Филология департаменті студенттер рекрутинг стратегиясының басым бағыттарының бірін жүзеге асыру мақсатында қала мектептерінің оқушылары үшін 2020 жылдың 22 қаңтарында Ашық есік күнін ұйымдастырды. Бұл шара университетпен танысу үшін ғана емес, сонымен қатар оқушыларға болашақ жолды анықтауда дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік берді.Іс-шараға Қостанай қаласының (№ 8, № 7, № 23, № 18, № 16, № 2, № 3, № 5, № 17, № 115) мектептерінен 80-нен астам оқушы қатысты.Іс-шара бағдарламасы болашақ талапкерлер үшін маңызды әрі пайдалы болды. Филология департаментінің басшысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қ. Нұрмұхаметова "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңына сілтеме жасай отырып, мұғалім мамандығының беделін, сондай-ақ қазіргі әлемдегі трендтердің бірі ретінде тілдерді білудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.
2020 жылдың 22 қаңтарында психология және педагогика факультеті, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының оқытушысы А.А.Агеева «Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Тобыл қаласы мектеп-гиназиясы» мемлекеттік мекемесінде кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді.Мектеп-гимназияда 9 және 11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін акт залында жиналыс ұйымдастырылды.Жиналған ата-аналар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Оқытушы Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ туралы жан-жақты ақпарат беріп, білім беру бағдарламалары, университетте оқудың артықшылықтары туралы, сонымен қатар, ҚР жаңа «Педагог мәртебесі туралы» Заңының негізгі ережелерімен таныстырып өтті.
2020 жылы 15 қаңтар айында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің филология Департаментінің көптілділік орталығында ағылшын тілінде сабақ жүргізетін мұғалімдерге «Басқа тәсілмен оқыту: оқытуда шығармашылық ойлау барысында тіл дағдыларын дамыту» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді. Шеберлік - класс жетекшісі, көптілділік орталығының маманы, Департамент филологиясының ағылшын тілі пәнінің аға оқытушысы Кускадамова К.С.
Факультеттің білім беру бағдарламаларын танымал етудің негізгі бағыттарының бірі талапкерлермен байланыс болып табылады. Факультетте талапкерлерге ашық есік күнін өткізумен қатар Қостанай облысының аудандарына барып жарыстарды өткізуге дейін тартудың әртүрлі нысандарын пайдаланады. Алайда, биылғы жылы аудандардың бірінің өкілдері өз тәрбиеленушілерін университет пен факультет бойынша экскурсияға өз бетімен алып келуге тілек білдірді. Бұл іс-шараның бастамашысы Жангелдин аудандық БЖСМ жаттықтырушысы Нұғыманов Ақшығанақ болды.
2019 жылы 12 желтоқсанда Қостанай Жастар сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жерлестерін құттықтады. Атаулы күнге орай марапатталғандардың арасында Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ольга Михайловна Чернявская да болды.
2019 жылы 12 желтоқсанда "Саяхат" өлкетану клубының мүшелері К. Брюханова, Н. Мельниктің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағат өткізілді.І с-шарада студенттер Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы туралы айтып, «Біздің қаладағы көшелер тарихы» тақырыбында бейнеролик түрінде шығармашылық жобалар ұсынды.Содан кейін Қазақстан және Қостанай қаласы туралы сұрақтарымен интеллектуалдық викторина ұсынылды, белсенді студенттер құрмет грамоталарымен марапатталды, I орын – 1 курс студенті, География Федотов Александр, II орын – 3 курс студенті, География Хужина Екатерина, III орын – 3 курс студенті, География Омарова Ақмарал иеленді.
2019 жылы 12 желтоқсанда филология департаментінің «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламалары ҚР Тәуелсіздік күніне және Жастарды қолдау жылына орай департамент студенттерімен арнайы кездесу өткізді. Филология департаментінің басшысы Қ.Т. Нұрмұхаметова және білім беру бағдарламаларының жетекшілері Сейсембай Т.Т., Кинжибаева А.С. студенттерге жылы лебіздерін білдіріп, айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, төмендегі номинациялар бойынша студенттерді алғыс хат, мақтау қағазымен марапаттап, сертификаттар табыстады.
2019 жылдың 11 желтоқсанында психологиялық-педагогикалық факультеті педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бекенова Асия Кыкпаевна «Педагогика және психология» мамандығының студенттері Ажмолдаева Малика және Кубекова Гульназмен бірге Қостанай телеарнасының «Тобыл таңы» бағдарламасында тікелей эфирге шықты.Тікелей эфир барысында еріктілер «Қарлығаш – балалардың әлеуметтену және бейімделу мектебі» әлеуметтік жобасы аясындағы жұмыстары туралы әңгімелеп, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
2019 жылдың 11 желтоқсанында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы «Мектепке дейінгі білім берудің заманауи мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның қонақтары мен сөз сөйлеушілері: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысыбойынша ПҚ БАИ» мектепке дейінгі, бастауышоқыту және тұлғаны тәрбиелеу кафедрасыныңаға оқытушысы, Ионова Светлана Петровна және Қорған облысы, Шадринск қаласы,Шадринск мемлекеттік педагогикалық институты, мектепке дейінгі тәрбие теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидатыКаратаева Наталья Александровна сияқты тәжірибелі педагогтар болды.
2019 жылы 10 желтоқсанда қарттарға арналған пансионата жаратылыстану-математика факультетінің "Биология" мамандығының (қазақ бөлімі) 2 курс студенттері Sun Vita орталығында әлеуметтік жобаны жүзеге асыру аясында аға оқытушы Суюндикова Ж.Т жетекшілігімен денсаулық сағаты өткізілді. с шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау. Қарт адамдарға дене белсенділігін сақтау үшін сауықтыруға арналған жаттығулар көрсетілді.