2019 жылдың 1 наурызында Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-нің Психология және педагогика факультетінің педагогика кафедрасы дәстүрлі түрде Алғыс айту күнін ұйымдастырды. Іс-шараның жүргізушілері студенттерді, оқытушыларды, қызметкерлерді, қонақтарды ақпаратпен таныстырып мерекелік іс-шараны салтанатты түрде ашты. 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің №173 Жарлығымен 1 Наурыз 2016 жылдан бастап Қазақстанда Алғыс айту күні болып белгіленді. Бұл күн Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы болды.
Студенттер жатақханада қалай өмір сүретіні туралы түрлі әңгімелер айтылады. Әрине, әр адамның ойында осы сөз есіне түскен кезде өмірінің ең есте қаларлық шағы болып саналатын студенттік кезеңмен сан алуан – қуанышпен, қимас достық, сауық-сайран, тәуелсіз өмірге басқан алғашқы қадаммен байланысты ассоциациялар пайда болады. 2019 жылы 27 ақпанда ҚМПУ жатақханасында психология-педагогикалық факультетінің тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Г. А. Алипбаева және психология және дефектология кафедрасының аға оқытушысы Б. К. Каированың ұйымдастыруымен студенттердің өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту қажеттілігін, әлеуметтік маңызды қасиеттерді және тұлғаның коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру аясында «Студенттер үйі - өз үйім» атты іс-шара өткізілді.
Психология және дефектология кафедрасының аға оқытушысы Каирова Б.К., оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі Сатыбалдина Р.А. 26 ақпан 2019 жылы профориентациялық іс-шараларымен, яғни Қостанай педагогикалық колледжде «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығында оқитын студенттерді жоғарғы білім алуға шақыру мақсатында кездесу өткізді. Кездесу кезінде Ө.Сұлтангазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіндегі мамандықтар бойынша: «Психология»; «Педагогика және психология»; «Дефектология»; «Бастауыш оқыту әдістемесі»; «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» жоғарғы білім алуға шақырылды.
2019 жылдың ақпан айының 25 жұздызы күні Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушысы Каирова Б.К., Сатыбалдина Р.А. Қостанай қаласындағы № 9 орта мектептің мектеп бітіруші түлектермен кездесті. Кездесудегі басты мақсат түлектерді жоғарғы оқу орнына шақыру және кәсіби бағыт-бағдар беру. Кездесу кезінде түлектер аталмыш оқу орнындағы мамандықтар туралы толық және нақты мағлұматтар алды. Түлектер университеттегі студенттердің өмірінен, оқу-тәрбие және әр түрлі бағыттағы әлеуметтік-тәрбиелік жұмыстары, қосымша өз білімдерін толықтыру (шетел тілін үйрену, волонтерлік қозғалыс т.б.) мәселелері туралы жасалған презентациялармен танысты.
Психология және дефектология кафедрасының аға оқытушылары О.В.Калиниченко, З.Д.Ахметбекова 2019 ж. 15 ақпанында орыс бөлімінің «Психология» мамандығының 1 курс студенттерімен және қазақ бөлімінің «Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенттерімен Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ Студенттер үйінде сенімді мінез-құлық бойынша тренинг өткізді. Қарым-қатынас дағдыларын және сенімді мінез-құлықты қалыптастыру мәселесі қазіргі кезде халықтың көпшілігі үшін, әсіресе студенттер үшін өзекті болып отыр.
8 ақпан күні Ө.Сұлтанғазин ҚМПУ-де «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламаларына талап етілетін мамандарын даярлаудың шарты: тәжірибе және перспективалар» атты брифинг өткізді. ҚМПУ-деоқу-әдістемелік басқармасы мен «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы бастамасы болды. Брифингке «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушылары, кафедра түлектері, студенттер, іс-тәжірибеден өтуші тәрбиешілер мен Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің әдіскерлері және т. б. қатысты.
2019 жылдың 6 ақпанында психология-педагогикалық факультетінің "Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру" кафедрасында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттерінің оқыту мен тәрбие тәжірибесі бойынша қорытынды конференция өтті. Студенттер іс-тәжірибеден Қостанай қаласы әкімдігінің № 61 бөбекжай балабақшасында өтті. Конференцияға кафедра оқытушылары және 2 курс студенттері қатысты. Оқыту мен тәрбие практикасының мақсаты: педагогикалық іс-әрекеттің практикалық дағдыларын меңгеру.
2019 жылдың 1 ақпанында Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің 80 жылдығына арналған Алтынсарин оқулары «Білім беру практикасы сапасын жоғарылатудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция – педагогикалық жоғары оқу орны мен білім беру ұйымдарының ынтымақтастығы мен өзара іс-қимыл бағдарламасы бойынша педагогикалық жоғары оқу орнының жыл сайынғы ғылыми-әдістемелік іс-шарасы.
Университетімізде жастар жылы қарсаңында блогиада өткізілді. Іс-шараны педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ермаганбетова Ақбота Жаңалыққызының жетекшілігімен ««NEWdem» студенттердің әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру» студенттік жобасы ұйымдастырды. Блогиада барысында 1 ай ішінде жастар жылы, отбасы құндылықтары, педагог мәртебесі, латын әліпбиіне көшу, достық құндылығы, инновация және де басқа тақырыптарда пост жазылды.
«Біз этносаралық қақтығыстарды, терроризм мен экстремизмді тудыруға қарсымыз!» атты кураторлық сағат
2019 жылдың 24 қаңтарында аға оқытушы Данильченко Г.А. «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтарының 2 курс студенттерімен (орыс бөлімі) «Біз этносаралық қақтығыстарды, терроризм мен экстремизмді тудыруға қарсымыз!» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Мақсаты: Студенттердің бойында толеранттылық сезіміндерін ояту, қоғамдағы болып жатқан әр түрлі шынайы жағдайларға философиялық тұрғыда және сыни көзқараста қарай білуге тәрбиелеу, қазақстандық патриоттық сезімдерін нығайту.