2018 жылдың 26 қыркүйегінде кәсіби бағдар жұмысы және мектеппен ынтымақтастық аясында біздің ЖОО-да Қостанай қаласының "Физика – математикалық лицей" оқушыларына экскурсия жүргізілді (топ жетекшісі - тарих мұғалімі және ҚМПУ түлегі Н.В. Ковальчук). Экскурсия Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасы мен қосымша және қашықтықтан білім беру факультетімен бірлесе отырып ұйымдастырылды. С.В. Самаркин оқушыларға біздің оқу орнының құрылу тарихы мен қызметі туралы айтып, атаулы аудиторияларды - Ы. Алтынсарин, М.Қ. Қозыбаев, Г.Д. Джантурин, В.С. Макотченко және т. б. ұйымдастырып көрсетті.
2018 жылдың 26 қыркүйегінде өнер кафедрасының оқытушылары Ордашаева М.Ж., Сапиев А.С., Архипова К.Г. Астананың 20 жылдығына арналған «Жас дарын» сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық конкурсының қазылар алқасына қатысты. Конкурсты ұйымдастырушылар Қостанай облысының үздіксіз білім беру өңірлік орталығы болды. 10 номинация бойынша 50-ден астам бала қатысты. Кафедра оқытушылары «Алтын Қазына» және «Шеберлер қаласы» номинацияларындағы жұмыстарға баға берді. Жарысқа 8 жастан 15 жас аралығындағы балалар қатысты.
2018 жылдың 5 қыркүйегінде А-201 аудиторияда композитор Ерсайын Нарымбаевпен «Музыкалық білім» мамандық студенттерімен шығармашылық кездесу өтті. Ерсайын Нарымбаев 4 жыл Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында тұрды. Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын тамамдаған. Бүкіл әндері Қостанайға ғана емес, республикаға танымал сазгер жастайынан өнерге құштар болған. Сазгердің ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Алдыңнан терезеңнің жүріп өттім», «Бір-ақ күн еді», «Жанарсыз адам келеді» әндері, сонымен қатар басқада ақындардың сөзіне жазылған «Сырласқан қыздар қайда екен?», «Ерте солған гүлдер», «Бұрым туралы баллада» т.б. әндерін дүниеге әкелді.
Қазіргі жастар өз Отанын сүюге, біздің тарихымызды жасаған мемлекет және қоғам қайраткерлерін, ағартушыларын білуге тиіс. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстанның барлық аймақтарында еліміздің танымал тұлғаларын мәңгі есте сақтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Осы бағдарламаның арқасында Қостанай қаласында Ы.Алтынсариннің кесенесі қайта жөнделді. Ыбырай Алтынсарин – қазақтың педагог-ағартушысы, жазушы, фольклорист, қоғам қайраткері және ғалым-этнограф. Алтынсарин қазақ халқының зайырлы білім беруіне бастау болды.
2018 ж. 11 мамырда Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Қазақстан халқының Ассамблеясы кафедрасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулықтар қазақ тілінде» жобасын іске асыру мақсатында алғашқы қазақ тіліне аударылған он сегіз оқулықтарды талқылау өтті. Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары - жобалық офистің басшысы Балғабаева Г.З., Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының кафедра меңгерушісі Евдокимова О.Н.
Түрлі-түсті костюмдер мен шығыс тәттілері , отты Кавказ биі, өзбек әндері және грек аңызы«Орфей және Эврика» театрлық қойылымы қойылған көңілді атмосферада Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен 25 Сәуір Қазақстан халқының бірлігі күніне жобалық проектпен бірге өткісзген «Бірлігіміз жарасқан!» атты фестивалі өтті. Осылайша, аудиториялардың бірінде студенттер көрермендерді Қазақстанда өмір сүретін этностардың дәстүрлерімен, фольклорымен, ұлттық тағамдарымен, әдебиеттімен таныстырды.
17 сәуірде Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедарасының апталығына орай Антаев Ж.Т. «Құқық және экономика негіздері» мамандығы студенттерінің педагогикалық практика өту барысындағы туындаған мәселелер мен ой - пікір алмасу» тақырыбында дөңгелек стол отырысын өткізді. Оған «Құқық және экономика негіздері» мамандықтарының 3-ші және 4-ші курстарының студенттері, практика жетекшілері мен әдіскерлері Духин Я.К., Кифик Н.Ю., Амантаева А.Б., және «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 2 курс студенттері қатысты.
2018 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан театр қайраткерлерінің одағының мүшесі, Қостанай облысының 2017 меценаттар клубының лауреаты, әлеуметтік гуманитарлық факультетінің, өнер кафедрасының аға оқытушысы Сапиев А.С. «Шабыт палитрасы» атты меретойлық жеке көрмесінің ашылуы өтті. Тарихи тақырыптар, этюді шығармалар, пейзаждар, графикалық жұмыстар және 40 кескіндемелер суреттер ұсынылған. Сапиев А.С. композициясында қазақ эпосының аты аңызға айналған батырлар, туған жердің сұлулығымен айқын белгелінген.
3 сәуірде ҚМПУдың әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық факультеттерінің арасында зияткерлік-музыкалық ойын өткізілді. Факультетіміздің «Deep House» командасы «Тарих» мамандығының бірінші курс студенттерінен құралды: Идрисова Айдана, Бидалов Айдар, Балтабекова Айдана және Потемкин Иван. Команданың капитаны Дмитрий Лепетя болды. Ойын төрт кезеңінен кұралды: сипаттама, салыстырмалы, музыкалық-анықтамалық және аналитикалық.
ҚХА атынан сайланған, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Тимощенко Ю.Е. ҚМПУ-дің ҚХА кафедрасымен кездесуді жоспарлаған болатын. Осыған сәйкес, 2018 жылы сәуірдің 2-ші жұлдызында Тимощенко Ю.Е. ҚМПУ ҚХА кафедрасының профессорлік-оқытушылық құрамымен кездесті. Мәжіліс депутаты ескертекендей, кездесудің басты мақсаты - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бес әлеуметтік бастамасы жайлы ақпарат беру, Елбасының жүзеге асып жатқан бастамаларына, сонымен қатар құқықтық заң жүйесіне сипаттама беру.