2016 жылдың 12 ақпанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, психология және педагогика факультетінің педагогика кафедрасы Қостанай қаласының «Педагогикалық шеберлік орталығы» ББ филиалымен бірлесе отырып, Республикалық Алтынсарин оқуларының «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ МЕН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ТОҒЫСЫНДА ИННОВАЦИЯНЫҢ ТӘЖІРИБЕГЕ ЕНГІЗІЛУІ» атты ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды.
2016 жылдың 8 қаңтарындағылыми халықаралық қатынастар бөлімі және педагогика кафедрасымен бірлесе отырып, «Зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау» мақсатында дөңгелек стол ұйымдастырылды. Кездесу барысында МГИМО-профессоры, педагогикалық ғылымдарының докторы Бережнова Елена Викторовнада қатысып сөз алды. Ол педагогикалық ғылыми оқытуды дамыту саласындағы өзекті мәселелер бағыттарын атап өтті
Баймухамбетова Б.Ш. - философия ғылымдарының докторы (PHd) ғылыми жобаларды жазудағы сапасы мен мазмұнының халықаралық құрылымымен талаптары туралы ақпарат берді.
19-21 қарашада Мәскеу қаласында жетінші жалпыресейлік саясаттанушылар конгресі өтті, оған 30 мемлекеттен келген саясаттанушылар қатысты. Қазақстандық делегация құрамында ректор кеңесшісі Ғ.Шаймерден де болды. «Заманауи саясат талқысындағы саяси ғылым» мәселелері форум тақырыбы болды. Конгресс ММХҚИ ғимаратында өтіп, үш күн қарқынды тәртіпте жұмыс істеді.
2015-2016 оқу жылында кафедра оқытушылары оқу үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану жоспарын іске асыру мақсатында қазан айынан бастап ашық сабақтар өткізетін болады. Инновациялар жылы кафедра оқытушылары заманауи білім беру технологияларын қолданып, 62 ашық сабақ өткізуді жоспарлап отыр.
2015 жылғы 8 маусымда институттың мәжіліс залында «Инновациялар: практика мен нәтиже» тақырыбында «ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы» бойынша Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын «Өрлеу» БАҰО АҚФ базасында біліктілікті арттыру курстарынан өткен оқытушылармен дөңгелек үстел өтті.
2015 жылғы 1-2 маусымда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Республикалық француз тілі мұғалімдері мен оқытушылары қауымдастығы Қазақстандағы Франция Елшілігі және Астана, Қарағанды, Қостанай қалаларының француз альянстарымен бірлесе отырып, қазақстандық француз тілінің мұғалімдері мен оқытушылары, француз тілінің болашақ мұғалімдері үшін француз тілін оқытудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық әдістемелік семинар өткізді. Семинар аясында пленарлық және секциялық отырыстар ұйымдастырылды.
2015ж. 14 мамырында «Инновациядан тәжірибеге» тақырыбы бойынша конференц-залында инновация жобасын қорғауы өтті, жобаға шетелдік университетінің ірі базасында жоғары біліктілік курсын бітірген оқытушылар белсенді қатысты: тіл білімінің Ньюкаслск университеті және Норвическ институты (Великобритания), Цукуба университеті (Жапония), политехникалық Валенсийск университеті (Испания), жоғары техникалық Лиссабонск университеті (Португалия), Халықаралық менеджмент және технологиялық академиясы Дюссельдорф қ. (Германия). Жобаның мақсаты: оқу үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу.
2015 жылдың 6 мамырында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Ғылым күніне арналған студенттік инновациялық жобалар байқауының қорытынды кезеңдері өтті. Байқаудың басты мақсаттары мен міндеттері: 1) Қазақстан Республикасының интеллекті әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу; 2) Студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру; 3) Дарынды студенттерді таңдау және оларға қолдау көрсету. Ғылым күніне арналған жооішілік инновациялық жобалар байқауы 3 кезеңде өтті.
27 наурыз 2015 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына арналған «Тарих ғылымының теориясы мен әдіснамасы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткен болатын. Конференцияға Қазақстанның түкпір-түкпірінен бір топ ғалым-тарихшылар келіп, өз баяндамаларын оқыды. Конференцияның пленарлық отырысында институт ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор Қ.М. Баймырзаев кіріспе сөзбен ашып, конференцияның мән-маңызын ерекше атап өтті.
Психология және педагогика факультетінің педагогика кафедрасы 2015 жылдың 20 наурызында кафедра Апталығы аясында «Жоғары оқу орны студенттерінің зерттеу мүмкіндіктері: балашаққа көзқарас» атты халықаралық онлайн-конференциясын ұйымдастырып өткізді. Конференцияға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері; Қырғызстан Халықаралық университетінің студенттері, Бішкек қ.; Рудный индустриалды институтының студенттері қатысты.