2019 жылдың 11 желтоқсанында психологиялық-педагогикалық факультеті педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бекенова Асия Кыкпаевна «Педагогика және психология» мамандығының студенттері Ажмолдаева Малика және Кубекова Гульназмен бірге Қостанай телеарнасының «Тобыл таңы» бағдарламасында тікелей эфирге шықты.Тікелей эфир барысында еріктілер «Қарлығаш – балалардың әлеуметтену және бейімделу мектебі» әлеуметтік жобасы аясындағы жұмыстары туралы әңгімелеп, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
2019 жылдың 11 желтоқсанында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы «Мектепке дейінгі білім берудің заманауи мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның қонақтары мен сөз сөйлеушілері: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысыбойынша ПҚ БАИ» мектепке дейінгі, бастауышоқыту және тұлғаны тәрбиелеу кафедрасыныңаға оқытушысы, Ионова Светлана Петровна және Қорған облысы, Шадринск қаласы,Шадринск мемлекеттік педагогикалық институты, мектепке дейінгі тәрбие теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидатыКаратаева Наталья Александровна сияқты тәжірибелі педагогтар болды.
2019 жылдың 10 желтоқсанында Психологиялық-педагогикалық факультеттің педагогика кафедрасының оқу залында «ХХІ ғасыр студенттерінің дағдылары мен құзыреттерін дамытудың тиімді әдістері» атты халықаралық онлайн-семинар өтті. Семинардың модераторлары Калининградтағы «Болашақ мектебі», Қостанай қаласының №1 мектеп-лицейі, Ө.Сұлтангазин атындағы ҚМПУ-дің педагогика кафедрасы болды.
2019 жылдың 7 желтоқсанында Жастар Сарайында «Үздік ерікті 2019» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. «Үздік ерікті 2019» атағын психология-педагогикалық факультеттің педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бекенова Асия Кыкпаевна иеленді. Асия Кыкпаевна 4 жыл бойы әлеуметтік еріктілік қызметпен айналысады, «Қарлығаш – балалардың бейімделуі мен әлеуметтенуі мектебі» студенттік инновациялық жобасының жетекшісі. Бұл жобаның мақсаты жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалардың бейімделуіне және әлеуметтенуіне жағдай жасау болып табылады.
2019 жылдың 6 желтоқсанында университетіміздің базасында «Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияны ұйымдастырушы – «Педагогикалық шеберлік орталығы» Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының Қостанай қаласындағы филиалы және Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ педагогика кафедрасы.
2019 жылдың 13 және 22 қарашасы аралығында «Психология» және «Педагогика және психология» мамандықтарының қазақ және орыс бөлімдерінің 2-курс студенттері «Психология және дефектология» кафедрасының оқытушылары Ш.С.Демисенованың және З.Д.Ахметбекованың жетекшілік етуімен «Педагогика және психология», «Дефектология», «Психология», «Мектепке дейінгі білім және тәрбие», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Физика», «Математика», «Тарих», «Бейнелеу өнері» және «Музыкалық білім» мамандықтарының 1-і және 2-і курс студенттері үшін Халықаралық төзімділік күніне арналған тренинг өткізді.
Ынтымақтастық туралы шарт пен «Сервистік оқыту» пәнінің жобасы аясында ағымдағы семестр бойы «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс студенттері мен «Психология» мамандығының 2 курс студенттері Психология және дефектология кафедрасының оқытушылары Ю.Б.Григорованың, О.В.Калиниченконың, З.Д.Ахметбекованың жетекшілік етуімен «Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі» КМҚК оқушылары арасында адамның өзіне-өзі қол жұмсауына, білім алу ісіне бейімделу деңгейіне, жетістікке жетуге және сәтсіздіктен құтылуға деген уәждің даму деңгейіне диагностикалық зерттеу жүргізді.
Ө.Сұлтанғазин атындағы университетінде «6 қадам» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2019 жылы 5-7 қараша аралығында п.ғ. к., психология және дефектология кафедрасының доценті Ш. С. Демисенова, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының аға оқытушысы Г. К. Баубекова профессор-оқытушылар құрамымен «Жұмыс оқу бағдарламаларының сапасын жетілдіру (Syllabus)» атты семинар-тренингті өткізді.
2019 жылдың 29 қазаны күні Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының 2-курс студенттірі арасында Педагогика кафедрасының аға оқытушы, педагогикалық ғылымдар магистрі Хамзина Гүлшат Бакытжановнаның ұйымдастыруымен Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына арналған «Ыбырай ізімен» атты интеллектуалды квест өткізілді. Интеллектуалды квест барысында студенттер 2 топқа бөлінді: 1 станция. «Кім тапқыр?» Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар.
«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру аясында 2019 жылдың 29 қазанында психология-педагогика факультетінде дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: студенттерді оқулықтармен таныстыру, студенттерге үздік әлемдік үлгілермен оқуға мүмкіндік беру, сондай-ақ жас ұрпақты жалпы әлемдік зияткерлік құндылықтарға баулу және білім деңгейін арттыруға ықпал ету. PhD докторы Ташетов А.А. "Ұйымдық мінез-құлық негіздері" Ст. Роббинс, Т. Джадж., "Қазіргі психология тарихы" Шульц Д., Шульц С. Э., психологиядағы қызықты мазмұны мен жаңа көзқарастарды атап өтті.