Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында 7 желтоқсан 2016 ж. Ы. Алтынсариннің туғанына – 175 жыл толуына арналған «Қазіргі білім берудегі инновациялар мен дәстүрлердің даму басымдықтары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, Алтынсарин оқулары өткізілді. Конференцияны Психологиялық-педагогикалық факультет және педагогика кафедрасы ұйымдастырды.
Психология және педагогика факультетінің «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы 2016 жылдың 30 қарашасында «ҚР білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында болашақ мұғалімдерді даярлаудың бірқатар аспектілері» атты республикалық онлайн-конференциясын өткізді. Оған Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің және Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы, Көкшетау және Қостанай қалаларындағы педагогикалық шеберлік орталығының директорлары, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облысы мектептерінің мұғалімдері қатысты.
2016 жылдың 8-9 қарашасында Гульельмо Маркони атындағы Университетте (Рим қ., Италия) Erasmus+ Еуроодақпен қаржыландырылатын ACADEMICA 561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2-CBHE-JP халықаралық жоба аясында серіктестердің кездесуі өтті. Аталмыш кездесу барысында ақпараттық құзыреттіліктерді қалыптастыру бойынша оқыту курсының дайындалу нәтижелерін талқылауда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарапынан Кифик Н.Ю., Сухов М.В. және Данилова В.В. белсенділік танытты.
2016 жылдың 29 қыркүйегінде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситетінде Erasmus+ Еуроодақ тарапынан қаржыландырылатын халықаралық ACADEMICA 561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2-CBHE-JP жобасы бойынша кезекті кездесу-мониторинг өткізілді. Кездесу барысында шетелдік (Валенсия қ. Политехникалық Университеті, Испания; Гильермо Маркони Университеті, Италия) және қазақстандық (А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті) Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Көкшетау мемлекеттік университеті, Қазақстандық инженерлік білім беру қоғамы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты) серіктестестердің есеп беру баяндамалары тыңдалды.
2016 жылдың 4-5 маусымында (Испания) Валенсия қаласы Политехникалық Университетінде Еуропалық Комиссияның 561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2-CBHE-JP нөмірімен тіркелген «Аccessibility and Harmonization of Higher Education in Central Аsia through Curriculum Modernization and Development /ACADEMICA/» халықаралық жоба қатысушыларының кезекті кездесуі өтті (әріптес мемлекеттер және Орталық Азия мемлекеттерінің білім беру бағдарламаларын жетілдіру арқылы жоғары білім жүйесін оңтайландыру және қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша).
2016 жылдың 22 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған студенттік инновациялық жобалар байқауының қорытынды кезеңі өтті. Байқаудың басты мақсаттары мен міндеттері: Қазақстан Республикасының интеллекті әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу; Студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру; Дарынды студенттерді таңдау және оларға қолдау көрсету.
19 сәуір күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Назарбаев университеті Жоғары мектебінің өкілдері ғылыми жұмыс жөніндегі бас директоры, профессор Тседисо Макоэле және Назарбаев университеті Жоғары мектебінің ғылыми қызметкері Толқын Омаровамен кездесу өткізілді. Профессор Тседисо Макоэлемен тәжірибе алмасу мақсатында ҚМПИ профессорлық-оқытушылар құрамы үшін білім беру саласындағы зерттеу әдістері және рецензияланатын журналдарға ғылыми мақалаларды жариялау мәселелері бойынша семинар ұйымдастырылды.
2016 жылғы 30 наурызда педагогика кафедрасының Әдістемелік апталығын өткізу аясында «Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы тірек мектептері мұғалімдерін ғылыми-педагогикалық қолдау» онлайн-конференциясы өткізіліп, оған ҚМПИ декандары, кафедра меңгерушілері, оқытушылары, Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары, Қостанай қалысындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЧУ филиалының қызметкерлері, Қостанай облыстық тірек мектептерінің педагогтері, Қостанай облыстық білім басқармасының мамандары, сонымен қатар облыстық қала мен аудандық білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.
15 наурыз айында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына Перпиньян қаласының (Франция) Via Domitia университеті тілдер орталығының директоры Вэнсан Глэз ресми іссапармен келді. Университеттің халықаралық ынтымақтастығы мен даму өкілеттігі шегінде ол ҚМПИ-мен бес жыл бойғы қолданыстағы келісімшарттың мерзімін ұзартты. Сонымен қатар екі оқу орнының академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамыту және оқытушылардың біліктілігін арттыру бойынша өзара ынтымақтастығы мәселелері де талқыланды.
2015 жылы ҚМПИ он алты оқытушысы Испания, Португалия, Германия және Ұлыбританияның жетекші университеттерінде біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Курстың басты мақсаты – мемлекеттің жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін білім беру мен оқытудың заманауи технологиялары аумағында жоғары оқу орындары педагог мамандарының біліктілігін арттыру.