2018 жылдың 13 қазанында «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс студенттері, куратор Р. А. Сатыбалдинаның жетекшілігімен Ы. Алтынсарин Қостанай облыстық мемориалды мұражайына барды. Мақсаты: Қазақстандағы білім беруді дамытуға зор үлес қосқан біздің өңіріміздің халықтарының тарихымен танысу. Экскурсия барысында бірінші курс студенттерінің Ы. Алтынсарин қазақ педагогы мен ағартушысының өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелері үлкен қызығушылық тудырды.
2018 жылдың 12 қазанында психология және педагогика факультетінің барлық мамандықтарының 1 курс студенттеріне «Рухани жаңғыру» бағдарламасын түсіндіруге арналған «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» тақырыбында іс-шара өткізілді. Аталған іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі жобаларымен таныстыру, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен тәрбиелеу және ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында ұйымдастырылып өткізілді. «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс студенттері Егизекова Диана, Дьякова Наталья, Атабаев Бахит, Нурбаева Нургуль «Рухани Жаңғыру»: «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Қостанай облысының киелі жерлері географиясы», «100 жаңа есім» бағдарламасы туралы ақпараттарды баяндап, белсенділік танытты.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің психология және дефектология кафедрасының оқытушылары Демисенова Ш.С., Бисембаева А.К., Молдахметова Г.М., Григорова Ю.Б., Калиниченко О.В., Қостанай облысының білім беру әкімшілік Басқармасының республикалық ғылыми-практикалық «Қостанай Дарыны» орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген, білім беру мекемелерінің психологтар арасында "Ең үздік психолог - 2018" сайысында қазылар алқасы ретінде қатысты.
2018 жылдың 22 қыркүйегінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің спорт алаңында студенттер мен оқытушылар арасында Денсаулық күніне арналған спорттық іс-шаралар өткізілді. Мақсаты: салауатты өмір салтының негізгі элементтерін насихаттау; студенттерде өз денсаулығына бағалы қарым-қатынасты қалыптастыру; мықты командаларды анықтау; әр түрлі топ студенттері арасындағы байланысты нығайту; қозғалыстарды үйлестіруді дамыту, тез шешім қабылдай білу. Міндеттері жатақханадағы спорттық-бұқаралық және тәрбие жұмысын жақсарту; дене және психикалық өзін-өзі дамытуды қамтамасыз ету; патриоттық тәрбиеге ықпал ету болып табылады.
2018 жыл қыркүйектің 21 жұлдызы күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Жоғарғы білім беру саласындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелері мен болашағы: білім берудің ортақ бағдарламалары» атты университеттік білім беруді дамыту, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру, ортақ білім беру бағдарламаларын жасаудағы ынтымақтастықты дамыту бойынша Болгариялық, Румыниялық, Голландиялық, Ресейлік серіктестердің хатысуымен Халықаралық форум өтті.
Қазақ тілінің дамуына қосқан орасан зор үлесі үлін, соның ішінде қазақтың ұлы ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің мұраларын зерттеп, жарыққа шығарған еңбегі үшін Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Ы. Алтынсарин атындағы орталықтың аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікбай Оспанов Ақмола облыстық мәдениет басқармасының жетекшісі Г. Бекназарованың ықылас хатымен марапатталды.
2018 жылғы 12 - 26 тамыз аралығында Ақмола облысының Зеренді ауданында «Zeren-2018» Республикалық жазғы жастар білім беру лагері өтті. Лагерь 3 ауысымда өтті: 1 ауысым - «Digital ұрпақ», 2 ауысым - «Рухани жаңғыру трендтері», 3 ауысым - «Жастар және бизнес». Лагерь ұйымдастырушылары ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі, Ақмола облысының әкімдігі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы және Қазақстан жастарының конгресі болды. Қостанай облысының делегациясына Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылым магистрі Бекенова Асия Қықпайқызы кірді.
2018 жылдың 25-26 сәуірінде Астанада ЭКСПО-2017 Конгресс-орталығында «Enactus Kazakhstan National Expo-2018» студенттік кәсіпкерліктің, стартаптар мен инновациялардың ұлттық кубогы өтті. Ұлттық кубок шеңберінде ENACTUS бірінші еуразиялық форумы өтті, ол тек Қазақстаннан ғана емес, Ресейден, Тәжікстаннан және Әзірбайжаннан да командаларды біріктіреді. Чемпионатқа еліміздің 50 жоғары оқу орындарының командалары қатысты, олар 100-ден астам жобаларды ұсынды.
Әрбір жас азамат өмірде екі нәрседен қателеспеуі керек: біріншісі, мамандық - таңдау, екіншісі – жар таңдау. Дұрыс таңдалған мамандық, ол тек қаражат тауып, өзін, отбасын материалдық қамтамасыз ету ғана емес. Ең алдымен, ол мамандық адамның ішкі қажеттіліктеріне, қабілетіне, қызығушылығына сәйкес болса, ғана адам өз еңбегін сүйіспеншілікпен атқарады, өзін бақытты сезінеді. Сонымен бірге, дұрыс мамандық таңдау дегеніміз, сол мамандық туралы толық түсінік, оның кәсіпкерге қоятын талабы, сол талаптарды орындауға бойындағы қажетті қабілеттіліктер мен ішкі мүмкіндіктер, қандай білім, біліктілік пен дағдылар қажет т.б.
2018 жылдың 25 сәуірінде мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасында аға оқытушылар Мұқалиева Б.Х., Саламатова А.Б. «Психологиялық-педагогикалық цикл пәндерін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды қолдану» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Семинардың мақсаты: білім берудің қазіргі заманғы үлгісін қалыптастыру арқылы білім сапасын арттыру. Мақсатты аудитория: мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының оқытушылары мен студенттері.