2018 жылдың 30 қараша күні ҚР Бірінші Президенті Күніне арналған ӘГФ студенттерінің арасында футболдан чемпионат өтті. Жарысқа бес команда қатысты: «Тарих 1 курс», «ҚжЭН 2-3 курс», «17-21», «Тарих 3 курс» және «Тарих 4 курс». Чемпионат қорытындысы бойынша «Тарих 3 курс» командасы жеңіске жетті. Ерекше ойындарымен көзге түскен: Жиенкулов Александр, Тайжанов Адиль, Сегизбаев Алмат, Каратаев Адильхан, Захаров Артем, Бидалов Айдарбек, Райский Артем, Ибраев Шынгыс, Жолдыбай Данияр, Асылбек Акжол, Какимжан Канаш, Акмолдаев Нурбол.
Қараша айының 29-ыншы жұлдызында «Музыкалық білім» мамандығының студенттері факультет мұғалімдері мен студенттеріне арнап ҚР тұнғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік мерекесіне орайластырылған шағын мерекелік концерт ұйымдастырды. Концерттің басты мақсаты: ел тарихын, жер тарихын және де қойнауы қазынаға толған әсем табиғатын музыка арқылы тыңдармандарға жеткізу. Студенттер фортепиано аспабында еліміздің белгілі композиторларының шығармаларын ойнап, домбыра аспабында күй шертіп, фортепиано сүймелдеуімен ән шырқап, елімізді жырға қосты.
28 қарашада Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің кітапханасында 16.30 сағатта қоғамдық әлеумпеттік және гуманитарлық факультет студенттерімен Қостанай суретші-мүсінші Мұхамедқали Рахалиевпен кездесуі өтті. Кездесуге «Тарих» және «Визуалды өнер және сызу» мамандықтарының студенттері қатысты. Кездесуді «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 3 курс студенттері Жұмабаева Линара, Сапи Гүлзат және өнер кафедрасының оқытушысы Ордашаева Мирамгуль Жонысбекқызы ұйымдастырды.
2018 жылдың 27-28 қарашасында Астанада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік сарайында Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен VIII Азаматтық форум өтті. Форумда азаматтық секторды дамыту қорытындылары шығарылды, "Men senemin" Азаматтық бастамалар конференциясы өтті, сондай-ақ, Қазақстанның Азаматтық альянсы қызметінің тиімділігін арттыру және мемлекеттің және елдің үкіметтік емес секторының өзара әрекетін нығайту мәселелерін белсенді талқылауымен 30-дан астам диалогтық алаң өткізілді.
28 қарашада Қостанай ауданының Затобол кентінде Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Қ.Қ.Әбілмаликов психиатриялық аурухана қызметкерлерімен кездесу өткізді. Облыстық психиатриялық аурухананың қызметкерлерімен кездесу Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша "Қостанай облысының психологтарының қауымдастығы" үкіметтік емес қоғамдық ұйымының белсенді қолдауымен ұйымдастырылды. Психиатриялық аурухана қызметкерлерімен кездесуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері талқыланды.
2018 жылдың 26 қарашасында ҚМПУ - нің қоғамдық пәндер, құқық жэәне экономика негіздері кафедрасы оқытушылары тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Әлібек Тамара Қайыржанқызы мен философия ғылымдарының кандидаты, доцент Амантаева Айгүл Бақытжанқызы педагогика және психология, жарактылыстану-математика факультеттерінің 1 - курс студенттерімен дәстүрлі түрде өткізілетін Тұңғыш Президент күніне арналған жаңа форматтағы лекторий өткізді. 1-кезең: 1990ж. сәуірі-1995 ж.тамызы аралығы.
2018 жылғы 19 қарашадан 24 қарашаға дейінгі кезеңде «Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті» жоғары білім берудің федералдық бюджеттік білім беру мекемесімен халықаралық ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес ӘГФ өнер кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі Ордашаева Мирамгүл Жонысбекова бейнелеу өнері және кәсіби компьютерлік бағдарламаларды оқыту саласында тәжірибе алмасу үшін оқытушылардың академиялық ұтқырлығына қатысты. Сапардың алғашқы күнінде Ордашева М.Ж. Ресей университетінің әріптестерімен кездесті олар Шадринск қаласымен танысты.
Ел басының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрген сәттен бастап Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының профессор- оқытушылар қауымы мақалада көтерілген өзекті мәселелер мен міндеттерді студент жастар арасында талқылап түсіндіруге бағытталған біршама іс-шараларды жүзеге асыруда. Президенттің мақаласын талқылауға арналған шараға әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану – математика және педагогика-психология факультеттерінің студенттері қатысты.
Бүгінгі күні, 2018 жылдың 23 қарашасында өнер кафедрасының оқытушылары Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даладағы жеті қыры» мақаласын талқылады. Мұғалімдер музыкалық мәдениет пен өнерді дамытуға бағытталған бағдарламалық мақалаларын зор ынта-жігермен қарсы алды. Тарих сана-сезімін жаңғырту тұрғысынан, өткен ғасырдың ұлы ойшылдарының, ақындарының және билеушілерінің суреттер галереясын қалыптастыру идеясы бейнелеу өнерінің мұғалімдеріне ерекше қызығушылық тудырды.
«2018 жылы 22 қарашада ӘГФ Бабич С.С. өнер кафедрасының оқытушысы «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының студенттерімен, «Музыкалық білім хореографиялық өнер негіздері» атты оқытудың траекториясы 1 курс студенттерімен «Классикалық би I теориясы мен тәжірибесі», «Классикалық би. Залдың ортасында экзерсис»тақырыбына ашық сабақ өткізді, Tempslie (танлие) сабақты өткізуге арналған - өзара байланысты жаттығу. Сабақ барысында мұғалім ауызша және көрнекі оқыту әдістерін қолданды.