Бүгінгі әлемде инновациялық ғылыми зерттеулердің маңыздылығын асыра бағалау қиын. Қазіргі ғылыми зерттеулер мен технологиялар қоғамның прогрессивті дамуының басты факторы болып табылады. Инновациялық дамуда білім маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда жаңартылған білім беру міндеттерін ескере отырып, білім берудің жаңа сапасына және жас ұрпақтың тәрбиесіне қол жеткізуге бағытталған өзекті тәсілдер, идеялар мен тәжірибелер талап етіледі. Қазақстандық білім беру мазмұнын жаңартуға жетекші рөл педагогика ғылымымен, соның ішінде жас ғалымдардың зерттеулері ерекше мәнге ие.
Педагогика кафедрасының апталығы бойынша 2018 жылдың 11 сәуірінде Білім берудегі менеджмент пәнінен «ҚТжәне Ә», «ҚТОМ» мамандықтары бойынша 2 - курс студенттерімен педагогикалық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Хамзина Күлшат Бақытжанқызы «Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінде қақтығыстарды басқару» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқытушы дәріс барысында мектептің тұтас педагогикалық үдерісіндегі қақтығыстарды басқару түсінігін тереңдету және ұғындыру мақсатында жұмыс істеді. Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушіліктердің түрлеріне және оны шешу жолдарына тоқталды.
2018 жылдың 10 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері «Виват, педагогика!» интеллектуалды эстафетасына қатысты. Студенттік интеллектуалды эстафета жыл сайын өткізеді. Іс-шараның мақсаты - студенттердің педагогикаға қызығушылығын арттыру, білім беру үдерісіне ақпараттық технологияларды енгізу үдерісін ынталандыру, студенттерге ақпараттық технологияларды қолдану тәжірибесін анықтау, студенттерді ақпаратты электронды түрде жүйелеуге және өңдеуге қабілеттілігін дамыту.
ДиНО кафедрасы 2.04.2018-ден 6.04.2018-ге дейін әдістемелік апта өткізді. Кафедра аптасында кафедра студенттерімен оқытушылар ыкелесііс-шараларға қатысты: Кафедра апталығының ашылуы шығармашылық студенттік жұмыстардың дәстүрлікөрмесімен басталды. Көрмеде мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу және бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандықтарының студенттерінің шығармашылық жұмыстары ұсынылды. Шығармашылық және қолөнер мамандықтарының студенттері шығармашылық жұмыстарын өз қолдарымен жасады.
2018 жылдың 06 сәуірінде Психология және дефектология кафедрасы апталығы аясында «Педагогика және психология», «Психология», «Дефектология» мамандығының студенттері арасында Психология-педагогика факультеті деканының орынбасары Г.А.Алипбаева мен аға оқытушы З.Д. Ахметбекованың жетекшілік етуімен «Менің мамандығым – менің мақтанышым!» тақырыбына әлеуметтік роликтер байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты және міндеті жастардың шығармашылық ұмтылыстарына қолдау көрсету және қабілеттерін дамыту, өзінің кәсіби біліктілік деңгейін білуге ынталандыру.
Психология және дефектология кафедрасының аға оқытушылары Каирова Б.К., Усембаева А.Х. 6 сәуір 2018 жылы профориентациялық іс-шараларымен, яғни Қостанай педагогикалық колледжде «Бастауыш оқыту әдістемесі», «Мектепке дейінгі тәрбие», «Шеттілдер тілдер» мамандығында оқитын студенттерді жоғарғы білім алуға шақыру мақсатында кездесу өткізді. Кездесу кезінде ҚМПУ мамандықтар бойынша: «Психология»; «Педагогика және психология»; «Дефектология»; «Бастауыш оқыту әдістемесі»; «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» жоғарғы білім алуға шақырылды.
2018 жылдың 3 сәуірінда ҚМПУ Қостанай облысы психологтарының қауымдастығы, Қостанай қаласының білім беру бөлімі және облыстық психиатрия ауруханасымен бірлескен «Жасөспірімдердің аутоагрессивті мінез-құлқының алдын алу» - атты іс-шарасы өтті. Аталған іс-шарада облыстық психиатрия ауруханасының психологиялық қызмет бөлімінің меңгерушісі Ислямова Г.А., «Даму» психология орталығының жетекшісі Топорова Е. В., Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру бөлімінің психологтары - Марченко И. С., Пряхин Е. А., психология және дефектология кафедрасының оқытушылары - Назмутдинов Р. А., Демисенова Ш.С.
Әлеуметтендіру блогы - «Қарлығаш - балаларды бейімдеу және әлеуметтендіру мектебі» студенттертдің зерттеу жобасының негізгі жұмысының бірі.Жасөспірім адамның өміріндегі кезең болып табылады, адамдар арасындағы қарым-қатынас бірінші кезекте келеді. Бұл - балалар өздерінің «өз өмірін» пайдалы хоббиі мен іс-әрекеттерімен толықтай алатын кезең. Бұл әр балаға «Қарлығаш» мектебінің ашылу мүмкіндігі. 2018 жылдың 30 наурызында Қостанай облыстық балалар үйінде «Қарлығаш - балаларды бейімдеу және әлеуметтендіру мектебі» атты студенттік ғылыми жоба «Арманға жүгініңіз» ұранымен өткізілді.
Педагогика кафедрасында «Карлығаш - балаларды бейімдеу және әлеуметтендіру мектебі» студенттік ғылыми-зерттеу жобасы жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балаларға көмек көрсету үшін интерактивті алаң ретінде жүзеге асырылады. Жоба жетекшісі педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бекенова Асия Қықпайқызы.Н.А. Назарбаев өзінің «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Ертеңгі күннің ерекшелігі - бұл ұлттың жетістіктерінің факторы болып табылатын минералды ресурстардың емес, адамның бәсекеге қабілеттілігі».
«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушылары Шевченко Г.В. және Кушмурзина Д.Х. 2017-2018 оқу жылына рухани жаңғыру бағдарламасы аясында болашақ мамандарды көптілділік мемлекеттік саясатына сай даярлау мақсатында «Қазіргі білім беру кеңістігіндегі көптілділік жағдайда пәндердің кіріктірілуі» тақырыбында өздерінің ғылыми-әдістемелік жұмыстарын жоспарлап, жыл бойы түрлі іс-шаралар өткізуде.