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс қазақ бөлімінің студенттеріне «Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
2016 жылдың 7 сәуірінде «Педагогика және психология» мамандығының 1,3 курс студенттері арасында «А. Байтұрсыновтың өмір жолы мен қызметі» тақырыбы бойынша кураторлық сағат өтті. Студенттер А. Байтұрсыновтың өмір жолы мен іс-әрекеті туралы фильмдер қарады, осыдан соң қараған фильм талқыланды.
2016 жылдың 7 сәуірі күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика кафедрасы «Ровесник педагогикалық отрядымен бірге интеллектуальды эстафета өткізді. Іс шараның мақсаты: болашақ педагогтың – студенттің кәсіби педагогикалық қызығушылығын дамыту және студенттерді қалыптастыруда «Мен-концепциясы» кәсіби орнығуының құралы ретінде.