2016 жылдың 5 сәуірінде ҚМПИ-да педагогика кафедрасы ұйындастырған дәстүрге айналған студенттердің ғылыми-ізденіс конференциясы болып өтті. Конференция мақсаты: студентердің ғылыми-ізденістегі жұмыстарының қорытындысы болып табылды.
5 сәуірде 2016 жылы Қостанай Мемлекеттік педагогикалық институтында Зияткерлік G-Global конференция түрінде дөңгелек үстел өтті, ұйымдастырған психологиялық-педагогикалық факультеті. Конференция тақырыбы халықаралық тәжірибе біріктіру мен тығыз байланысты "Қазахстан білімін біріктіру жаһандану жағдайында". Қазіргі уақытта жаһандану күннен күнге күшейіп келе жатқан білім беру саясатына ықпал етеді. Қатысушылар конференцияда жаһандану үрдістері, білім беру кеңістігінде Қазақстанның мемлекетаралық ынтымақтастық сұрақтарын талқыланды.
Педагогика кафедрасының апталығы бойынша 2016 жылдың 4 сәуірінде, сағат 13.30-да Этнопедагогика пәнінен тарих, музыкалық бөлім, биология мамандықтары бойынша 2 - курс студенттерімен педагогикалық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Хамзина Күлшат Бақытжанқызы ашық сабақ өткізді
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 4 курс студенттері Қостанай облысы тарихи-өлкетану мұражайына 2016 жылдың сәуір айында барып, ондағы жәдігерлердің сырына үңілдік. Ата-бабалардың өмірлерінде ұстап-тұтынған бұйымдарын таңдай қағып тамашалап, өткенге салауат айтып, қасиеті дарыған бабалар мұрасынан тағылым мен тәрбие нәрін алып шықтық деп нақты айта аламыз. Мұражай – табиғат пен адамзат қоғамының дамуы туралы білімнің алғашқы деректемесі материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін табиғат коллекциялары мен тарихи нұсқаларды жинақтау, сақтау, зерттеу, жәдігерлерін халыққа көрсетіп, насихаттау қызметін атқаратын ғылыми мекен.
2016 жылдың 30 науырызында «Дефектология» және «Педагогика және бастауышты оқыту әдістемесі» мамандығының 1-курс студенттері Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қонақта болды. Онда ақын, аудармашы Абдрахман Серғалиұлы Досовтың туғанына 70 жылдығына арналған «Ақындар бізді жақсылыққа асықтырады» атты шығармашылық кеші болды.
2016 жылдың 28 наурызында Аймақтық ғылыми-практикалық орталығы "Қостанай дарыны" ММ, "Қостанай қаласы әкімдігінің білім Бөлімі" ММ "Физика-математикалық лицей, Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің" "Білім сапасын арттыру - мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту маңызды шарты" атты V ашық аймақтық ғылыми-практикалық конференцияны өткізді.
2016 жылдың 25 наурызында мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасында атақты педагогтар Ы.Алтынсарин мен А.Макаренкоға арналған әлеуметтік-педагогикалық оқулар өтті. Конференцияға ҚМПИ (Қостанай), РМӘУ (Мәскеу қ.), ЧМПУ (Челябі қ.). оқытушылары мен студенттері қатысты. Модераторлар болып Л.В. Мардахаев, п.ғ. д., профессор, әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі; А.М. Егорычев, ф.ғ. д., әлеметтік педагогика кафедрасының профессоры (РМӘУ); Н.А. Соколова, п.ғ.д., профессор, әлеуметтік жұмыс, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі; Р.С. Димухамедов, п.ғ.д., әлеуметтік жұмыс, педагогика және психология кафедрасының профессоры, (ЧМПУ); Е.Д. Ли, п.ғ.к., МД,Б және АББ кафедрасының меңгерушісі; А.Ф. Дайкер, п.ғ.к., МД, Б және АББ кафедрасының профессоры (ҚМПИ) жұмыс атқарды
Психология және Педагогика факультетінің "Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру" кафедрасында 2016 жылдың 25 наурыз айында «Болашаққа нық қадам: студентердің педагогикалық ғылымға деген көзқарасы" тақырыбына "Ы. Алтынсариның 175- жылдығына арналған студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясының мақсаты: студенттердің ғылыми-зерттеу іс-әрекетін белсендіру, жобалық әрекетке жағымды мотивациясын қалыптастыру, ғылыми білімдерді кеңейту.
2016 жылғы 16 наурызда Наурыз мерекесіне орай әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі басқарма және ақпаратттық кітапхана орталығы институт студенттері арасында "Салт-дәстүр - асыл қазына" зияткерлік ойынын өткізді. Ойын тақырыбы Қазақстан тарихы, Қазақстан халқының салт-дәстүрі және заманауи Қазақстанға арналды. Ойын студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге септігін тигізді. Психология және педагогика факультетінің «Эврика» командасы өте жақсы орындап, алғыс хатымен марапатталды.
2016 жылдың 6.03 – күні педагогика кафедрасы апталығы бойынша «Педагогтың кәсіби дамуындағы ғылыми жолбасшы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысы бойынша: Набатникова Татьяна Ивановна - «Қостанай Дарыны» әдістемелік жұмысы бойынша РҰПО бастығы, Ильсова Гульбаршын Айпбергеновна - Қостанай қ. № 10 пилоттық мектептің директорының орынбасары қазақ тілінде оқыту, 2 деңгейлі, сертификатталған мұғалім Бекентаева Айман Кожаковна – Оқу үрдісін жоспарлау және жаңашылдықпен дамыту бөлімінің бастығы, Ищанова Раиса Садыкпаевна – Оқу үрдісін жоспарлау және жаңашылдықпен дамыту бөлімінің маманы, ҚМПИ, психология-педагогика факультетінің оқытушылары және 1 курс студенттері.