2019 жылғы 28-і қаңтарда ҚМПУ 80-жылдығына және университетімізге физика-математикалық ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазинның есімі берілуіне байланысты «Start up Bolashak 2019», студенттік стартап жобаның финалдық кезеңі өтті. Финалда «Туризм», «Дене шынықтыру және спорт», «Бейнелеу өнері және сызу», «Тарих», «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламаларының 5 командасы қатысты. «Бейнелеу өнері және сызу» БББ студенттері Абдрахманова Дилара, Қауатаева Дарина, Ибраев Алишер дайындаған «HANDMADE FROM KAZAKHSTAN» кәдесый өнімдер студиясы атты жобалары 3 орынды иеленіп, 50000 теңгемен марапатталды (ғылыми жетекшілері: п.ғ.к. Сапиева М.С., кафедраның аға оқытушысы Жусупова Д.Ж.).
Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде 2018 жылдың 23 қаңтары күні Облыстық Qostanai телеарнасы «Ақ орамал» бағдарламасында «Ғасырлардың зарын шерткен» тақырыбында қобыз аспабының тарихы жайында қызу пікірталас болды. Кеш қонақтары 300 жылдық тарихы бар Қызылорданың киелі қобызы мұрагері, қазіргі Қостанай қаласының тұрғыны Алан Тойғанов, әнші әрі термеші Қыдырбек Қиысқан, көріпкел Ақсұлу апай және Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ Өнер кафедрасының аға оқытушы Ш.К.Есмаганбетовалар қатысты.
2019 жылдың 22 қаңтарында ҚХА кафедрасында «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы: консультативтік-кеңес берудің конституциялық органға көшіру ерекшеліктері» білім беру жобасының шеңберінде «Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің тұжырымдамалық негіздері» атты диалог алаңы өтті. Кездесу жаратылыстану-математика факультеті жаратылыстану кафедрасының мемлекеттік тілде оқитын «Химия», «География», «Биология» мамандықтарының студенттеріне арнап ұйымдастырылды.
2019 жылдың 21 қаңтарында ҚХА кафедрасында «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы: консультативтік-кеңес берудің конституциялық органға көшіру ерекшеліктері» білім беру жобасының шеңберінде «Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің тұжырымдамалық негіздері» атты диалог алаңы өтті. Кездесу жаратылыстану-математика факультеті жаратылыстану кафедрасының «Химия», «География», «Биология» мамандықтарының студенттерімен өткізілді.
2019 жылдың 18 қаңтарында Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Жақып Қалқаман Хасенұлы, Тарих ғылымдарының кандидаты Вишниченко Валерий Георгиевичпен «Этносаралық келісім – мемлекеттің қарқынды дамуының кепілі» тақырыбында студенттердің қатысуымен диалог алаңы өтті. Кездесуге Қазақстан халкының ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Евдокимова Ольга Николаевна және орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Карбенова Зауре Оразбекқызы.
2019 жылдың 18 қаңтарында Көкшетау қаласында есімі отандық және шетелдік жоғары білім беру жүйесіне, тарих ғылымына кеңінен танымал ғалым, ұстаз, тарих ғылымдарының докторы, ҚР тарих және әлеуметтік ғылымдар академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры Әбуев Қадыржан Қабиденұлының 80 жасқа толуына және университеттегі тарихи білім берудің қалыптасқанының 25 жылдығына арналған «Отан тарихының деректануы мен тарихнамасының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.
2018 жылының 20 желтоқсанда Университеттің «Рухани жаңғыру» жоба офисінде «Қазақстан өркениеттердің әлемдік қауымдастығында» республикандық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияны ұйымдастырған Ө. Сұлтангазин атындағы ҚМПУ әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің қоғамдық пәндер, құқық негіздері және экономика кафедрасы. Осы конференцияның жұмысына біздің және басқа облыстардан, БАҚ, ЖОО, колледждер мен мектептердің өкілдері қатысты.
Соңғы жылдары университет қабырғасында студенттік жобаларға аса көңіл бөлініп жүр. «Өнер» кафедрасының осы ғылым саласындағы бағындырып жүрген белестері бір төбе. Соның бірі: «Жылы жүрек» әлеуметтік жобасы. Жоба негізі былтырғы кафедраның «Айналайын» әлеуметтік жобасының жалғасы болып табылады. Жобаға «Музыкалық білім» және «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 1-ші курс студенттері қатынасты. Жоба аясында студенттер 19-шы желтоқсан күні "Жанұя "отбасы үлгісіндегі балалар ауылы"КММ барып, мерекелік іс-шара өткізді.
14 желтоқсанда Қостанай қаласының қызмет көрсету саласы колледжінде ҚР Президенті Н. Назарбаевтың жолдауы бойынша дөңгелек үстел өтті А. 2018 жылғы 05 қазандағы "қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: халықтың табысы мен өмір сүру деңгейінің артуы" атты Қазақстан халқына Дөңгелек үстелде "Тарих" мамандығының 4 курс студенттері - Сакипжанов Мурат, Адырбаев Темирлан, Басанова Жансая және Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Әбілмаликов К. К. сөз сөйледі.
2018 жылдың 12 желтоқсанында онлайн режимде «Мәңгілік ел» мәнмәтініндегі қоғамдық сананы және ұлттық кодтың сақталуын жаңғырту» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ҚХА кафедрасы мен ҚХА кафедраларының республикалық қауымдастығы ұйымдастырған конференция жұмысына белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, Қазақстан, Ресей және Украинаның ғалымдары, сондай-ақ Қазақстанның әр аймақтарынан 11 ҚХА кафедрасы қатысты.