2015 жылғы 19 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында факультеттердің бастамашыл топ студент-мүшелерінің G-Global халықаралық жобасы мен «ЕХРО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің жұмыстарын алға бастыру бойынша жиналысы өтті.
2015 жылғы 2 ақпанда ғылым, халықаралық байланыстар және инновациялық даму бөлімі импакт-факторлы шетел журналдарын іріктеу және дәйексөз алудың дербес индексін анықтау бойынша ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырып, өткізді. Семинар жұмысына Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылар құрамы, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, жас ғалымдар белсене атсалысты.
Ғылым, халықаралық байланыстар және инновациялық даму бөлімі институтта Жас ғалымдар кеңесін құру мақсатында 2015 жылғы 21 қаңтарда ҚМПИ жас ғалымдарымен кездесу ұйымдастырып, өткізді. Жас ғалымдар кеңесінің басты міндеті – ғалым жастардың кәсіби тұрғыдан өсуіне, іргелі, қолданбалы зерттеулеге белсенді атсалысуына көмектесу.
2015 жылғы 20 қаңтар күні ғылым, халықаралық байланыстар және инновациялық даму бөлімі Қазақстан ғылыми мекемелері және ЖОО базасында кәсіби даму және әрекет ету орталығын құру бойынша «Ньютон-Әл-Фараби» серіктестік бағдарламасы аясында «Ғылым қоры» АҚ және British Council жариялаған конкурсты талқылау жөнінде вебинар ұйымдастырып, өткізді. Орталықты құрудағы мақсат – Қазақстандағы ғылыми-зерттеу жұмысты қолдау және жоо-ның профессор-оқытушылар құрамы зерттеулерінің нәтижелілігін арттыру.
2014 жылдың 11 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ЭКСПО-2017 арналған студенттік инновациялық жобалар байқауының қорытынды кезеңдері өтті. Байқаудың басты мақсаттары мен міндеттері: 1) Қазақстан Республикасының интеллекті әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу; 2) Студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру; 3) Дарынды студенттерді таңдау және оларға қолдау көрсету.
2014 жылдың 9 сәуірінде ғылым, халықаралық байланыстар және инновациялық даму бөлімі зияткерлік меншіктің авторлық құқығын қорғау туралы ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырып, өткізді. Семинарға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылар құрамы, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, жас оқытушылар белсене атсалысты. Ғылыми-зерттеу жұмыс нәтижелерін практикаға енгізу ережелері туралы ғылыми жұмыстар және шетелмен байланыс жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Е.А. Әбіл баяндады.
Жыл сайын біздің институт ең үздік студенттерді іріктеп, оларды Францияға бір семестр көлеміндегі оқуға жіберіп отырады. Бұл жолы шетел тілдері факультетінен 6 студент және жаратылыстану-математикалық факультетінен 1 студент Перпиньян қаласында білім алды. 26 желтоқсанда Франциядан жаңа білім алып оралған студенттермен болған кездесу өте қызықты өтті, өйткені олар өз көрген-білгендерімен бөлісті, ал біз Еуропадағы оқу үдерісі мен күнделікті өмір жайлы ғаламтор мен теледидардан емес, өз достарымыздан естіп білдік.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының дамуы заманауи Қазақстанның экономикасы үшiн оның маңызын айқындайтын Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының басымдылықтарының бiрi болып табылады. Сондай-ақ 2013 жылдың басында Елбасы «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды.
30 тамыз және 1 қыркүйек аралығында ҚМПИ дәстүрге айналған Atameken Startup Weekend бизнес жобалар конкурсын өткізген. Тек қана Қостанайдан емес, елімізідің басқа да қалаларынан қатысқан болашақ бизнесмендер 3 күн бойы өзінің бизнес жобаларын қорғады
Жаратылыстану математика факультетінің, биология және география кафедрасының, биология мамандығы бойынша 1 курс көптілділік тобы студенттері үшін «Биологиялық зерттеулердегі математикалық әдістер» атты курсты ағылшын тілінде Батыс Вирджиния университетінің PhD ассоциативті профессоры Тодд Катцнер оқып жатыр.