2020 жылдың 18 сәуір күні психология-педагогика факультетінің деканы Айдналиева Н.А. және деканның орынбасары Алипбаева Г.А. ұйымдастырған бітіруші түлектерге арналған онлайн кеңес өткізілді. Ақпараттандыру және түсіндіру жұмыстары барысында келесі мәселелер қаралды: Қазіргі жағдайға байланысты бітіруші түлектердің қорытынды мемлекеттік аттестаттау және дипломдық жұмыстарды қашықтықтан қорғау туралы; Moodle (Turnitin) плагиат желісінен жұмыстарын тексеру; Жас мамандарды міндетті түрде жұмыспен қамту туралы.
2020 жылдың 17 сәуірінде Филология департаментінің оқытушылары орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау бағыты бойынша «Қашықтықтан оқыту жағдайында студенттермен және оқушылармен жұмыс жасау» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарға қатысуға "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №7 орта мектебі" ММ, "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М. Қозыбаев атындағы №23 орта мектебі" ММ мұғалімдері шақырылды.
Үстіміздегі жыл сәуір айының он алтыншы жұлдызында Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті психология және педагогика факультетінің педагогика кафедрасы меңгерушісі міндетін атқарушы Қалиев Дастан Дүйсенұлы және де педагогика кафедрасының оқытушысы Ақанбаев Бағлан Нұрланұлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына сындарлы көзқарас» тақырыбында университет студенттерімен бірге онлайн вебинар өткізді.
16.04.2020 Филология департаменті қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасының ұйымдастыруымен «Латын графикалы қазақ тілі әліпбиі нұсқалары» тақырыбында вебинар өтті. Онлайн шараның мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын негіз ете отырып әліпбиді жетілдіруге байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен, іріктеуден өткен әліпби жобаларының негіздемелерімен таныстыру. Аталған шараға Қостанай облысы Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы К.Бимағамбетов, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Міркемелова, М.Хакімжанова атындағы №20 мектептің ұстаздары мен оқушылары, филология департаментінің профессорлық оқытушылар құрамы мен студенттері онлайн қатысты.
Елбасы бастамашылық еткен "Рухани Жаңғыру" бағдарламасына 3 жыл толады. Осы уақыт ішінде жоба барысында рухани жандандыруға бағытталған көптеген іс-шаралар өткізілді. 16 сәуір күні "Орыс тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасы "Ұлы Дала елінің дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары – Қазақстан халқының бірлігі мен өзіндік ерекшелігін нығайтудың негізі" тақырыбында Зауре Уразбекқызы Карбеновамен сұхбат өткізілді. Зауре Уразбекқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ) күн сайын білім беру қызметінің түрлі салаларына еніп келеді. Бұған қоғамды жаппай ақпараттандырумен және мамандарды тиісті даярлау қажеттілігімен байланысты сыртқы факторлар, сондай-ақ оқу орындарында қазіргі заманғы компьютерлік техника мен бағдарламалық қамтамасыз етудің таралуымен байланысты ішкі факторлар ықпал етеді. Білім беруді ақпараттандыруды жүзеге асырудағы басты рөл оқытушыға тиесілі.
2020 жылы 14 сәуірде Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Мектепке дейінгі мекеме мұғаліміне арналған компьютерлік желілердің көмегімен ақпарат алмасудың құралдары мен технологиялары» тақырыбында онлайн-сессия өтті. Іс-шара ұйымдастырушысы – информатика, робототехника және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Даулетбаева Гүлсім Байсұлтанқызы.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының үш жылдығын атап өту қарсаңында «Орыс тілі және әдебиеті» білім бағдарламасында 2020 жылдың 6-шы сәуірінде «Нұр- Сұлтан- Еуразия жүрегі» атты онлайн диктант өтті. Диктанттың ұйымдастырушылары «Жеңіл орысша» атты әлеуметтік жобаның қатысушылары мен жетекшісі («Орыс тілі және әдебиеті» білім бағдарламасының 2 курс студенттері мен окытушысы Рядинская А.И.).
Шығармашылық мамандықтар студенттерін оқыту барысында қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану бірқатар ерекшеліктерге ие. Осыған байланысты, Ө.Сұлтанғазина атындағы ҚМПУ, өнер кафедрасының оқытушылары 4 сәуір мен 11 сәуір аралығында қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушылардың тәжірибелері бойынша вебинарлар өткізді. "Музыкалық білім", "Визуалды өнер, көркемдік еңбек, графика және жобалау" білім беру бағдарламаларының оқытушылары екі күн бойы қашықтықтан оқыту мүмкіндіктерімен бөлісті.
2020 жылдың 28 наурызы мен 10 сәуірі аралығында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының студенттері арасында «Үздік идея» стартап-жобалар сайысы өткізілді. Байқауға барлық курс студенттері белсенді қатысты,қазылар алқасы мүшелеріне қарау үшін 9 жоба ұсынылды. Жоба тақырыптары студенттер әр түрлі таңдау жасап, олардың дайындығына жауапкершілікпен қарады, сондықтан оқытушыларға бір жеңімпазды таңдау оңай емес еді.