Қостанай қаласының Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының базасында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 10 сәуір 2013 жылы өтті. Конференцияның салтанатты ашылуында ҚМПИ ректоры география ғылымдарының докторы, профессор Баймырзаев Куат Маратұлының сәлемдесу сөзімен басталды. Пленарлық отырыста тарих ғыл. докторы, профессор, шет елмен байланыс және ғылыми жұмыс бойынша проректор: Әбіл Е.А, пед. ғылымының кандидаты, профессор, ҚМПИ әлеуметтік-экономикалық және тәрбие жөніндегі проректоры: Ахметов Т.А., Захаров А.А., философия ғыл.докторы,, профессор (МИФИ, Мәскеу қ., Ресей), Сейтқазы П.Б., пед. ғыл. докторы, профессор (Л.Н.Гумилев ат. Еуразиялық Ұлттық Университеті, Астана), Уварина Н.В., пед. ғыл. докторы, профессор (ЧМПУ, Челябі қ., Ресей), Искандирова Т.Н., пед. ғыл. канд., доцент, «Қостанай дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры баяндамаларымен шықты.

2012 жылдың 1 сәуірінде Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханасында «Ученые приглашают» (Ғалымдар шақырады) клубының отырысы өтті. Аталмыш клуб кітапхана қызметкерлерінің бастамасы бойынша құрылып, ұйымдастырылды. Кезекті отырыста «Қостанай облысы басылымының тарихы» атты тақырып талқыланды.

2012 жылдың 30 наурызында Қостанайға Франия елінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Жан-Шарль Бертонэ мырза екі күндік жұмыс сапарымен келді. Елшімен бірге, жоғары мәртебелі қонақтар қатарында сауда экономикалық сұрақтар бойынша Кеңесшісінің орныбасары Лоран Шапитон, мәдени қарымқатынас бойынша Кеңесші Йоан Юрес және оның орынбасары Йоанн Шиттерер болды.

Менімен келісетіндеріңізге сенімдімін, пікірсайыс дегеніміз кәзіргі жастардың сәніне айналған сайыстардың бірі. Осыған орай, Қазакстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай 18-20 қараша аралығында Астананың Қазақ Гуманитарлық-Заң Университетінің халықаралық пікір сайыстың ашылуы өтті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ғылым, халықаралық қатынастар және инновациялық даму жаңалықтары