28.02.2019 жылы "Рухани жаңғыру" бағдарламасын және Мемлекет басшысының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын жүзеге асыру мақсатында Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің жобалау кеңсесінде тарихи кино кеші өтті. Қазақстан тарихы кафедрасының тарихшылар мен профессор – оқытушылар құрамы Жанболат Мамайдың "Зұлмат"деректі тарихи фильмін қарап, талқылады. Көрсетілім алдында ҚМПУ жобалау кеңсесінің жетекшісі, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Балғабаева Г.З фильмнің авторы Жанболат Мамайдың шығармашылығымен таныстырды.
2019 жылы 27 ақпанда Қазақстан тарихы кафедрасы апталығы аясында Жастар жылына арналған "Тарихты таныту" атты зияткерлік ойын өтті. Ойынға қала және облыс оқушылары қатысты: Горький атындағы гимназия, №1 мектеп-лицей, "Білім-инновация" лицейі, Мичурин орта мектебі. Ойын үш кезеңнен тұрды, онда қатысушылар әр түрлі кезеңдердің отандық тарихы бойынша білімдерін көрсетті. Тапсырмаларды "Тарих" мамандығының 3 курс студенттері заманауи сандық технологияларды қолдана отырып дайындады.
Үстіміздегі жылы 27 ақпанда әлеуметтік-гуманитарлық факультетінде Қазақстан тарихы кафедрасының оқу-әдістемелік апталығының аясында «Тоталитаризм кезеңіндегі тарихи оқиғалар» тақырыбында іс-шара болып өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты - болашақ тарихшыларға тоталитаризм ұғымын түсіндіру мен 1920-1930 жылдардағы тарихи оқиғаларға баға беру. Профессор Аманжол Күзембайұлының модераторлығымен өткен дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары мен факультетіміздің бірінші, екінші және үшінші курс студенттері қатысты.
Үстіміздегі жылы 25 ақпанда Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ақпараттық кітапхана орталығында Қазақстан тарихы кафедрасының оқу-әдістемелік апталығының ашылуы болып өтті. Апталықтың мақсаты - тарихшылар мамандығын дайындайтын кафедраның әдістемелік жұмысын университет, қала және облыс шеңберінде көрсету арқылы студенттерімізді тәрбиелеу. Кафедра профессор, оқытушылар және әлеуметтік-гуманитарлық факультеті студенттерінің қатысуымен апталықтың жұмыс жоспары таныстырылды.
2019 жылдың 22 ақпанында өлкетанушылар клубының қызметі аясында біздің облыстың белгілі қоғам және саяси қайраткері, құрметті профессоры және қауымдастырылған, тарих ғылымдарының кандидаты Вишниченко Валерия Георгиевичпен кездесу өтті. Іс - шараның ұйымдастырушысы және модераторы клубтың ғылыми кеңесшісі С.В.Самаркин болды. Кездесу В.Г.Вишниченко туралы телевизиялық сюжетті көруден басталды. Ол туралы тамаша ұйымдастырушы, саясат, шешен, шығармашылық адам, әдемі отбасы туралы әңгімелейді.
Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласына арналған дөңгелек столы 2019 жылдың 22 ақпаны күні Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ өткізілді. Оған ҚХОА ғылыми сарапаттамалық тобының мүшелері, ЖОО студенттері, Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» өкілдері қатысты. Отырысты ҚХА ның және ҚХОА Кеңесінің мүшесі, Ғылыми сараптамалық топ төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бекмағамбетов Ә.Б жүргізді.
22 ақпан күні облыстық Достық үйінде "Ұлы даланың жеті қыры" атты дөңгелек үстел өтті. Отырыста Қостанай жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары ҚР Президентінің мақаласына тағы бір рет тоқталып, ұлттық тарихты сақтау және заманауи ғылым тұрғысынан тарихи сананы жаңғырту мәселелерін қарастырды. Дөңгелек үстелге ҚМПУ ҚХА кафедрасының профессоры, т.ғ.к. В. Г. Вишниченко қатысып, «Тарихи сананы жаңғырту: архивтер мен іздеу-зерттеу жұмыстарының тәжірибелік іске асырудағы рөлі» атты баяндама жасады.
2019 жылдың 15 ақпанында қызмет көрсету колледжінде медиация мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында «Медиация – дауларды баламалы реттеу» атты дөңгелек үстел өтті. Кездесуде колледж студенттері баяндама жасады. Кашкарова Александра медиация институтының даму тарихына тоқталса, Дей Артур Қазақстан Республикасындағы медиацияның қалыптасуы мен болашағы туралы әңгімеледі. Қостанай облысы ҚХА-ның медиация Кеңесінің мүшесі, Қостанай облыстық сотының отставкадағы соты Л. Г. Прохорова медиацияның қағидалары мен артықшылығы туралы әңгімелей отырып, медиативті процестерді ойдағыдай өткізу тәжірибесімен бөлісті.
2019 жылдың 13 ақпанында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасының көрнекті мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен «Заманауи әлемдегі дирижерлық өнердің қазіргі заманғы үрдістері» атты дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстел Елбасымыз Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру - қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласына сәйкес ұйымдастырылған ІІ халықаралық дирижерлар форумы аясында өткізілді.
Ақпан айының 1 жұлдызында облыстық Достық үйінде қоғам қайраткері В.Г. Вишниченко 70 жылдық мерей тойына орай жеке тектік қорының тұсаукесері өтті. Валерий Георгиевич көп жыл бойы республика мен облыста ірі қоғам қайраткері, белгілі саясаткер, ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚХА құрылуының бастауында тұрған, этносаралық келісімнің қазақстандық моделін дамытуға елеулі үлес қосқан дана басшы және жаны жайсаң, кең жүректі қарапайым адам ретінде таниды.