2019 жылдың 10 сәуірінде медиация мектебінің тыңдаушылары ҚМПУ «Психология» кафедрасының оқытушысы Бисембаева Асем Кумаровнамен бірге вербалды және вербалды емес қарым-қатынастың ерекшеліктерін зерттеді. Асем Кумаровна атап өткендей, ым-қимыл мен мимиканы білу медиаторға клиенттермен қарым-қатынас жасауға, олардың пікірлеріндегі ақиқатты анықтауға, медиаторға жүгіну себебін түсінуге және медиация процесін басқаруға көмектеседі.
2019 жылдың 1-5 сәуірі аралығында әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің өнер кафедрасында әдістемелік апталық өтті. 01 Сәуір (14:30) ақпараттық-кітапхана орталығында кафедра пәндері бойынша жаңа оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Олардың ішінде ең сұранысқа ие оқулықтар мен оқу құралдары: "Музыка мұғалімінің оның аспаптық дайындығы процесіндекәсіби біліктілігін қалыптастыру", "Қазақ биін оқытудың теориясы мен әдістемесі", "Компьютерная нотная графика", "Вокалды-хор тәрбиесі", "Практика работы с хором", "Рисунок и графика" және т. б. болды.
Мамандық таңдау – мектеп түлектерінің күрделі міндеттердің бірі. Бұл ересек өмірге қадам. Жасөспірімнің өзі таңдау жасау қиын, себебі ол көптеген мамандықтармен әлі таныс емес. Сондықтан біздің ЖОО-ның көптеген оқытушылары Қостанай қаласы мен облыс мектептерінің түлектерімен кездесу үшін облыс мектептерін аралап кәсіби бағдар береді. 2019 жылдың 5 сәуірінде ҚХА кафедрасының меңгерушісі О. Н. Евдокимова Қамысты ауданының оқушыларымен кездесті.
2019 жылдың 5 сәуірінде Қамысты ауданының оқушылары мен мұғалімдері үшін мектеп медиациясы бойынша семинар-тренинг өткізілді. Семинарда О. Н. Евдокимова «Мектеп жанжалдарын шешудегі медиативтік тәсіл және медиация» атты алғы сөзінің аясында медиация және оның мақсаты туралы айтып, ҚМПУ жанындағы медиация және халықтық дипломатия мектебінің жұмыс тәжірибесімен таныстырды, жұмыс тәжірибесінен алынған кейбір әдістемелік тәсілдерімен бөлісті және оқытушылар арасында оқушылар мен мұғалім арасындағы келіспеушіліктерді реттеуге арналған тренинг өткізді.
2019 жылдың 4 сәуірінде ҚХА кафедрасында «Қазақстан халқы Ассамблеясы: консультативтік-кеңесші органнан конституциялық органға ауысу ерекшеліктері» білім беру жобасы аясында «Болашақтың біртұтас ұлтын қалыптастыру - Қазақстанның стратегиялық таңдауы» атты кезекті диалог алаңы өтті. ҚХА кафедрасының профессорлары, п. ғ. к. З. У. Карбенова мен т. ғ. к. В. Г. Вишниченко филология факультеті студенттерінің алдында сөз сөйледі. Студенттер диалог алаңының жұмысына белсенділік танытып, пікірталасқа қатысып, мәселеге байланысты өз ойларын ашық айтты.
«Қоғамдық келісім» КММ-де 2019 жылы 29 наурызда «Көпэтникалық ортадағы Медиация (даулар мен қақтығыстарды соттан тыс шешу)» тақырыбында семинар өтті. Семинарда Қостанай облысының медиаторлар қауымдастығының президенті С.А. Богатырев пен Батыс Қазақстан облысының медиаторлар одағының төрағасы, кәсіби медиатор А.Г. Рахишева сөз сөйледі. Облыстық ҚХА медиация кеңесі төрағасының орынбасары, Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі О.Н. Евдокимова семинарда модератор ретінде сөз сөйледі.
19 наурыз күні ҚХА кафедрасында, Наурыз мейрамы қарсаңында, оқытушылар О. Н. Евдокимова мен З. У. Карбенова филология және тарих факультеттерінің мемлекеттік тілде оқитын студенттерімен ерекше орыс тілі сабағын өткізді. Студенттер «Наурыз мейрамының тарихы мен дәстүрлері», «Әр елдегі Наурыз мейрамының тойланылуы» атты презентациялар дайындады. Филология факультетінің студенттері Ай мен Күннің қалай кездескені туралы аңызға негізделген театрландырылған қойылым дайындады.
2019 жылы 19 наурызда Қазақстанның цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің «History Lab» инновациялық кабинетінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл оқиға Қостанай педагогикалық университетінің 80 жылдығына және оған академик Ө.Сұлтанғазиннің есімін беруге арналған. Инновациялық кабинеттің ашылу салтанатына ішкі саясат департаментінің бөлім басшысы Д.И. Қарымсақова, Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-нің ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Н.А. Медетов және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
2019 жылы 19 наурызда "Рухани Жаңғыру" бағдарламасының екі жылдық мерекесіне орай "Музыкалық білім" білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері Ақтас Томирис және Қуанышбек Балауса "Қазақстан-Қостанай" телекомпаниясының "Талант time" бағдарламасына қатысты. Студенттер қобызда ойнауда үйренеді. Қобыз Сібір, Орта Азия, Поволжье, Закавказья және басқа халықтарда сақталған Қияқты аспаптардың ежелгі түріне жатады. Әрбір халықта осындай аспап бар, олардың құрлысы, теңшеу, ойын тәсілдері бірдей.
2019 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында Қазақстанда Алғыс айту күніне арналған "Ұлтаралық және мәдениетаралық диалог Қазақстанның тұрақты дамуының шарты және кепілі" тақырыбында кездесу өтті. Кездесу модераторы ҚМПУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Ольга Николаевна Евдокимова болды. Кездесуді өткізуге «Тарих» мамандығының 1 курс студенттері көмектесті. О. Н. Евдокимова өз сөзінде ҚР Президентінің Жарлығы негізінде 2016 жылдан бастап 1 наурыз күні Алғыс айту күнін атап өтетініміз тоқталды.