Мемлекет басшысының 21 қарашада жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын кәсіби тарихшы ретінде сүйсіне оқып шықтық. Елбасы тарих ғылымындағы мәселелерді көтерген, қолға алынуға тиіс істерге бағдар жасаған. Бұл мақаладан біздің көңілге түйгеніміз – Тәуелсіздігімізді баянды етудегі, «Мәңгілік Ел» болудағы тарихшының үлкен рөл атқаратындығы. Сондықтан да Елбасының мақаласын насихаттап, қолдау білдіру мақсатында Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «тарих», «бейнелеу өнері және сызу», «музыкалық білім», «шетел тілі», «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарында оқитын бірінші курс студенттеріне «бағдарламалық» лекция оқылды.
Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарды дамытудың қазіргі кезеңі адамзаттың ғаламдық проблемаларына қатысты шешімдер іздеуге байланысты, ол да күрделі пәнаралық сипатқа ие. Мәселелердің ауқымы кеңеюде: халықаралық қауіпсіздік проблемалары, қарусыздану, демографиялық және экологиялық проблемалар, сондай-ақ мәдениеттің «бұзылу» мәселесі пайда болды. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы - «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының жалғасы, ұлттық мәдениеттің жетістіктерін көрсететін нақты жобалар болып табылады.
21 қарашада Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер сабағында ақпараттық технологияны қолдану» тақырыбында оқу-әдістемелік шебер сыныбы өтті. Семинар мақсаты - Білім беру үрдісінде жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдануды жетілдіруді көрсету. Іс-шарада SWOT-анализ – стратегиялық жоспарлау әдістері мен тақырыптарға байлынысты аудио-видео жазбалар оларды пайдаланудың әдістемелік жолдары көрсетілді.
Thinkathon «Цифирлы жүйедегі» Қазақстан-бұл еліміздің барлық жерінде өтіп жатқан ісшара. Оған әр командаға 5-7 адамнан бөлініп қана қоймай қаланы сандық жүйеге келтіру тапсырмасын орындауда өз шешімдерін ұсынды. Қаламызда алғаш рет өткізілген бұл ісшараға студенттер мен «Атамекен» палатасының мүшелері қатысуға ниет білдірген білімді жастардан құралған 11 команда қатысты. ҚМПУ-дың атынан факультетімізден бірден екі құрама қатысты. Бірінші курс студенттерінен құралған «Астра» құрамасы атынан «Тарих» мамандығының студенттері Айнұр Ермағамбетова, Анна Сероус, Владислав Николаенко, Дамир Төлегенов, Арғымбай Темірлан және «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығынан 1 курс студенттері Абдрахманова Дилара, Есболов Асхат және «Музыка» мамандығынан Қуанышбек Балауса сынға түсті.
2018 жылғы 9 қарашада, сағат 14.30-да, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық мұражайында Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсаттағы «Әділдікті ту еткен ұстаз» әдеби сазды кеші өтті. Кештің қонақтары Рудный қалалық сотынан Ержанов Сайлаухан Әділханұлы, №115 орта мектептің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Молдабеков Жасұлан Мұхтарұлы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының құқық пәнінің оқытушысы Молдахметов Нұрсұлтан Бауыржанұлы болды.
Жақында Рухани Жаңғыру – «Мәңгілік елім» атты жобасын іске асыру аясында, облыстық Достық үйінде зияткерлік ойын өтті. Бұл ойынның мақсаты - Қазақстан Республикасының өткен тарихын білуде студенттердің қызығушылығын оятып, еліміздің тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін еске түсіріп, студенттердің интеллектуалдық ой-өрісін кеңейтіп, оларды толеранттылық пен патриоттықсезімге баулу. Ойынға Қостанайқаласындағы жоғары оқу орындары студенттерінен құралған құрамалар қатысты.
–14 қараша күні Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Алтын Орданың 750-жылдығына орай «Түркі генезисі және Алтын Орда» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің модераторы Аманжол Күзембайұлы болды.Осы шарада т.ғ.д., профессор Еркін Аманжолұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Алтайтану және түркітану ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Сартқожа Қаржаубайұлы, Тұғұрұлхан Қоғамдық Бірлестігінің Шежірешілер Алқасының Хатшысы, Журналистер Одағының Мүшесі, Өлкетанушы Шалқарбек Карабаев, «Қазақстан тарихы» интернет-жобасының жетекшісі, ҚР Ақпарат саласының үздігі Алтынбек Құмырзақұлы, Тұғұрұлхан Қоғамдық Бірлестігінің Ақпарат Басшысы, Дүниежүзілік Қазақтар Қауымдастығы мен Қазақстан Республикасы Тарихшылар Конгресі Мүшесі Бахытхат Солтанбай, Тұғұрұлхан Қоғамдық Бірлестігінің мүшесі Ерланқан Данияр қатысты.
2018 жылдың 9 қарашасында біздің ЖОО-да өлкетанушылар клубының кезекті отырысы өтті. Бізге отырысқа қатысқан Қостанай облысы Мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік есепке алу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Марина Александровна Алексеенко негізгі баяндамашы ретінде қонақ болып келді. Марина Александровна мұрағаттық және ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы-Қазақстандағы жер аударылған халықтардың тағдыры туралы. Ол жер аудару мәселесі бойынша халықаралық және республикалық форумдардың бірнеше рет қатысушысы, Қостанай облысындағы неміс диаспорасы туралы жарияланымдардың авторы.
2018 жылғы 26 қазанда History Lab (221 кабинет) өлкетану клубының кезекті отырысы өтті. Клубтың ғылыми кеңесшісі - қосымша және қашықтықтан білім беру факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Сергей Владимирович Самаркин, жергілікті өлкетанушылардың қатысуымен өткен және алдағы іс-шаралар туралы ақпарат берді. Шағатаева Зауреш Жарасбаевна, Қостанай педагогикалық колледжінің студенттер тобының жетекшісі, Введенка ауылына баруы туралы шағын есеппен сөз сөйледі.
2007 жылдан бастап Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» акциясы өткізіліп келеді. Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Биылғы жылы қазылар алқасының шешімімен үш кітап таңдап алынды: Немат Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» және Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары. 2018 жылғы 24 қазанда ғылыми-көпшілік әдебиеттер бөлімінде Қостанай педагогикалық колледжінің 1 курс студенттері үшін Ш.Құдайбердіұлының «Үш анық» шығармасы бойынша талқылау-кездесуі өткізілді.