2018 жылдың 14 наурызында Медиация және Халықтық Дипломатия мектебінде Қостанайлық Әлеуметтік Білім Колледжінің директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, кәсіби медиатор Кадалинова Марияш Тлеугабыловна өткізді. Лектор өз сөзінде «Медиация» ұғымын, қағидаларын қарастырды. Тыңдаушыларды медиация негіздері мен медиация процесімен және медиацияның сот процестерінен артықшылықтарын атап өтті.
6 наурыз маманы Қазақстан тарихы кафедрасының Абильмаликов к. К. оқушыларымен кездесті Михайлов ОМ Меңдіқара ауданында атты «мемлекеттік саясат тұжырымдамасы, ҚР дін саласындағы», оның барысында студенттер білді, ол кезде шамамен адам болды құруға алғашқы дін және наным байланысты шаманизмом, анимизмом, магией. Бүгінгі таңда әлемдегі өте танымал әртүрлі «битва экстрасенсов» шоуына магов және колдунов, сөйлейтін, бұл қазіргі заманғы адам сақтайды, өзіне алғашқы ұсыну туралы.
8-наурыз халықаралық әйелдер күні мереке қарсаңында бейнелеу өнері және сызу мамандығының білімгерлері «Айналайын» әлеуметтік жобасы «Жанұя» отбасылық типтегі балалар үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Білімгерлер мастер класс өткізді. Студенттердің қолдан жасалған гүлдері балалардың көңілін көтерді. Әлеуметтік жоба жетекшісі Қасаболат А. Ж. балаларға тәттілер таратты. Әр мереке сайын балаларға аквагрим салу студенттердің дәстүріне жалғасты.
2018 жылдың 4 наурыз күні Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен кафедра апталығы аясында «Қазіргі мектептерде тарихты оқыту моделін білім берудің жаңартылған призмасы арқылы жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстелді кафедра оқытушылары Бекмағамбетова М.Ж, Исенов Ө.И., Анасова А.Б. ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы орта білім мазмұнын жаңарту туралы түсіндіру және білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру туралы бағыт беру.
2018 жылдың 1 наурызы күні Қазақстан тарихы кафедрасының апталығы аясында қалалық мектеп оқушыларының интеллектуалды ойыны өткізілді. Сайыс 1 наурыз – Алғыс айту күні, Рухани жаңғыру бағдарламасы және Астананың 20 жылдығы мерекесіне арналды. Аталған сайысты кафедра оқытушылары Елкей Н.Н., Дастан Мұратұлы ұйымдастырды. Интеллектуалды ойынды тамашалауға оқу-әдістемелік бөлімінен маман-әдіскерлер шақырылды. Ойынға үш топ қатысты – «Алғырлар» №15 орта мектебінен, «Достық» №115 орта мектебінен, «Алтын қанат – Ақ Орда» №17 орта мектебінен.
1 наурыз 2018 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Өнер» кафедрасының аға оқытушы Ордашева М.Ж. «Алғыс куніне» арналған көрмесінің ашылуы болды. Көрмеде 10-нан астам түрлі жанрда орындалған көрме ұсынылды. Картиналар көрмесі негіз қалыптасты. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ӘГФ деканы Шахаман З.Б. салтанатты шара барысында көрменің ашылуына сөз сөйледі. Ол тарихи мереке суретіне тоқталды. «Өнер» кафедрасының оқытушылары мен студенттері өздерінің әсерлерімен бөлісті.
2018 жылдың 1 наурызында Алғыс айту күніне орай Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен көпшілікке арналған лекция өткізілді. Лектор Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлы іс-шараның мақсатына сай институт оқытушылары мен студенттеріне аталған күннің тарихы мен маңыздылығы туралы баяндап берді. Бәрімізге белгілі, Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.
28-ақпан күні өнер кафедрасының аға оқытушысы педагогика ғылымдарының магистрі Қасаболат А. Ж. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлестікте «Жастарды кәсіпкерлікке баулу, бизнеске меңгеруді дамыту» тақырыбында институт студенттерімен және жас мамандармен семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингтің мақсаты студенттерді стар-ап жобаларға қатыстыру, жастарды бизнесті меңгеруге қызығушылығын ояту. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Әбдіхалықов Ә. Ә. бизнес туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар бизнес-тренер «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында бизнесті меңгеруге арналған арнайы курстар бар екендігін айта кетті..
Қазақстан тарихы кафедрасының әдіснамалық апталығы аясында, 2018 жылдың 28 ақпанында 126 аудиторияда «Білім берудің жаңартылған мазмұнының призмасы арқылы тарихты оқытудың моделі» тақырыбына вебинар өтті. Вебинардың мақсаты 2 мәселені ашу болды: 1) ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017-2018 жылға стратегиялық жоспар; 2) «Тарих» пәні бойынша оқытудың жаңартылған мазмұны. Аталған іс-шараға орта мектептің мұғалімдері және қашықтықтан білім беру «Тарих» мамандығының студенттері қатысты.
2018 жылдың 26 ақпаны күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан тарихы кафедрасының әдістемелік апталығы аясында «Тарих сабағында инновациялық технологияларды пайдалану» тақырыбында әдістемелік семинар болды. Семинарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру курсынан өтіп келген оқытушылар Тастекова Г.Б., Елкей Н.Н. өткізді. Семинарға институттың қосымша және қашықтықтан білім беру факультетінің маманы Ищанова Р.С. және институт оқытушылары қатынасты. Тастекова Г.Б. тарих сабақтарында Б.Блум таксономиясын пайдаланып мастер-класс көрсетті.