2017 жылдың 1 қарашасында Психология және педагогика факультетінде «Туған жер-туған ел» атты патриоттық плакаттар сайысы өтті. Конкурстың басты мақсаты мен міндеттері: «Рухани жаңғыру» идеясын жүзеге асыру шеңберінде студеттердің бойындағы елдің рухани және жалпыұлттық құндылықтарына негізделген зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін қолдау және насихаттау. Сайысты «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3курс студенттері Балтабаева Гүлнұр мен Шаисламова Азиза жүргізді.
2017 жылдың 20 қазаны күні Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық мұражайында Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің туған күніне байланысты «Ұмытылмас қоңырау сыңғыры» атты ұйымдастырылып өткізілген танымдық кешке психология және педагогика факультетінің аға оқытушысы Кушмурзина Даметкен Хажмухановна «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 1 курс кураторы ретінде студенттерімен бірге қатысып қайтты.
Студенттер онда «Ыбырай сазы» күйін тыңдап, Ы.Алтынсариннің «Баланың айласы» әңгімесіне қойылған оқушылардың қойылымынтамашалап, «Ы.Алтынсарин – педагог-ағартушы» тақырыбындағы танымдық фильмі арқылы Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметімен тағы да жан-жақты танысуларына зор мүмкіндік алды. Соңынан мұражай ішін аралап, қойылған мұрағаттармен танысып, келушілерге арналған тілек кітабына естелік жазыпкетті.
Қазан айының 18 жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қабырғасында Ұлы қазақтың ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсаринның туған күніне арналған студенттерінің зерттеу жұмысына байқау өткізілді. Ыбырай Алтынсарин - нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.
2017 жылдың 2-18 қазан аралығында Психология және педагогика факультетінің декан орынбасары Г.А. Алыпбаева салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында онкүндікті ұйымдастырып өткізді. Бұл күндері «Біз СӨС ұстанамыз» тақырыбына кураторлық сағаттар, кездесулер және тренингтер өткізілді. Негізгі іс-шаралардың бірі студенттердің ММ «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша Қостанай облыстық орталығы» өкілдерімен профилактика бөлімінің бастығы Наукенова Рабига Маданқызымен, осы орталықтың психологы Кокандова Инна Геннадьевнамен кездесулері болды.
Психология және дефектология кафедрасының аға оқытушысы Б.К. Қайырова басқарған «Педагогика және психология» мамандығының студенттері үшін Қостанай облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығымен ынтымақтастығы жақсы дәстүрге айналды. Мәселен, 2017 жылдың 15 қазанында «Біз СӨС ұстанамыз» онкүндік аясында тағы да осы орталыққа қазақ бөлімінің «Педагогика және психология» мамандығының студенттері келді. Студенттер орталықтан келген балаларға қызықты қимылды ойындар, жаттығулар ұйымдастырды, олармен бірге ән айтып би биледі.
Шалгимбекова Алия Батырхановна, ҚМПИ педагогика кафедрасының аға оқытушысы 2017 жылдың қыркүйек айында бейнелеу өнер мұғалімдерінің «Менің шығармашылық зертханам» облыстық шебер – сынып сырттай байқауында әділ - қазылар құрамында жұмыс атқарды. Бұл байқау екі сатыдан тұрды. Оған 30 астам мұғалімдер қатысты. Бұл сайыстың мақсаты бейнелеу өнер аймағындағы озат педагогикалық тәжірибе сабақтарды және үйірме сабақтарын анықтау барысында ұйымдастыру. Бұның нәтижесін мұғалімдердің шығармашылық белсенділігін арттыру, облыс аймағында мұғалімдердің ортасында озат педагогикалық тәжірибелерді тарату және бейнелеу өнер мұғалімдерінің шебер – класс жиынтығын шығару болып табылады.
27 қыркүйек 2017 жылы облыстық «Қазақстан-Қостанай» телеарнасына «Ақ орамал» атты бағдарламаға ППФ психология және дефектология кафедрасының аға оқытушысы Молдахметова Г.М. және «Педагогика-психология» және «Дефектология» мамандығының 3-4 курс студенттері қатысты. Бағдарлама барысында Молдахметова Г.М. психолог-маман ретінде отбасы психологиясы мәселелері бойынша ой-пікірлерімен бөлісті. Студенттер 12 баланың анасы және облыстық мерейлі отбасы сайысының жүлдегері атанған аналардың тағылымы мол өмірімен танысып, көптеген пайдалы ақыл-кеңес алды.
2017 жылдың 25 қыркүйегінде педагогика және психология факультетінің «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ. магистрі Кушмурзина Д.Х. және факультеттің 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 1 курс студенттеріне Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылауға арналған кураторлық сағат өткізді. Онда, мақала бойынша «Бәсекелік қабілет», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы» деп берілген тарауларына баса мән беріліп, жан-жақты талқыланды.
21 қыркүйек 2017 жылдың 1-курс студенттерімен мамандығы "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу", "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" атты мақаласын талқылау Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру". Іс-шара барысында студенттер 4-курс, мамандығы "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу", "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" дайындап, баяндамалар, презентациялар, викториналар қатысты бағдарламалық мақаласын және сол міндеттерді орындауға тура келеді болашақта.
2017 жылдың 08 қыркүйек күні психология және педагогика факультетінің «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттері мен аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі Кушмурзина Даметкен Хажмухановна Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайында өткен «Мен оқыған Әліппе» атты іс-шараға қатысты. Онда бұрынғы «Әліппе» оқулығы мен қазіргі оқу үрдісіне енгізілген «Сауат ашу» оқулығының ерекшеліктері туралы ой-пікірлер айтылды.