Соңғы кезде медиация институты дау-жанжалдарды соттан тыс реттеудің тәсілі ретінде кеңінен танылып келеді. Медиация шиеленіскен тараптарға даулы жағдайдың шешімін бірлесіп табуға көмектеседі. Медиация – бұл тәуелсіз және бейтарап тарап (медиатор) шиеленіскен тараптарға қысқа мерзімде бірлескен күш-жігермен және екі жақтың да мүдделерін ескере отырып, тараптардың әрқайсысы үшін тиімді шешімге келуге көмектесуді негізге алатын татуласу әдісі. ҚМПУ ҚХА кафедрасының базасында жастарды Медиация негіздеріне оқыту және кәсіби бағдар беруге ынталандыру, қоғамда өзара жанжалсыз қарым-қатынас жасау, жастар арасында медиацияның идеялары мен принциптерін тарату мақсатында медиация және халықтық дипломатия мектебі ашылды.
Осындай атаумен Қазақстан Республикасындағы білім беру үздігі, ҚР Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі, облыстық ҚХА мүшесі, Қостанайлық жазушы А. И. Суслова мен ППФ студенттерінің кездесуі 13 наурыз өтті. Александра Ильиничнаның есімі Қазақстаннан тыс жерде де белгілі. Ол халықаралық ақындық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы, республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпазы. Бұл ҚМПУ студенттері үшін жазушы шығармашылығымен өткен бірінші кездесу емес.
12 наурызда 2020 жылы Өнер кафедрасында «Музыкалық білім», "Визуалды өнер, Көркем еңбек, графика және жобалау", "Бейнелеу өнері және сызу" бакалавриат бағдарламасының білім беру бағдарламасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты - орта білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес бакалавриаттың білім беру бағдарламасын талқылау, сонымен қатар студенттердің педагогикалық және өндірістік практиканы аяқтау нәтижелеріне талдау жасау.
2020 жылдың 11 наурызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын орындау аясында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі О.Н. Евдокимова Қостанай қаласының №8 орта мектебінің 8-сыныбында ақпараттық сағат өткізді. О. Н.Евдокимова өз сөзінде «Конституция» ұғымына, Конституцияның негізгі құрылымдық элементтері мен ерекшеліктеріне тоқталып, 1993 және 1995 жылғы Конституцияға салыстырмалы талдау жасады, адамның және ҚР азаматының конституциялық құқықтары мен міндеттерін еске түсірді және адамның әлеуметтік және мәдени құқықтарын бекітуге бағытталған ойын өткізді.
2020 жылдың 6 наурызында ҚХА кафедрасында облыстық ҚХА мүшелерінің қатысуымен Алғыс айту күніне және ҚХА-ның 25 жылдығына арналған ҚХА-ның 25 жылдығы жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Театрланған қойылым, халықтың қоныс аударуы туралы бірнеше өлеңдер, спикерлердің сөз сөйлеуі, З. С. Чумакованың «Адам бол!» поэмасынан үзінді және ҚМПУ студенттеріне автордан бейне жолдау – бұның бәрі мереке сценарийінің негізі еді. Тарих мамандығының ІІ курс студенттері Қазақстанға қоныс аудару кезеңінен шағын театрланған көрініс қойды.
2020 жылдың 4 наурызында ҚХА кафедрасында Қазақстан Республикасы Конституциясы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Ұлт бірлігі доктринасы: іргелі принциптер - Доктрина национального единства: основополагающие принципы» атты диалог алаңы өтті. Аталмыш іс-шара ҚМПУ ҚХА кафедрасының "Қазақстан халқы Ассамблеясы: консультативтік-кеңесші органнан конституциялық органға ауысу" атты ғылыми-білім беру жобасы аясында психология және педагогика факультетінің студенттері үшін ұйымдастырылды. Диалог алаңында барлығы 50 студент қатысты.
2020 жылдың 3 наурызында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының профессоры Валерий Вишниченко Қостанай қаласының № 23 орта мектебінің 10 сынып оқушыларымен диалогтық алаңы форматында Толеранттылық сабағын өткізді. Іс-шара ҚР Конституциясының 25 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы туының астында өтті. Кездесу барысында Республикадағы конституциялық құрылыс, Қазақстан халқы Ассамблеясы институтын және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін құру, қалыптастыру және дамыту мәселелері талқыланды.
Іс-шаралар жоспары
2020 сәуір айында Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ қашықтықтан өткізілетін шс-шаралар жоспары | ЖҮКТЕУ |
2020 жылдың 26-28 ақпан аралығында Пенза мемлекеттік университеті Жоғары оқу орындарының студенттері арасында музыкалық орындаушылық бойынша "Күміс лира" Халықаралық байқау-фестивалін өткізді. Байқау-фестиваль классикалық музыка өнерінің дәстүрлерін сақтау және дамыту, жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру, дарынды орындаушыларды анықтау, Ресей мен шетелдердің әртүрлі аймақтарымен кәсіби-шығармашылық байланыстарды құру және нығайту мақсатында өткізілді.
2020 жылдың 28 сәуірінде облыстық филармонияда Алғыс айту күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған концерт өтті. Концертті облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық Достық үйі ұйымдастырды.Филармонияның холында мереке қонақтарын түрлі бауырсақтармен қарсы алып, дәл осы жерде қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. Біздің мемлекетте Алғыс айту күні бесінші жыл аталып өтілуде. Бұл барлық қазақстандықтардың өміріндегі ең маңызды күндердің бірі.