2020 жылдың 28 наурызы мен 10 сәуірі аралығында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының студенттері арасында «Үздік идея» стартап-жобалар сайысы өткізілді. Байқауға барлық курс студенттері белсенді қатысты,қазылар алқасы мүшелеріне қарау үшін 9 жоба ұсынылды. Жоба тақырыптары студенттер әр түрлі таңдау жасап, олардың дайындығына жауапкершілікпен қарады, сондықтан оқытушыларға бір жеңімпазды таңдау оңай емес еді.
2020 жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейін "Дефектология" білім беру бағдарламасының 3 және 4 курс студенттері Қостанай, Рудный, Жітіқара және Лисаков мектептерінде өндірістік тәжірибеден өтті. Іс-тәжірибе барысында біздің университет студенттері белсенділік, ұйымшылдық, тәртіп, бастамашылық, сонымен қатар балалармен жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетті. Студенттер өз бетімен сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізді.
2020 жылдың 13 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында, Министрліктер үйінде ТМД елдері арасындағы үздік жас ғалымдарды марапаттау рәсімі өтті. Байқауға қатысушы Сатыбалдина Раушан Әлімжановнаға, педагогика ғылымдарының магистрі, психология және дефектология кафедрасының оқытушысы Қазақстанның танымал тұлғаларының қолынан «Жас ғалым-2020» медалі, І дәрежелі диплом және Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековтың жеке қолтаңбасы бар «Үздік жас ғалым – 2020» жинағы табыс етілді.
2020 жылдың 6 наурызында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ психология және дефектология кафедрасында «6В01901Арнайы педагогика білім беру бағдарламасын бірлесіп әзірлеу» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Әдістемелік семинарды өткізудің мақсаты: тәжірибе алмасу, білім сапасын арттыру, арнайы және инклюзивті білім беру саласында талап етілетін бәсекеге қабілетті түлекті дайындау үшін «6В01901 Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық процестің барлық мүдделі қатысушыларының бірлескен қызметін жандандыру.
2020 жылдың 28 ақпаны күні Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, Педагогика және психология факультеті, Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 2-3 курс студенттері арасында педагогика ғылымдарының магистрі Султанбекова Жадыра Хамитбековнаның ұйымдастыруымен «XI пәндік Республикалық олимпиадасының университетішілік іріктеу кезеңі» атты сайыс өткізілді. Сайысқа 5 команда қатысты. Сайыс мынандай кезеңдерге бөлінді: Шығармашылық байқау «Заманауи тәрбиеші мәртебесі», Командалардың өзін таныстыруы, «Тәрбиешінің кәсіби шеберлігінің көкжиегі- 4К моделі» шығармашылық жоба сайысы.«Ертегілер әлеміне саяхат» ертегілерді сахналау, Теориялық байқау «Жүзден жүйрік» тест тапсырмалары.
Тәрбие сағатының мақсаты: әл-Фараби өмірі, ғылыми еңбек жолы туралы түсінік беру, ғылыми-рухани мұраларына тоқтала отырып, жастардың туған топырағымызда өмір сүрген зиялы тұлғалардың өнегесін қадір тұтуға, еліне адал еңбек етіп, рухани бай қазынамызды ұрпақтан-ұрпаққа сабақтастыру. Тәрбие сағаты бес бөлімнен тұрды: Тақырып бойынша әл-Фарабидің ұлағатты сөздердің мәнін ашу, олардың қазіргі жастардың тәрбиесіндегі рөлі қарастырылыды. «әл-Фарабидің философиялық ой пікірлері» бойынша пікір аламасу.
Кәсіби бағдар – бұл ересек өмірге кіретін жасөспірімдерге, өзінің мүдделерін, қабілетін және қоғамның қажеттіліктерін ескере отырып, мамандықты табысты таңдауға көмектесетін психологиялық-диагностикалық және білім беру іс-шараларының жүйесі. 2020 жылдың 26 ақпанында психологиялық-педагогикалық факультетінің оқытушылары Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының "Қостанай педагогикалық колледжі" КМҚК кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Колледжде 2020 жылғы болашақ түлектер жиналысы кең аудиторияда интерактивті тақтамен ұйымдастырылды. Оқытушылар университет туралы, білім беру бағдарламалары, ҚМПУ-де оқытудың артықшылықтары, сондай-ақ ҚР "педагог мәртебесі туралы"жаңа Заңының негізгі ережелері туралы ақпарат берді. Колледж студенттерінің назарына университет туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын ақпараттық буклеттер ұсынылды және біздің университет қабырғасында білім алу-жарқын болашаққа жол екенін атап өтті.
25 февраля 2020 года в Областном музее Ыбырая Алтынсарина состоялся круглый стол по обсуждению Закона РК «О статусе педагога». На круглом столе обсуждались вопросы о том, что ожидать педагогической общественности от реализации данного Закона. На встречу с ветераном педагогического труда, обладателем медали Ы. Алтынсарина Сабирой Бермагамбетовной Каировой, директором средней школы №20 им. М. Хакимжановой, Шынболатовой Ханзадой, профессором кафедры педагогики, кандидатом педагогических наук Утегеновой Бибигуль Мазановной, и.о. зав кафедрой педагогики Калиевым Дастаном Дуйсеновичем собрались работники музея, студенты КГПУ им. У. Султангазина, учителя ШОД Дарын, специалисты областного краеведческого музея.
2020 жылдың 31 қаңтарында Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында «Білім беру сапасын жетілдірудегі педагогикалық жоғары оқу орны мен мектептің интеграциясының мәселелері мен жаңа бағдарлары» атты дәстүрлі Алтынсарин оқулары Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шараны өткізудің бастамашысы және ұйымдастырушысы – ҚМПУ психология және педагогика факультетінің педагогика кафедрасы, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы, Қостанай қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалы.
2020 жылдың 22 қаңтарында психология және педагогика факультеті, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының оқытушысы А.А.Агеева «Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Тобыл қаласы мектеп-гиназиясы» мемлекеттік мекемесінде кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді.Мектеп-гимназияда 9 және 11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін акт залында жиналыс ұйымдастырылды.Жиналған ата-аналар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Оқытушы Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ туралы жан-жақты ақпарат беріп, білім беру бағдарламалары, университетте оқудың артықшылықтары туралы, сонымен қатар, ҚР жаңа «Педагог мәртебесі туралы» Заңының негізгі ережелерімен таныстырып өтті.