2017 жылдың 14 желтоқсанында «БОПӘ» және «МДОТ» мамандықтарының 1-4 курс студенттері мен топ кураторлары (қазақ және орыс бөлімдері) қалалық Ы.Алтынсарин атындағы кітапхананың қызметкерлері ҚР Тәуелсіздік күніне ұйымдастырып өткізген ісшарасына қатысты. Ісшара мемлекетті, Қазақстан халқының бірлігін нығайту негізіндегі атқарылып жатқан іс-әрекеттерді және қоғамдық құндылық қағидаларын түсіндіру мақсатында өтті. Ісшараны кітапханашы М.Ф. Тихонова «Я славлю тебя, мое Отечество, мой Казахстан» тақырыбындағы презентация түрінде жүргізді.
Психология және педагогика факультетінің педагогика кафедрасында студенттік ғылыми топтардың жұмысы жүйелі түрде ұйымдастырылады. «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ұлттық идеясының құндылық бағдарлары негізінде жастардың патриоттық рухын қалыптастыру, жетекшілері Иванова Е.Н., Мнайдарова С.С., Бекенова А.К., Бримжанова К.С. Жобаның мақсаты: заманауи білім беру іс-шараларын кешенді жүзеге асыру арқылы, сондай-ақ көршілес елдермен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық арқылы жастардың қазақстандық патриотизмін қалыптастыру; этнотоларлы білім беру кеңістігі жағдайында патриотизмді қалыптастыру бойынша оқу-тәрбие жұмысын теориялық негіздеу және эксперименталды тексеру.
2017 жылдың 11 желтоқсанында психология және дефектология кафедрасының аға оқытушылары НұроваА.К., Калиниченко О.В. Қостанай ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің «Заречный мектеп-лицей» ММ 10-11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында мұғалім дермектеп оқушыларына 23 мамандықбойынша ҚМПИ-дің 6 факультетінде күндізгі және сырттай жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Психология-педагогика факультетінің мамандықтарына ерекше назар аударылып, толыққанды ақпарат берілді.
2017 жылдың 5-11 желтоқсан аралығында психология және педагогика факультетінде профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер арасында тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету және жалпы жаңашылдық пен сапаны, жауапкершілік мәдениетін ұйымдастырудың тиімді жүйесін дамыту мақсатында барлық топтарда «ҚМПИ академиялық саясаты» жобасын талқылауға арналған кураторлық сағаттар ұйымдастырылып өткізілді. Студенттік топтарда, психология және педагогика факультетінің кафедраларында мынадай терминдер мен ұғымдар талқыланды:академиялық транскрипт,студенттің жеке оқу жоспары, оқу үлгерімінің орташа балы (GPA), оқу сабақтарының түрлері, білімді бақылау және бағалау және т.б.
2017 жылдың 9 желтоқсаны күні «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ. магистрі Кушмурзина Даметкен Хажмухановна «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша 1 курс студенттерінің кураторы ретінде «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттерімен (Әбілғазы Гүлсім, Жандосова Арайлым және Үкібай Ақтоты) бірге «Ұлы ағаратушы, ұстаз – Ыбырай Алтынсарин» атты кураторлық сағат ұйымдастырып өткізді.
Жоғары білім беру жүйесіндегі студенттер білім беру үрдісінде оқу-педагогикалық тәжірибеден өтеді. Әрине, табысты білім алудың нәтижесінде, соның ішінде мектептегі тәжірибе, студенттерде кәсіби және жалпы құзыреттіліктер жиынтығы қалыптасады. Белгілі бір тәжірибесі жоқ жақсы мұғалім болу мүмкін емес екенін бәрі біледі. Студенттердің таңдаған мамандығы бойынша білім алулары және педагогикалық практика барысында алған тәжірибесі болашаққа бағдарланатын нық қадам болып табылады. Қостанай қаласының мектептерінде тәжірибе 1 семестрде өтті. Негізгі мақсат - студенттер арасында бастапқы педагогикалық дағдыларды қалыптастыру.
2017 жылдың 8 желтоқсан күні психология және педагогика факультетінде оқитын «Педагогика және психология» мамандығының 4 курс студенттері топ эдвайзері Каирова Б.К. бірге «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде студент жастардың «Құқықтық мәдениеті» атты тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық тәрбие сағатына Чернявская О.М. қатысты. Бағдарламада студенттердің құқықтық сауаттығын көтеруге арналған викториналар, сұрақ жауаптар, тақырыпқа сәйкес мақал-мәтелдер талданып, жемқорлыққа қарсы мәдениетті көтеру мақсатында көріністер өткізілді.
2017 жылдың 4 желтоқсанынан 8 желтоқсанына дейін педагогика ғылымдарының кандидаты, психология және дефектология кафедрасының меңгерушісі Л.Н. Лиходедова Рудный индустриалдық институтының оқытушылары мен студенттеріне «Инклюзивті білім беру» тақырыбы бойынша (40 сағат көлемінде) «Педагогикалық мамандықтар бойынша отандық және шетелдік мамандардың менеджмент және кадрларды даярлау саласында үздік білім стандарттары негізінде оқыту» атты республикалық жоба аясында тренинг өткізді, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша, Назарбаев Университетінің Жоғары мектебі білім беру саласындағы бәсекеге қабілетті мамандарды да-ярлау сапасын жоғарылату және педагогикалық мамандықтар бойынша оқытушылар біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған.
2017 жылдың 5 желтоқсанында «Бастауыш мектепте критериалды бағалау әдістемесі пәнін оқытудың маңыздылығы» тақырыбында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақ Мемлекеттік педагогикалық университеті,Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті қатысумен онлайн режимінде республикалық семинар өтті. Онлайн семинарға Оқу-әдістемелік басқарманың бастығы Э.К.Наурызбаева, психология-педагогика факультетінің деканы Н.А.Айдналиева, оқытушылар, студенттер қатысты. Н.А.Айдналиева «Бастауыш мектепте критериалды бағалаудың маңыздылығы» - атты баяндамасында «Орта білім берудің құндылықтары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарына негізделген. .
2017 жылдың 5 желтоқсанында КМПИ педагогика кафедрасы Қостанай қаласындағы №1 мектеп-лицейімен бірлесе «Педагогикалық жоғары оқу орындарымен мектеп арасындағы әлеуметтік серіктестік шеңберіндегі өзара ынтымақтастық» атты халықаралық онлайн-семинар өткізді. Семинардың мақсаты:түрлі ұйымдардың озық тәжірибе алмасу мақсатында кешенді әрекеттесу бағдарламасында білім беру тәсілдерін интеграциялау,сабақ беруде, оқытуда, бағалауда және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуде инновациялық процестерді ұғыну.