2017 жылы 30 қарашада «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасында «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 1-4 курс студенттеріне Тұңғыш Президент күніне арналған кураторлық сағаттар өткізіліп, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі туралы фильм көрсетілді. Тұңғыш Президент күні мерекесінің басты мақсаты – Тәуелсіздік жылдарында, қазіргі және болашақтағы елдің тұрақты дамуы үшін негіз қалаған Мемлекет Басшысының идеялары мен саясаты туралы қоғамды нығайту.
2017 жылдың 29-шы қаңтарында психология және педагогика факультетінде Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетімен біріге отырып «Ұлттық рухты ұлттық ұғымдар қалыптастырады» атты онлайн-конференция өткізілді. Ең алғашқы құттықтау сөзін сөйлеген психология және педагогика факультетінің деканы және осы конференцияның модераторы Айдналиева Н.А. болатын. Конференцияға қатысушылардың қатарында психология және педагогика факультетінің деканының орынбасары Алипбаева Г.А және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие», «Бастауышта оқытудың педагогикасы және әдістемесі», «Дефектология» мамандықтарының 1 және 3 курс студенттері болды.
Психология және дефектология кафедрасының аға оқытушылары Ю.Б.Григорова, О.В.Калиниченко, З.Д.Ахметбекова 2017 жылдың 28 қарашасы күні «Психология» мамандығының 4 курс студенттерімен бірге ҚМПИ Студенттер үйінде күйзелісті көтере білу бойынша тренинг өткізді. Шара Психология және дефектология кафедрасындағы СӨС апталығы аясында өткізілді. Студенттермен өткізілетін жұмыстың мұндай түрі дәстүрге айналды: жыл сайын жатақханада тұратын студенттер арасында күйзелісті көтере білу, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру және тұлғаның өсуіне ықпал ету тренингтері өткізіліп тұрады.
Ыбырай Алтынсарин аты орталықтың жасына сәйкес ҚМПИ-дің педагогика кафедрасында 22-25 қараша аралығында белсенді интелектуалды «» КВЕСТ ойыны өтті. КВЕСТ ұйымдастырудағы ең басты мақсат жеке тұлғаның интелектуалды – шығармашылық потенциалын, белсенді қызмет жүргізу әдебін, зерттеушілік және ұжыммен жұмыс істеу қабілетін дамыту болды. КВЕСТ-ке ҚМПИ-дың 1-4 студенттерінен құралған, құрамында 5 мүшесі бар 4 топ қатысты. Ойын барысында қатысушылар 5 нысаннан өтті: Ыбырай Алтынсарин облысында меморалдық мұражайы, Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, Ыбырай Алтынсарин атындағы жасөспірімдер мен балаларға арналған облыстық кітапхана, Ыбырай Алтынсарин меморалдық кешені және Ыбырай Алтынсарин атындағы көше.
«Рухани жанғыру» бағдарлама және психология - педагогика факультетінің жоспары бойынша 2017 жылы 24 қараша айында «Ұлттық бірегейлікті сақтау» тақырыбы бойынша дөгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің жұмысына арнайы шақырған қонағымыз Қазахстан тарихы кафедрасының тарих магистрі Абильмаликов Куаныш Кабдулаевич, психология - педагогика факультетінің деканның тәрбие жөніндегі орынбасары Алипбаева Гульжан Агибаевна және осы факультеттің оқытушылары мен студенттері қатысты. Бұл іс- әрекеттің модераторы педагогика кафедрасының аға оқытушысы Шалгимбекова Алия Батырхановна болды. Алғы сөзбен психология - педагогика факультетінің деканның тәрбие жөніндегі орынбасары дөңгелек үстелдің жұмысын бастады.
Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімімен ынтымақтастық туралы жасалған меморандум аясында 2017 жылдың 23 қарашасында Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гиназиясында «Шағын жинақталған мектепте кіші мектеп жасындағы оқушылардың жобалаушылық-зерттеушілік іс-әрекеттерін ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарға қатысуға «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттері (қазақ бөлімі) шақырылды. Семинар жоспарына сәйкес жұмыс қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында бастауыш сынып оқушыларыныңфункционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға бағытталған.
Қазақстандық ғылымның дамуына зор үлес қосқан, соның ішінде қазақтың танымал ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық және шығармашылық мұрасын зерттеп және дәріптеп жүрген филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Ы.Алтынсарин атындағы орталықтың маманы Серікбай Оспанұлы Ы.Алтынсарин атындағы Мемлекеттік ғылыми сыйлықтың иегері атанды. Серікбай Оспанұлы - белгілі қазақ ақыны, «Жер жүрегі», «Жарқын жастық», «Қоңыраугүл», «Айгүл»», «Алтын арқау», «Батыр туралы баллада» еңбектерінің және көптеген жинақтардың авторы.
2017 жылғы қараша айында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және педагогика кафедрасының оқытушылары п. ғ. к. Шумейко Т.С., Шалгимбекова А.Б., п. ғ. к. Мнайдарова С.С «Біліктілігін арттыру барысында мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту» бағдарламасы бойнша облыстық біліктілікті арттыру курстарын "Көркем еңбек" пәні бойынша сабақ негізінде салынған кәсіби-бағытталған жағдайларды және қалыптастыруға бағытталған педагогикалық үдерісі жағдайында тұлғалық-бағдарлы білім беру негізінде өткізіледі.
Бірінші курс студенттерін болашақ кәсіби қызметіне дайындау жұмысы "Ровесник" педагогикалық отрядының жыл сайынғы дәстүріне айналған. Отрядтың мақсаты болашақ мұғалімдердің жеке тұлғалық кәсіби – құзыретілігін, белсенділігін қалыптастыруға, сондай-ақ оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастыру жағдайларына ықпал ететін шығармашылық көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған. Бірінші курс студенттері берсенділікпен және қызығушылықпен жұмысқа кірісті.
2017 жылдың 14 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыпу аясында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Байжанова Сауле Аскарбековна «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттерімен «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінен «Отбасының тәрбиелік әлеуеті мен қызметі» тақырыбында дәріс сабағынан ашық сабақ өткізді.