2017 жылдың 3 сәуір күні № 211 компьютерлік – әдістемелік кабинетте педагогика кафедрасының мұғалімдерінің ғылыми еңбектерінің көрмесі ашылды.Көрменің мақсаты: өздігінен білім алу үдерісінде оқырман студенттерге көмек беру, педагогика ғылымына қызығушылықтарын ояту. Экспозиция құрамына соңғы жылдары жарияланған оқытушылардың шығармалар кірді. Қойылымдық стендта көптеген жұмыстар көрсетілді. Осы көрмеге институттың оқу-әдістемелік орталығының өкілдері, студенттер, оқытушылар қатысып, жаңа әдебиеттерге назар аударды.
«Студенттер арасында тәуекелшілмінездің алдын алу мәселесі бойынша мектептерде психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру іс-шаралары» атты онлайн семинар ҚМПИ-ның конференц-залында 31.03.2017 жылы Мемлекеттік, «Қостанай облысы білім беру басқармасының» бірлесе отырып Психология және дефектология ҚМПИ департаменті өткізді. Ол сондай-ақ он-лайн тағы 32 маман Қостанай облысына қосылған. Олардың арасында психологтар, әлеуметтік жұмыс бойынша маман, білім беру психологтар, әлеуметтік қызметкерлер. Сондай-ақ,ҚМПИ-ға «Психология», «Педагогика және психология» бағыты оқитын шақырылды.
ОФ «Қостанай меценаттар Клубы» Қостанай облыстық Мәдениет басқармасы «Қазына» және «Шабыт» премиясы бойынша конкурс жариялады. «Білім беру» номинациясы бойынша ҚМПИ педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика кафедрасының доценті, білім берудің құрметті қызметкері Өтегенова Бибикуль Мазанқызы жеңіп алды.
2017 жылдың наурыз айының 16-сы, сағат 16. 00-де студенттер үйінде Жатахана студенттері үшін «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік кеш өткізілді. Кешке Психология және педагогика факультетінің деканы Айдналиева Назгүл Аманжолқызы, педагогика кафедрасының меңгерушісі Өтегенова Бибігул Мазанқызы және кафедра оқытушылары қатысты. Кешті Психология және педагогика факультетінің деканы Айдналиева Назгүл Аманжолқызы құттықтау сөзден бастады. Көрермендерге ән-күймен бірге НАУРЫЗ КӨЖЕ, БАУЫРСАҚ, ЖЕНТ үлестірілді және ШАШУ шашылды.
2017 жылдың 6-13 наурыз аралығында Астана қаласында психология-педагогика факультетінің деканы Айдналиева Н.А. оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сараптама жасау және сынақтан өткізу нәтижелерін қарастыру жөніндегі пәндік комиссия мүшесі ретінде қатысты. Бұл жұмысқа «Оқулық» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталық жүргізген ғылыми-педагогикалық сараптамасының жұмыс нәтижесі қабылданды (сондай-ақ бұл жұмысқа жоғары санатты педагогтар, әдіскерлер мен ғалымдар тартылды).
2017 жылғы 1 март «Алғыс айту» күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының психология және дефектология кафедрасының аға оқытушысы Каирова Баян Кусаиновна және «Педагогика және психология» мамандығының студенттері Қостанай облыстық бейімделу орталығында болып, қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Студенттер рөлдік ойындар, тренингтер өткізіп, ән айтып, би билеп ондағы балалардың көңілін көтерді. Әсем әуен, көңілді ойындар балалардың шығармашылығын оятып, оларда өлеңдер оқып, би билеп, ән салып ңісағымды атмосфера жағыдайында өтті. Орталықтың басшылары мен тәрбиешілері іс-шараның өтуіне жағдай жасап, балалармен бірге белсенді қатысты.
Педагогика кафедрасының оқытушылары Иванова Елена Николаевна, Бримжанова Карлыгаш Сериковна, Разумова Лидия Павловна (Ресей Федерациясы Москва қ.) докторанттар мен аспиранттар арасында өткен халықаралық интелектуалдық сайысында екінші орынға ие болды. Студенттердің зерттеу тобының жетекшілері сайысқа 10.12.2016 ж. «Формирование казахстанского патриотизма в условиях этнотолерантного образовательного пространства учащихся общеобразовательной школы» жоба тақырыбын ұсынды.
3.02.2017 ж. психология-педагогика факультетінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» бойынша жиыны өтті. Жиында оқу-әлеуметтік тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы Жакаева С.А., Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының доценті, Dph Қозыбаева М.М. және психология-педагогика факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты Айдналиева Н.А. Елбасы Жолдауының төртінші және бесінші басымдықтарын жүзеге асыруда білім беру қызметкерлері үшін айрықша жауапкершіліктің жүктелетіндігін айтты.
Ресей білім беру академиясының «Білім берудің теориясы мен стратегиясының Институты» Федералдық мемлекеттік ғылыми бюджеттік мекемесі мен Қостанай мемелекеттік педагогикалық институты арасындағы келісім шартты іске асыру шеңбері барысында, 2 ақпанда Қостанай мемелекеттік педагогикалық институты базасында жетекші ғалым Е. В. Бережновамен кездесу болып өтті.
2017 жылдың 30 қаңтарында психология және дефектология кафедрасында "Арнайы білім берудегі қазіргі білім беру технологиялары" атты әдістемелік семинар өткізілді. Бұл әдістемелік семинарды өткізу мақсаты арнайы білім беруде инновациялық технологияларды енгізу барысында психологиялық-педагогикалық аспектілерді талқылау.