Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының апталығы аясында " Инклюзивті білім беру- білім барлығына!."Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу", "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандықтарының 2-3 курс студенттері арасында. Келесі тақырыптар бойынша бейнероликтер көрсетілді: "Сен-ерекше!", "Армандаңыз, қарамастан!", "Біз бірге болғанда-біз жеңілмейді!"Инклюзивті білім беру-бізбәрімізтеңміз". Байқау бейнероликтері инклюзивті білім берудің мәні, заманауи қоғам үшін инклюзивті білім берудің маңыздылығы ашылды.
29 наурыз 2019 жыл психология және дефектология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Лиходедова Л. Н. 5В010500–Дефектология мамандығының 3 курс студенттері үшін «Ринолалиясы бар балалардың сөйлеу бұзылыстарын түзету бойынша логопедиялық жұмыс» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа психология және педагогика факультетінің деканы, ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор Н.А.Айдналиева, психология және дефектология кафедрасының оқытушылары: аға оқытушы, магистр, Г.А.Алипбаева, аға оқытушы, магистр, О.В.Казакова, оқытушы, магистр, Боровик И.С., оқытушы, магистр, Р.А.Сатыбалдина, сонымен қатар «Қостанай қ. №4 емханасы» ММ практикалық маман-логопед Ю.А.Абрамова қатысты.
Өндірістік практика – оқу үрдісінің студенттердің кейінгі кәсіптік-педагогикалық қызметтеріне қажетті тәжірибелер мен дағдыларды алуға бағытталған бөлігі. Сондықтан өндірістік практика студенттердің жоғары оқу орнында алған теориялық білімдерін бекітуге, тәжірибелік дағдылар мен негізгі құзыреттіліктерді меңгеруге, сондай-ақ мектептерде озық педагогикалық тәжірибені меңгеруге негізделген «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады.
19 наурыз 2019 жылы педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Иванова Е.Н. педагогика және психология мамандығының 3 курс студенттерімен бірге С. Алитанова және А. Лукашонок Қостанай қаласындағы «Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығы» ММ Наурыз мерекесіне қатысты. Мерекеге сыйлық ретінде балаларға 1 наурыз күні У. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-да өткен қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен ақшасынан кәмпиттер мен жемістер сатып алынды.
Мектеп пен ЖОО-ның байланысын дамытудың бір жолы студенттердің педагогикалық практикасы болып табылады. Педагогика кафедрасы бекіткен өндірістік тәжірибесіне арналған бағдарламада сынақтық ашық тәрбиелік іс-шара өткізу тапсырмасы берілген болатын. Педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ермаганбетова А.Ж. қаламыздағы физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ-дағы тәжірибеден өтіп жатқан болашақ педагогтардың сынақтық кураторлық сағатына қатысты.
"Мейірімді жүрек" психология–педагогикалық факультеті волонтерлік қызметін жалғастыруда, мәселен 2019 жылы 18 наурыз айында декан орынбасары Г. А. Алипбаева, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы Ш. Е. Жандауова және 5В010200-"Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі", 5В010500-"Дефектология" мамандықтарының 1, 2 курс студенттері Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының қосымша білім беруді дамытудың аймақтық орталығының балаларына "Наурыз-мейрамына" арналған театрлық іс-шара өткізді.
2019 жылдың 15 наурызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің психология және дефектология кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Бегежанова Р.К. жетекшілігімен 5В010500-Дефектология мамандығының 1 курс студенттерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Салт-дәстүрім – таусылмайтын байлығым» атты ашық кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағат мақсаты – халқымыздың рухани байлығын игеру, студенттер қауымын ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу.
2019 жылы 13 наурызда психология-педагогикалық факультетінде Қостанай қаласы мен Қостанай облысы мектептерінің бітіруші сынып оқушыларына арналған Ашық есік күні өтті. Оқушылар алдында психология-педагогика факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Саламатова А. Б., мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының меңгеруші п.ғ.к. Ли Е.Д. сөз сөйледі. Мектеп түлектері ППФ аға оқытушылары А. Х. Үсембаева, Б.К. Каирова, О.В. Калиниченко және "Психология" мамандығының 1 курс студенттерінің жетекшілігімен тренингтерге белсенді қатысты.
Университетімізде жас мамандар мектебін қалыптастыру мақсатында менторлық жоба жұмыс жасап жатыр. Жоба аясында педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ермаганбетова Ақбота Жаңалыққызы Жаратылыстану-математика факультетінің «Химия» және «География» мамандықтарыны екінші курс студенттеріне практикалық ашық сабақ өткізді. Конкурсқа қатысушының тәлімгері педагогика кафедрасының аға оқытушысы Шалгимбекова Ә.Б.
«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Султанбекова Ж.Х. 28 ақпан және 1 наурыз аралығында 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығында оқитын студенттермен пәндік олимпиадасын ұйымдастырып өткізді. Пәндік олимпиаданың негізгі мақсаты: Студенттердің танымдық қабілеттерін арттыру; Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына қызығушылықтарын ояту; Республикалық пәндік олимпиадаға қабілеттері жоғары студенттерді іріктеу.