2020 жылдың 11 мамыр күні психология - педагогика факультетінің декан орынбасары Г.А. Алипбаевнаның жетекшілігімен 3 курс студенттерінің арасында «Әл-Фарабидің өмірі мен ғылыми-шығармашылығы, ерліктері және үлгі тұтарлық тұлға» атты онлайн пікірталасы өтті. Студенттер «Екінші ұстаздың» еңбектерінің өзектілігін талқылау үшін онлайн режимде кездесті. Пікірталас модераторының міндетін Педагогика және бастауыш оыту әдістемесі білім беру бағдарламасының студенті Лантух Яна атқарды.
2020 жылдың 1 мамырында, Қазақстан халқының Бірлігі күні, Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация Кеңесі «Біздің қүшіміз ынтымақ пен бірлікте» атты Виртуалды қабылдау өткізді. Кездесу кәсіби медиаторлардан тегін заң кеңесін алуға, даулы жағдайды реттеуге, Қостанай облысының тұрғындары арасында медиация институтының қағидаттарын таратуға бағытталған.
Іс-шара бағдарламасы болашақ талапкерлер үшін мазмұнды және пайдалы болды. Талапкерлер онлайн режимінде филология департаментінің басшысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қ. Т. Нұрмұхаметова және білім беру бағдарламаларының жетекшілері Т.Т.Сейсембай, К.С.Бірімжанова, А.С.Кинжибаевамен кездесті. Қ.Т.Нұрмұхаметова «Мұғалім мамандығын бағалау өте қиын, өйткені бұл әлемдегі ең құрметті және қажетті мамандықтардың бірі», - дей келе, мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктелетіндігін, ел болашағы болып табылатын жас ұрпақты жетілдірудегі педагог маманның жауапкершілігі зор екендігін атап өтті.
«Sanaly Urpaq - 2050» қоғамдық қоры «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жоғары және орта арнаулы оқу орындарының арасында буктрейлер форматында «100 жаңа оқулық» атты облыстық байқау өткізді. Буктрейлер – бұл кітаптың мазмұнын визуалдай отырып, ең жарқын және танылатын сәттерін қамтитын шағын бейнеролик. Осындай роликтердің мақсаты - кітап оқуды насихаттау, «100 жаңа оқулық» арнайы жобасы аясында аударылған кітаптарды кеңінен насихаттау. Бұл тапсырманы жақсы орындап, 2-орынды иемденіп, ақшалай ынталандыруға ие болған Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 1 курс студенті Жантас Ораз болды. sanaly_urpaq2050 инстаграмм парақшасында облыстық байқаудың қорытындысымен танысуға болады.
2020 жылдың 20-24 сәуірі аралығында Психология және дефектология кафедрасының апталығы аясында «Педагогика және психология», «Психология», «Дефектология» мамандықтарының студенттері арасында аға оқытушылар З. Д. Ахметбекова мен Б. К. Каированың жетекшілігімен ««Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайында қазіргі жастардың құндылықтар жүйесіндегі патриотизм!» тақырыбымен роликтердің онлайн байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері жастардың шығармашылық қабілеттерін қолдау және дамыту; кәсіби өзін-өзі тануды ынталандыру, ой-өрісін кеңейту және практикалық қызмет арқылы патриотизмді қалыптастыру; ішкі рухани даму және жастардың белсенді шығармашылық, өмірлік және азаматтық ұстанымын іске асыру үшін қолайлы орта құру; «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясын іске асыру жағдайында жаңа құндылықтық бағдарларды қалыптастыру болып табылады.
ЖОО мен жұмыс берушілердің өзара тығыз қарым-қатынасы кезінде талқыланған мәселе - болашақ мамандардың кәсіби маңызды қасиеттерін дамыту. Кездесу онлайн-дөңгелек үстел түрінде психология және дефектология кафедрасында әдістемелік аптасы аясында өткізіліп, аталмыш мәселе белсенді диалог формасында қызу талқыланды. Онлайн-дөңгелек үстелдің тақырыбы - "ЖОО-ның қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық бағыттағы түлегінің моделін қалыптастырудағы өзекті мәселелер".
Электронды сайт негізінде 2020 жылдың 23, 24 сәуірінде Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасы әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің деканы З.Б Шахаманның қатысуымен «5В 011500 - Құқық және экономика негіздері» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерінің дипломдық жобаларды алдын-ала қорғау іс-шарасын өткізді. Дипломдық жобаларды алдын-ала талқылау барысында ғылыми жұмыстардың негізгі ұстанымдары мен құрылымы, зерттеу нысаны мен объектісін нақтылау, материалдар мазмұнының эмпирикалық негізі, әдебиеттердің жеткіліктілігі мен нормативтік-құқықтық актілердің қол жетімділігі, дипломдық жобаларды дайындау үшін қосымша ресурс ретінде сайттардың ашықтылығы сынды мәселелер бірлесе пысықталып, нақтыланды.
Жаратылыстану-математика факультеті мен әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 40-қа жуық студенті Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-жылдығына арналған ғылыми-білім беру жобасының аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясы: консультативтік-кеңесші органнан конституциялық органға ауысу ерекшеліктері» атты онлайн семинарға қатысты.
2020 жылдың 24 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ (Қостанай облыстық Достық үйі) мен Ө. Сұлтанғазин атындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында облыстық ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының мүшелерімен және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен бірігіп «Қазақстан бірлігі халықтар достығында - Единство Казахстана в дружбе народа» атты онлайн конференция өткізді. Ұйымдастырушылар кездесуге Қостанай облысында ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал да қызықты, бастамашыл спикерлерді шақырды. ҚР Парламенті Мәжілісінің IV шақырылым депутаты, қазіргі облыстық ҚХА ҒСТ мүшесі, ҚМПУ ҚХА кафедрасының профессоры В.Г. Вишниченко Қазақстан халқы Ассамблеясының пайда болуының басы-қасында жүрді, сондай-ақ, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР Заңын әзірлеу бойынша жұмыс тобының мүшесі болды. Өз сөзінде ол Қазақстандағы осы тарихи маңызды үрдістердің қалай өткеніне және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды дамытудағы ҚХА рөліне ерекше тоқталды.
Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-нің жаратылыстану-математика факультетінде "кәсіпқойлыққа жол: Менің болашақ мамандығым"атты бейнероликтер байқауын жоспарға сәйкес жаратылыстану-математика факультетінде ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты - жаратылыстану ғылымдары факультетінің білім беру бағдарламаларын кеңінен насихаттау, бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының мүмкіндіктерін көрсету, сонымен қатар студенттерге өздерінің кәсіби шеберліктері мен шығармашылық әлеуеттерін көрсету. Конкурсты дайындау мен өткізуге ұйымдастыру комитеті жалпы басшылық жасаушылар: (Ручкина Г. А. (ЖҒК), Губенко М. А. (ЖҒК), Айтбенова А. А. (ИРиКТ), МФҚ кафедрасының меңгерушісі м. а. Телегина О. С,әдістемелік сүйемелдеу –кафедраның қауымдастырылған профессоры ЖҒК Ручкина Г. А. жүзеге асырды.)