Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жоба аясында үздік оқулықтар іріктеліп, қазақ тіліне аударылды. У. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ кітапханасына 2018 жылдан бастап аударылған оқулықтар келіп түсуде.Қазақстан тарихы кафедрасының әдістемелік апталығы аясында қазақ бөлімінде оқитын тарихшы студенттер тарих бойынша оқулықтарды таныстырды және талқылады. Іс-шара басында жоба кеңсесінің жетекшісі Г. З. Балғабаева осы жобаны біздің университетте жүзеге асыру туралы ақпаратпен таныстырды.
Ағымдағы жылдың 26-ақпан күні Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ғылыми-білім беру жобасын іске асыру аясында мемлекеттің Негізгі Заңы мен ҚХА-ның 25-жылдығына арналған, биылғы жылдың мақсатты іс-шарасы – «Біз, Қазақстан халқымыз, ...» атты диалог алаңын өткізді. Іс-шараның атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені біздің Ата Заңымыз дәл осы сөзбен басталады. Кездесу мемлекетте ҚХА құрылған күні мен ҚР-дағы Алғыс айту күні қарсаңында, 1 наурыз күні өтт
Ағымдағы жылдың 24 ақпанында, ҚХА-ның 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында, Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы» көрмесінің презентация өтті. Презентация аясында Қостанай облыстық ҚХА ғылыми-сараптау тобының белгілі ғалымдары мен облыстың жоғары оқу орындарының студенттерінің кездесуі өтті (50 шақты адам).
2020 жылдың 18 ақпанында Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және республикада бейбітшілік пен келісімді сақтау мақсатында жалпы республикалық акция аясында Қостанай облысының 6697 әскери бөлімінде толеранттылық пен патриотизм сабағы өтті.Аталған іс-шараға Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының қауымдастырылған профессоры В.Г. Вишниченко қатысып негізгі хабарлама жасады. Барлығы 170 адам болатын бөлімшенің жеке және командалық құрамы іс-шараның қатысушылары болды. В. Вишниченко өз сөзінде елдегі ұлтаралық қатынастарды тұрақты деп сипаттап, ақпан айының басында Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғалардан сабақ алуға және туындаған мәселелерді ұлтаралық және саяси деңгейге көшірмей шешуге ерекше назар аударды.
2020 жылдың 13 ақпанында облысымыздың мемлекеттік архивінде республиканың құрметті журналисі, республикалық және облыстық телеқұжатшылар байқауларының лауреаты Гүлжібек Бекмұхамедованың 65 жылдығына арналған жұртшылықпен кездесу өтті. Іс-шара аясында журналистің шығармашылық жолы, оның өмірбаянының ең жарқын сәттері мен белгілі еңбектерінің үзінділері көрсетілді. Кездесуге Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының қауымдастырылған профессоры Валерий Вишниченко қатысып сөз сөйледі.
Қостанай облысының жоғары оқу орындары арасында өткізілетін "5 жаңа тұлға" облыстық конкурсының қорытындысы Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік концертте жарияланды. Конкурсты ұйымдастырушы Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты департаменті. Байқаудың мақсаты - ғылым, спорт, мәдениет, қоғам мен инновацияның дамуына ықпал ету. Студенттердің, оқытушылардың, магистранттардың және қызметкерлердің шынайы тарихы негізінде табысты, бәсекеге қабілетті идеяларды алға жылжыту. Байқау 5 номинация бойынша өткізілді: спорт, ғылым, мәдениет, қоғам және инновация.
2019 жылдың 6 желтоқсанында Қарағанды қаласындағы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасы базасында «Қазақстан менің отаным» атты V Республикалық студенттік конференция өтті.Аталмыш конференцияға Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Ш.Уалиханов атындағы ҚМУ Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің және Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері қатысты.
2019 жылғы бірінші желтоқсанда «Дела житейские» телевизиялық бағдарламасының («Қазақстан-Қостанай» телерадиокомпаниясы) аясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың рөлі мен жеке феномені туралы қызықты диалог өтті. Бағдарламаға В. Г. Вишниченко (ҚМПУ ҚХА кафедрасының профессоры), С. М. Жалыбин (сенаторлар кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, Облыстың Қоғамдық кеңесінің мүшесі), Р. Г. Нұрмағамбетов (ЧелМУ ҚФ, заң ғылымдарының кандидаты), Д. А. Качеев (А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, философия ғылымдарының кандидаты), Б.Г. Иртаева (Мемлекеттік қызмет ардагері, облыстың іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі) мен А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ тарих факультетінің студенттері қатысты.
2019 жылдың 1 желтоқсан күні «Музыкалық білім» мамандығының 2 курс студенттері Ақтас Томирис пен Қуанышбекова Балауса, Қостанай қаласының №1Балалар шығармашылығы мектебінде «Ғасырлық өнер мұрасы» атты Қазақстанның үздік өнер қайраткерлеріне арнау шығармашылық жобасы ұйымдастыруымен өткізілген Александр Затаевичтің 150 жылдығына арналған Республикалық музыкалық өнер байқауына қатынасты. Байқауға ұлттық музыкалық аспап номинациясы бойынша қобызшылар ансамблімен «Елік ай» және «Қараторғай» әндерін орындап бақ сынасты.
2019 жылдың 29 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ө. Сұлтангазин атындағы ҚМПУ профессоры В. Вишниченко А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуге 150 студент қатысты. Сұрақ-жауап форматында өткен кездесуде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығы, оның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесі, сондай-ақ Нұрсұлтан Әбішұлының халықаралық беделге ие болған бастамалары талқыланды.