2018 жылғы 23 қазанда ғылым және халықаралық байланыстар басқармасы Scopus & Science Direct базаларын қолдану арқылы ғылыми жұмыстардың сапасын жақсарту бойынша оқыту семинарын ұйымдастырды. Elsevier компаниясының өкілі Дина Шайхислам Scopus базасында индекстелінетін журналдарда мақалаларды жариялау мүмкіндіктері мен ережелері туралы толық ақпарат берді. Семинарда Science Direct деректер базасында мәліметтерді іздеу тиімділігін арттыру, қолданылатын іздеу жүйесінен тәуелсіз қажетті мағлұматқа қол жеткізу сұрақтары қарастырылды.
2018 жылдың 12 қыркүйегінде Көкшетау мемлекеттік университетінің базасында ACADEMICA жобасының аяқталуына мониторинг жүргізілді (ACADEMICA-жоба № 561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2- CBHE-JP (2015 - 3552/001 - 001). ACADEMICA жобасының серіктестері, оның үйлестірушілері және Қазақстандағы Erasmus + бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Т.Ш. Тасболатова мониторинг процесіне қатысты. Мониторинг шеңберінде жұмыс бөлімдері (ДП) бойынша есептер тыңдалды.
ҚМПУ Ғылым жəне халықаралық байланыс басқармасының ұйымдастырылуымен "Ғылым қоры" АҚ өкілінің қатысуымен өңірлік ғалымдар мен кәсіпкерлердің басын қосқан семинар өткізілді. Онда Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 31 қазанындағы №381-V ЗРК «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтер нәтижесін коммерциаландыру туралы» заңын жүзеге асыру аясында 2018 жылға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтердің нәтижесін коммерциялау жобаларын гранттық қаржыландыруға конкурс өткізу үшін Конкурсқа Қостанай қаласы мен Қостанай облысынан әлеуетті өтініш берушілер қатысуының реті түсіндірілді.
2018 жылдың 9-10 маусым аралығында Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендианттарының Қауымдастығы, MOST бизнес-инкубаторының бастамасымен Астана қаласының Тәуелсіздік Сарайында жастардың бизнес-жобаларына арналған «Startup Bolashak – Менің Арманым» ұлттық байқауының 1/4 ширек финалдық кезеңі өткізілді. Іс-шара ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің жауапты хатшысы А.А. Өрсариев, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігіне қарасты басқару өкілеттілігі бөлімінің бастығы Б. Касымова, MOST бизнес-инкубаторының директоры А. Хамитов, MOST Жас кәсіпкерлер клубы акселерация бағдарламасының үйлестірушісі Д.Бабич және тағы басқалар.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің экология және биология мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу орталығы/REKKS (Германия, Ресей, Қазақстан) бірлескен жобасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 21 мамырында ҚМПУ-базасында жобаның бірінші кезеңінің қорытындылары негізінде, Қостанай облысы бойынша жоспарлы ғылыми экспедиция аяқталғаннан кейін халықаралық семинар өткізілді. Семинар барысында Германия тарапының өкілдерімен Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті арасында ресми ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
ҚМПУ жанында 2018 жылдың 16 мамырында ҚМПУ ЭБМ ҒЗО/ReKKS «Топырақ мезофаунасы және оның тіршілік ету ортасы жағдайында антропогенді және климаттық факторлардың әсерінен Солтүстік Қазақстан дала экожүйелерінің өзгеру динамикасы» жобасы негізінде «Қазақстан аумағындағы құрғақ дала мен Сібір оңтүстік-батыс аудандарында ауыспалы климат жағдайында тұрақты ауылшаруашылық табиғатын пайдаланудың амалдарын жасау саласындағы инновациялар» тақырыбы бойынша халықаралық теориялық семинардан кейін жоба мүшелері: Германияның алдыңғы қатарлы ғалымдары профессор, доктор Георг Гуггенбергер, ReKKS жоба үйлестірушісі, PhD Шибистова Ольга Борисовна, ҚМПУ, Экология және биология мәселелері ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері, профессор, биология ғылымдарының докторы Татьяна Михайловна Брагина 2018 жылдың 17 мамырынан 20 мамыр аралығында Қостанай облысы бойынша экспедицияға шықты.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде 2018 жылдың 16 мамырында ҚМПУ ЭБМ ҒЗО/ReKKS «Топырақ мезофаунасы және оның тіршілік ету ортасы жағдайында антропогенді және климаттық факторлардың әсерінен Солтүстік Қазақстан дала экожүйелерінің өзгеру динамикасы» жобасы негізінде «Қазақстан аумағындағы құрғақ дала мен Сібір оңтүстік-батыс аудандарында ауыспалы климат жағдайында тұрақты ауылшаруашылық табиғатын пайдаланудың амалдарын жасау саласындағы инновациялар» тақырыбы бойынша халықаралық теориялық семинар өткізілді.
2018 жылдың 12 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне арналған «Startup «Bolashak» - 2018 студенттік байқауының қорытынды кезеңі өтті. Іс-шараның ерекшелігі қазақстандықтар үшін маңызды Ғылым қызметкерлерінің күні өткізілуі. Осыдан бір жыл бұрын бәсекелестікті дамыту табысқа жетудің жолы ретінде белгіленген Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарық көрді. Біздің инновациялық идеялар мен жобалар байқауымыз осының дәлелі.
Қалалық және облыстың оқытушыларымен ғалымдардың зерттеушілік дағдыларын дамытудың ынталандыру мақсатымен Британ Кеңесі және А. Байтұсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университітінің Кәсіби даму және арақатынас Орталығы "Researcher Connect" атты халықаралық семинар ұйымдастыран. Осы семинарда 28-нен 30-шы қарашада ҚМПИ қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының доценті, э.ғ.к. Тобылов К.Т. және шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD) Данилова В.В. қатысты.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері ҚР-ның Дін істері мен азаматтық қоғам министрлігі «Болашақ» Қауымдастығымен бірлесе өткізіп жатқан «Жастар Отанға» инновациялық идеялардың республикалық фестиваліне қатысуда белсенділік танытты. «Жастар Отанға» инновациялық идеялардың республикалық фестивалі Елбасының мемлекеттік бағдарламаларын, соның ішінде «Ақпаратты Қазақстан-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мен дамыту мақсатында өткізіледі. Аталмыш байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері: - бизнесті дамыту және халықты жұмыспен қамту, жастардың іскерлік қабілеттерін қалыптастыру; - ақпараттық технологияларды ендіру арқылы халықтың өмір сүру деңгейін арттыру; - ақпараттық теңсіздік мәселелерін шешу, жастардың мемлекеттік және өзге бағдарламаларға қолжетімділігін арттыру.