Психология және педагогика факультеті, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері Әсілхан Назерке (4 курс) және Егентай Айгүл (3 курс) 2016 жылдың 27 қазан күні «Қостанай облысы «ГрИн» азаматтық альянсы» Қостанай облыстық әкімдігі ішкі саясат басқармасының қолдауымен Қостанай облыстық Достық үйінде «Қазақстандықтар – болашағы біртұтас ұлт» тақырыбында ұйымдастырылып өткізілген аймақтық конференцияға қатысып қайтты. Бұл конференция жұмысына «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.магистрі Д.Х. Кушмурзинаның ғылыми жетекшілігімен Егентай Айгүл «Толеранттылық – басты құндылық», Әсілхан Назерке «Қазақстандықтар – болашағы біртұтас халық» тақырыптарында мақалаларын жазып жіберген болатын, ол мақалалар конференция жұмысының жинағына жарияланды.
Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімімен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының байланыс орнату меморандумы аясында 2016 жылдың 25 қазанында Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясында «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысына қатысуға институттың «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушылары мен «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының қазақ бөлімінің 3-4 курс студенттері шақырылды.
2016 жылғы 23 қазанда мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 1 курс студенттері куратор Т.В.Богдановамен бірге облыстық орыс драма театрына барып, Ресей режиссері Яков Рубиннің қойылымымен У.Шекспирдің көңілді комедияларының бірі «Двенадцатая ночь, или что угодно» атты премьерасын тамашалады. Спектакльден соң, студенттер қойылымнан алған әсерлері жайлы бөлісіп, талқылау өткізді. Олар тәрбиелік мәні зор қойылымның, сондай-ақ актерлердің ойыны ұнағандығы туралы әңгімеледі.
2016 жылғы 25 қазан айында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Білім беру және ғылым қызметкерлерінің Қазақстан салалық кәсіподағының Қостанай облыстық ұйымының ұйымдастыруымен облыстық Спартакиада өтті. Бұл жарыс Затобол кентінің орталық стадионында өтті. Жарысқа қатысқандар: Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы, облыс колледждердің , ЖОО-ның және жалпы орта білім беретін мектептердің қызметкерлері. Салтанатты ашылудан кейін келесі түрлерден жарыстар басталды: әйелдер арасында 500 метрге жүгіру, ерлер арасында 1000 метрге жүгіру, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ.
2016 жылғы 12 қазан күні «Ашық есік күні-2016» акциясы аясында Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ұйымдастырған шаралардың легі студенттер айтысымен тәмамдалды. Айтыс Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қостанай облысының 80 жылдығына арналып өткізілді. Айтысты психология-педагогика факультетінің 1 курс студенттері ерекше ықыласпен тамашалаған болатын. Ақындардың екпінін бағамдап, өнерін бағалаушы қазылар қатарында ақын, журналист, сықақшы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облыстық филиалының директоры Ахметчин Ғұмар Ғарифоллаұлы, ақын, журналист, Ыбырайтанушы, Қазақстан және Әлем халықтары Жазушылар одағының мүшесі Серікбай Оспанұлы, З.Алдамжар атындағы ҚӘТУ құрметті профессоры, э.ғ.к., «Естаев» ШҚ басшысы Естаев Ибраш Естайұлы, ақын, журналист, «Қазақ радиосының» Қостанай облысындағы меншікті тілшісі Құлабаев Нұрқанат Жүнісұлы болды.
2016 жылдың 12 қазан айында Педагогика және психология факультетінің декан орынбасыры Алипбаева Г.А. жетекшілігімен 1-3 курс студентерін Л.Н.Толстой атындағы кітапханаға бардық. Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облыстық филиалының директоры Ахметчин Ғұмар Ғарифоллаұлы мен танысу кеші өтті. Бұл кештің ең маңызды жаңалығы Ғұмар Гарифоллаұлының «Күндіз жұлдыз көрінсе» атты кітабының тұсау кесері болды. Ақын сұхбат барысында өмірі жайлы қысқаша баяндады және кітабының мазмұны жайлы тілге тиек етті.
2016 жылғы 10 қазанда "Челябі мемлекеттік университеті" жоғарғы кәсіби білім беретін федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің Қостанай филиалының мәжіліс залында ұлы ағартушы, педагог, жазушы, этнограф Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойына арналған ғылыми семинар өтті. Конференцияға бірнеше оқу орындарының ұстаздары мен студенттері қатысты. Сондай-ақ, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақстан Халқы Облыстық Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты Жақып Қалқаман Хасенұлы, Қостанай әлеуметтік білім колледжінің директоры, Қазақстан Халқы Облыстық Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кадралинова Марияш Тлеугабыловна және т.б. қатысты.
2016 жылдың 5 қазан айында Қазақстан Республикасындағы Отбасы күнін меркелеуіне арналған «Бір ел – бір отбасы» облыстық ғылыми форумы өтті. Бұл форум Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру аясында өткізілді. Форум Қостанай шығармашылық Білім бөлімінің баллалар шығармашылығы мектебінде өтті. Бұл мерекеге қатысушылар: ата – аналар қоғамы, мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары, білім бөлімінің әдіскерлері, «Өз елімнің тарихындағы өз отбасым» облыстық байқауының жеңімпаздары. Барлығы 120 адам.
2016 жылдың 29 – шы қыркүйек күні институтымыздың педагогика және психология факультетінде, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасындағы, бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығы бойынша білім алушы 1 – ші курс студенттері ұстаздарды мерекелерімен құттықтау мақсатында тәрбие сағатын ұйымдастырды. Тәрбие сағатында факультетіміздің ұстаздары мен студенттеріміз қонақта болды. Ұйымдастырушы студенттер ұстаздарға арнап, ән салып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Тәрбие сағатын ойдағыдай өткізді. Сонымен қатар, ұлағатты ұстаздарымыз да өз алғыстарын білдіріп, ризашылықпен қоштасты.
2016 жылдың 23 қазанында «Дефектология» мамандығы бойынша 1 курс студенттері (орыс бөлімі) топ кураторы Жилова Юлия Павловнаның ұйымдастыруымен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болып, Қостанай облысының тарихымен танысып, сонымен қатар археология залында болып қайтты. Ал 2016 жылдың 27 қыркүйегінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мұражайында болды. Онда институттың тарихи мұрахаты қойылған көрмемен, оның атаулы күндерімен, институттың жылдар бойғы жетістігінің тарихымен және профессорлық-оқытушылық құрамының сіңірген баға жетпес ерен еңбектерімен, яғни олардың фотосуреттерімен, жеке заттарымен, монографияларымен, ғылыми баяндамаларымен, құрмет грамоталарымен және медальдарымен танысты.