Педагогика кафедрасының апталығы аясында 2019 жылдың 12 сәуірінде «Білім берудегі менеджмент» пәнінен «ҚжЭН», «Тарих» мамандықтары бойынша 2 - курс студенттерімен гуманитарлық ғылымдар магистрі, оқытушы Ермаганбетова Акбота Жаналыковна «Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінде қақтығыстарды басқару» тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ өткізді. Оқытушы студенттермен семинар барысында мектептің тұтас педагогикалық үдерісіндегі қақтығыстарды басқару түсінігін тереңдету және ұғындыру мақсатында жұмыс істеді.
2019 жылдың 12 сәуірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде психология және дефектология кафедрасында студенттік жобалардың тұсаукесері өтті. Іс-шара модераторлары: Назмутдинов Р.А., психология және дефектология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, психол.ғ.к., Сатыбалдина Р.А., психология және дефектология кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі. Проблемалық топтарды құрудың мақсаты студенттердің ғылыми, оқу және ғылыми қызығушылығын дамыту, факультеттің ғылыми әлеуетін жүзеге асыру, бірқатар теориялық және қолданбалы мәселелерді шешу болды.
Инновациялық дамуда білім маңызды рөл атқарады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бүгінгі күнгі өзекті де, кезек күттірмес мәселе. Бүгінгі таңда жаңартылған білім беру міндеттерін ескере отырып, білім берудің жаңа сапасына және жас ұрпақтың тәрбиесіне қол жеткізуге бағытталған өзекті тәсілдер, идеялар мен тәжірибелер талап етіледі. Қазақстандық білім беру мазмұнын жаңартуға жетекші рөл педагогика ғылымымен, соның ішінде жас ғалымдардың зерттеулері ерекше мәнге ие.
10 сәуір 2019 жылы Ө.Султангазин атындағы ҚМПУ студенттері мен психологияжәне дефектология кафедрасының аға оқытушысы Каирова Б.К. Қостанай облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болып әлеуметтік-психологиялық іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты орталықта бейімделуші балалар дос бола білу, достықты қадірлеу және достыққа адал болуға шақыру. Іс-шараны өткізу кезінде әртүрлі психологиялық жаттығулар, тренингтермен қатар балалардың қатысуымен сайыстар ұйымдастырды.
2019 жылдың 9 сәуірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Психология және дефектология кафедрасында ұйымдастырылған дәстүрлі студенттік ғылыми конференция өтті. Ұйымдастыру ісіне жауапты психология және дефектология кафедрасының доценті, п.ғ.к. Назмутдинов Р.А., психология және дефектология кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м. Сатыбалдина Р.А. Конференцияның мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсыну. Психология және дефектология кафедрасының оқытушыларының жетекшілігімен мемлекеттік және орыс тілдерінде кәсіби бағдарланған тақырыптар бойынша баяндамалар дайындалды.
2019 жылы 9 сәуірде Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы және Жастар жылы аясында I кітап фестивалі KITAP FEST 2019 өтті. Психология-педагогикалық факультетінің педагогика кафедрасында екінші жыл бойы "Қарлығаш–балаларды бейімдеу және әлеуметтендіру мектебі" атты студенттік зерттеу жобасы жұмыс істейді, жоба жетекшісі педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бекенова Асия Кыкпаевна.
2019 жылдың 1 сәуір мен 5-ші сәуір аралығында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының әдістемелік апталығы өтті. Көрмеде студенттердің қолдан жасаған еңбектері өте жоғары дәрежеде орындалды. Көрмені ұйымдастырған аға оқытушылары,педагогика ғылымының магистрлері Мукалиева Баян Хамзовна мен Жандауова Шолпан Еркиновна. Көрме Университеттің ғылыми ақпараттық кітапхана орталығында ұйымдастырылды. Кітапхана директоры Безаубекова Сания Серікқызы сол өнер туындыларын кітап құндылықтарымен байланыстыра отырып ерекше кіріктірілген көрмені жоғары дәрежеде өтуіне көмектесті.
2019 жылдың 4-5 сәуірінде Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде (Қарағанды қ.) 5В010500-Дефектология мамандығы бойынша XІ Республикалық студенттер арасындағы пәндік олимпиадасы өтті. Республикалық олимпиадаға барлығы 13 топ қатысты. Олимпиада мақсаты: болашақ талантты жас мамандарды анықтау және қолдау көрсету, сонымен қатар арнайы және инклюзивті білім беру саласында ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді дайындау бойынша бірегей білім беру кеңістігін құру болып табылады.
2019 жылдың 5 сәуірінде «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының апталығы аясында «Көпмәдениетті тілдік кеңістікте балалардың тілдік белсенділіктерін дамыту» тақырыбында әдістемелік идеялар аукционы өткізілді. «МД және ББ» кафедрасының оқытушылары мен «БОПӘ», «МДТО» мамандықтарының 3, 4 курс студенттері сайысқа белсене қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты – көптілділік жағдайда кіші мектеп жасындағы оқушылардың мәдениетаралық коммуникацияларын қалыптастыруда педагогикалық тәжірибені тарату болып табылды.
2019 жылдың 4 сәуірінде сағат 13:30-да «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасында "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу"мамандығының 2-3 курс студенттеріне арналған педагогикалық олимпиада өткізілді. Іс-шара дарынды және талантты студенттерді анықтау үшін тең жағдай жасау, олардың ары қарай зияткерлік дамуы мен құзыреттілігі. Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі мамандығының маңыздылығын насихаттау мақсатында өткізілді. Кафедра оқытушылары Гущина У. В. және Жандауова Ш. Е. жетекшілігімен педагогикалық олимпиаданың сценарийі мен тапсырмалары әзірленді.