2018 жылғы 22 қазанда Әмбебап оқу залы Лев Николаевич Толстойдың 190 жылдығына арналған «Көркем сөз алыбы» атты оқырман конференциясын өткізді. Шарада философия ғылымдарының кандидаты, ҚМПУ қауымдастырылған профессоры Б. Х. Әлшанова және кітапхана ісінің ардагері С. С. Юсупова сөз сөйледі. Жазушының туған және жерленген жерін – Ясная Полянаны көру мүмкіндігіне ие болған қонақтар өздерінің сапарлары жайындағы әсерлерімен бөлісіп, Лев Толстойдың шығармашылығы туралы пікірлерін білдірді.

2018 жылдың 16 қазанында «Рухани жаңғыру» аясында ұлыларды ұлықтау мақсатында және де қазақ халқының әйгілі қаһарманы, жырау, күйші, батыр, қолбасшы Қожаберген Толыбайұлының туғанына 355 жыл толуына орай, Петропавл қаласында атақты жырауға арнап ескерткіштің салтанатты ашылуы қарсаңында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Қожаберген жырау - Тәуелсіздіктің, Қазақ мемлекетінің және халық бірлігінің символы» атты республикалық ғылыми конференция өтті. Конференция барысында ҚР БҒМ ҒК «Мемлекет тарихы» институтының директоры, профессор Бүркiтбай Аяған,...

2018 жылыдың 12 қазанында ҚМПУ-да өлкетану клубының бірінші отырысы өтті. Клубтың қызметі "Туризм", "тарих" мамандықтарының студенттерін, сондай-ақ Қостанай педагогикалық колледжінің 2 курс қатысушыларын да қызықтырды. Бірінші отырысқа барлығы 20 студент және оқытушылар қатысты. Олардың ішінде Қостанай педагогикалық колледжінің шет тілі кафедрасының оқытушысы Шағатаева Зауреш Жарасбаевна, дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы Гурская Ирина Федоровна қатысты. Клуб мүшелері өз басшысын сайлады.

2018 жылдың 5 қазанынан 12 қазанына дейін ҚМПУ-дің «Музыкалық білім» бағдарламасының студенттері хоры (жетекшісі п.ғ.к. Жақаева С.А.) Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі аясында Астанада қаласында өтетін «Астана - Әлем Әлемі» халықаралық хор топтарының фестиваліне қатысты. Университеттің студенттік хоры осы фестивальдің концерттік бағдарламасына қатысуға шақыру алды. Концерттік бағдарлама қазақ және шетел классиктерінің еңбектерінен тұрады.

2018 жылдың 12 қазанында Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Қазақстан халқының Ассамблеясы кафедрасында қоғамдық келісім және жалпыұлттық бәрлікті қазақстандық моделін насихаттау бойынша республикалық лектория аясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Ресей Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты және Константин Симонов атындағы алтын медальдің иегері, Әдебиет сыйлығының лауреаты және Гавриил Державин атындағы орденнің иегері, 10 өлең мен прозаның авторы Чумакова Зинаида Супьяновна.

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің Қазақстандық моделін насихаттау бойынша республикалық дәріс өткізу аясында Қостанай облысы 2018 жылы 11 қазанда Қазақстан Халық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген отырысы өтті. Қонақтарың алдында Қостанай облысы Ғылыми Сараптамалық Топтың төрағасы А.Б Бекмағамбетов сөз сөйледі, ол облыстық Ғылыми Сараптамалық Топ жұмысы және «Қазақтану» жобасының маңыздылығы туралы, О.Н. Евдокимова, ҚМПУ Қазақ Халқы Ассамблея кафедрасының меңгерушісі жастар санасын рухани жаңғырту және патриотизм бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясындағы Қазақ Халқы Ассамблея кафедрасының қызметі туралы айтып берді.

16 қазан күні Л. Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен өлкемізден шыққан ақын, азапты айдауда болған алашордашылардың бірі – Файзолла Сатыбалдыұлының 135 жыл толуына арналған «Көкірегі алтын көмбе – Файзолла Сатыбалдыұлы» атты портрет – кеш өтті. Кешке Жазушылар одағының мүшесі, ақын Серікбай Оспанов, ҚР ұлттық қауіпсіздік ардагері, полковник, Сатыбалды ишанның шөбересі – Рамазан Зияуйтденов, Файзолла Сатыбалдыұлының ұрпақтары, ҚМПУ профессоры Өтеген Исенов және 3 курс «тарих» мамандығының студенттері қатысты.

2018 жылдың 1 қазанында гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің студенттік инновациялық жобаларының сайысы «Smart team-great dream» өтті. «Тарих» мамандығының 4-курс студенттерінің қатысуымен ӘГФ-ның 17 студенті қатысты. Қазылар алқасының мүшелері: ӘГФ деканы, т.ғ.к. Шахаман З.Б., Doctor PhD Байдалы Р.Ж., декан орынбасары Әбенов Д.Е. декан орынбасары Ордашева М.Ж, т.ғ.к. Бекмағамбетова М.Ж. Осы байқаудың жеңімпазы «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының бірінші курс студенті Испулов Асхат ие болды. Оның жобасының тақырыбы - «Электронды журнал» KOP-KEM».

«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 3 курс студенті Камила Сактағанова «Жас проект» жастарды дамыту жобасына қатысуы аясында 1.000.000 теңге грантты жеңіп алды. 2018 жылдың жазында жоба жетекшісі Сақтағанова К. әлеуметтік жобалар байқауына қатысу үшін бастамашыл топтың құрамында болды. Байқау халықаралық қайта құру және даму банкі мен Қазақстан Республика Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасының нәтижесі болды. Жобаны үйлестіру агенттігі ұйымдастырады.

М.Қ.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Ғылыми Кеңесінің 2018 жылғы 28 қыркүегіндегі шешімімен(хаттама №2) Қостанай мемлекеттік педагогика университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы АМАНЖОЛ КҮЗЕМБАЙҰЛЫ ғылым және ғылыми-зерттеу жұмыс-тарын ұйымдастыру мен жетілдірудегі маңызды жетістіктері үшін академик Манаш Қозыбаевтың медалімен марапатталды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті