Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау қарсаңында «Студенттердің патриоттық қоғамы» (http://patriots.kz) ресми сайтының салтанатты презентациясы болды. Сайт Мурзагалиев Р., Старжинская Ю., Жекеева А., Жуматаева И., Пушкарева А., Тулубаева Э. және тағы да басқалар мүшелері болып табылатын студенттердің зерттеу тобы жұмысының қорытындысы негізінде құрылды.
Психология және педагогика факультетінде 2016 жылының 13 желтоқсанында «Мектепке дейінгі жастағы балалардың тіл дамыту әдістемесі» пәні аясында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» мамандығының 3 курс студенттері мен магистр, аға оқытушы Хасенова Ж.О. «Күшік, мысық және тышқанның достығы» ертегісі саусақ театры арқылы ұйымдастырып өткізілді.
2016 жылдың 09 желтоқсанында ҚМПИ-нда жұмыс берушімен кері байланысты жүзеге асыру, болашақ мамандардың пәндік құзыреттіліктерін және қазіргі білім беру жағдайына жағымды кәсіби ынталарын қалыптастыру мақсатында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасында «ҚР-ның қазіргі білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент» тақырыбында семинар өткізілді. Модераторлар: «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры Шинбулатова Канзада Бектыбаевна және кафедраның аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Кушмурзина Даметкен Хажмухановна.
2016 жылдың 6 қараша - 28 желтоқсан аралығында Кәмелетке толмаған балалардың бейімдеу Орталығының балаларға арналған кеңсе тауарларын жинауды мәлімдеген жерде Дефектология Күні мерекесіне арналған акция ұйымдастырылды. Психология-педагогика факультетінің көптеген студенттері акцияны қолдады және белсенді түрде қатысты.
Қарашаның 28-нен желтоқсанның 3-і аралығында психология-педагогика факультетінің психология және дефектология кафедрасында СӨС аптасы өтті, апталықта "Психология", "Дефектология" және "ПжП" мамндығының 1,2 және 3 курс студенттері қатысты. СӨС апталығының аясында "Алгоколизм мен нашақорлық" тақырыбындағы тәрбиелік іс-шара өткізілді. Кездесуге Қостанай облыстық наркодиспансердің тәлімгер психологы Решетняк Анна шақыртылды.
2016 жылдың 02 желтоқсаны күні психология және педагогика факультетінің «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша 1 және 2 курс студенттерінің арасында «Тәуелсіздікке 25 жыл» тақырыбында бейнеролик пен презентациялар сайысы өткізілді. Сайысқа студенттер жан-жақты дайындалып, өздерінің жауапкершіліктерін таныта білді.
2016 жылдың 3 қарашасында 2016 жылғы түлектермен «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының оқытушылары және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» және «Педагогика және бастауышты оқыту әдістемесі» мамандықтарының 1 курс студенттерімен кездесу болды. Кездесуді ұйымдастырушы Богданова Т.В., «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының оқытушылары және түлектер педагогикалық қызметтегі өзекті мәселелерді талқылады.
2016 жылғы 02 қарашада Л.Н.Толстой атындағы облыстық кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен ұлы жазушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына арналған іс-шараға куратор Ж.Х.Султанбекованың жетекшілігімен «Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс студенттері қатысты. Сонымен қатар кешке ҚМПИ профессоры, Ыбырай Алтынсарин мұрасын зерттеу жөніндегі орталық қызметкері Қ.Т.Орманов және ҚМПИ құрметті профессоры, Қостанай қаласының құрметті азаматы, өлкетанушы, Қостанай облысының тарихы жайлы кітаптар мен монографиялардың авторы И.К.Терновой қатысты.
Қостанай облысының ЖОО арасындағы қарым – қатынасты орналату бағытында 1.11.2016 ж Қостанай юристік академиясының шақыруы бойынша ҚМПИ психология педагогика факультетінің педагогика кафедрасының аға оқытушысы Шалгимбекова А.Б. кездесу өтті. Алия Батырхановна инновациялық педагогика жөнінде өз тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар пікір алысып әрі қарай қарым – қатынасты жалғастыру керек екенін білдірді. Келесі кездесу ҚМПИ аймағында болуын ұсыныс айтты. Кездесу жемісті өтті.
2016 жылдың қазанның 29 күні педагогика пәнінен «Ұжым тәрбие құралы ретінде» тақырыбында семинардан педагогика және психология магистрі, аға оқытушы Богданова Т.В. ашық сабақ өткізді. Тақырыптың өзектілігі топты сыртқы және ішкі ұйымдастыруды ұжым деп айтуға болатын атап өтті. Ұжымда адамдардың өзара әрекет және өзара қарым-қатынасы, өзара қызметтегі мақсаттары, міндеттері және құндылықтары, шынайы мазмұны оның сапасын анықтайды. Сабақ барысында осы және басқа да ерекшеліктер қозғалды.