2019 жылы 17-18 мамырда Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде ҚМПУ-дың 80 жылдығына және университетке физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Сұлтанғазин Өмірзақ Махмұтұлының есімі берілуіне орай ұйымдастырылып отырған «Сұлтанғазин оқулары» бірінші халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының ашылуы болып өтті. Конференцияның мәселелер алаңы келесі бағыттарды қамтыды: Білім беру жүйесін дамытудағы өзекті мәселелер.

2019 жылдың 12 сәуірінде Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Жастар жылына орай «Қазақстанның болашағы менің қолымда» тақырыбында «Брейн-Ринг» форматында республикалық интеллектуалдық турнир өтті. Біздің ЖОО намысын «Горизонт» командасы қорғады: Найзагаринова Айгерим (4 курс, «Педагогика және психология» мамандығы), Торыбаев Жанболат (3 курс, «Биология» мамандығы), Джапашева Мадина (3 курс, «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы), Кудабаев Даулет (2 курс, «География» мамандығы)...

Ұйымдастырушылар - «Ruhani zhangyru жобалық кеңсесі» ЖШС «U SMART» ҚМПИ бизнес-инкубаторымен бірге. Қостанай облысының жоғары оқу орындарында студенттерді нақты мысалдар арқылы ынталандыру мақсатында "Қостанай облысының кәсіпкерлерінен Бизнес дәрістер"жобасын іске қосу жүзеге асырылуда. 5 сәуір күні "Кәсіпкерлік өмір стилі ретінде" тақырыбында бірінші дәрісті Зарина Көкжанова Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттеріне өткізді.

2019 жылы 11 ақпанда ҚМПУ қабырғасында жоғары оқу орнымыздың оқытушылары мен студенттеріне арналған брифинг болып өтті. Бұл брифингке «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Бәсекелестік рәсімдерін ұйымдастыру департаментінің менеджері Г. Тоқпаева қатысты. Брифинг барысында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді таңдау ережелері талқыланды. Одан бөлек, үкіметаралық гранттар, сонымен бірге шет елдік серіктес жоғары оқу орындарының гранттарына ие болу талаптары қарастырылды.

2019 жылдың 28 қаңтарында университетіміздің 80 жылдығына және ҚМПУ-ға Ө.М. Сұлтанғазиннің есімі берілуіне орай, «Startup «Bolashak» – 2019 институтішілік студенттер конкурсы болып өтті. Кез-келген елдің әл-ауқаты оның инновациялық және технологиялық әлеуетіне байланысты. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси бағыттарының бірі болып саналатын стартаптарды дамыту жобасы, соңғы жылдары көптеген табысты жобаларды халықаралық деңгейге ұсынуда. 

Халықаралық білім күні (International Day of Education) 2019 жылдан бастап алғаш рет әлем бойынша 24 қаңтар күні атап өтілуде. Халықаралық білім күнін атап өту аясында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ЮНЕСКО Кластерлік бюросымен бірлесіп, Қазақстанда, Қырғыстанда, Тәжікстанла және Өзбекстанда онлайн-кездесу ұйымдастырды, оның қатысушылары Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің жас ғалымдар Кеңесі мүшелері мен студенттері, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің өкілдері болды.

2018 жылы 6 желтоқсанда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті (Қостанай қ.) ЮНЕСКО-ның бастамасымен тұрақты дамудағы білім беруде ЮНЕСКО-ның Жаһандық программасы ретінде көпжылдық келісімнің жалғасы болып табылатын «Тұрақты даму мүдделерінде үздіксіз білім беру: жаңа сын-тегеуріндер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның 2-кезеңі өткізілді. Конференция үздіксіз білім берудегі ғылыми ізденіс нәтижелерінінің өзекті мәселелерін қорыту мен тарату мақсатында өткізілді.

2018 жылы 2 қарашада Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті Қостанай облысының архивімен бірлесе отырып «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы мұрағаттың рөлі» ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды. Іс-шара алдында «ҚОМА» ММ құжаттарының тақырыптық экспозизияларымен «Мұрағатшы болу – мақтанышымыз!» фотоқұжаттар көрмесі қатысушылар назарына ұсынылды. Конференцияда келесі тақырыптар қозғалды: «Қостанай қалалық мемлекеттік архивінің материалдары бойынша 1936-1939 жж. Қостанай облысы тұрғындарының рухани өмірінің жағдайы», «Қостанай қалалық мемлекеттік архивінің құжаттары бойынша Қостанай нақты ғылымдар мектебі тарихынан», «Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянына қатысты тарихи деректер» және т.б.

2018 жылғы 31 қазанда Францияның Қазақстандағы елшілігінің ынтымақтастық пен мәдени шаралар жөніндегі кеңесшісі Лор Кастен мен халықаралық Вальбон орталығының өкілі Жереми Кампоново Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде болды. Сапарадың мақсаты - ҚМПУ-дың Францияның Қазақстандағы елшілігімен ынтымақтастығы туралы келіссөз мерзімін ұзарту. Осы келіссөз төңірегінде елшілік білім және мәдени байланыстарды дамытуда ҚМПУ-ға қолдау көрсетуге міндеттеме алды.

2018 жылы 26 қазанда Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасы Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасымен және «ГрИн» Қостанай облысының Азаматтық Альянсы» қоғамдық қорымен бірлесе отырып «Рухани жаңғыру Қазақстанның төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуының негізгі факторы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды, оның басты міндеттері келесідей болды: қоғамдық сана шеңберінде елдің мемлекеттік саясатын қолдау деңгейін көтеру.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ғылым, халықаралық қатынастар және инновациялық даму жаңалықтары