2020 жылдың 26-28 ақпан аралығында Пенза мемлекеттік университеті Жоғары оқу орындарының студенттері арасында музыкалық орындаушылық бойынша "Күміс лира" Халықаралық байқау-фестивалін өткізді. Байқау-фестиваль классикалық музыка өнерінің дәстүрлерін сақтау және дамыту, жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру, дарынды орындаушыларды анықтау, Ресей мен шетелдердің әртүрлі аймақтарымен кәсіби-шығармашылық байланыстарды құру және нығайту мақсатында өткізілді.

2020 жылдың 28 ақпаны күні Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, Педагогика және психология факультеті, Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 2-3 курс студенттері арасында педагогика ғылымдарының магистрі Султанбекова Жадыра Хамитбековнаның ұйымдастыруымен «XI пәндік Республикалық олимпиадасының университетішілік іріктеу кезеңі» атты сайыс өткізілді. Сайысқа 5 команда қатысты. Сайыс мынандай кезеңдерге бөлінді: Шығармашылық байқау «Заманауи тәрбиеші мәртебесі», Командалардың өзін таныстыруы, «Тәрбиешінің кәсіби шеберлігінің көкжиегі- 4К моделі» шығармашылық жоба сайысы.«Ертегілер әлеміне саяхат» ертегілерді сахналау, Теориялық байқау «Жүзден жүйрік» тест тапсырмалары.

Тәрбие сағатының мақсаты: әл-Фараби өмірі, ғылыми еңбек жолы туралы түсінік беру, ғылыми-рухани мұраларына тоқтала отырып, жастардың туған топырағымызда өмір сүрген зиялы тұлғалардың өнегесін қадір тұтуға, еліне адал еңбек етіп, рухани бай қазынамызды ұрпақтан-ұрпаққа сабақтастыру. Тәрбие сағаты бес бөлімнен тұрды: Тақырып бойынша әл-Фарабидің ұлағатты сөздердің мәнін ашу, олардың қазіргі жастардың тәрбиесіндегі рөлі қарастырылыды. «әл-Фарабидің философиялық ой пікірлері» бойынша пікір аламасу.

2020 жылдың 28 сәуірінде облыстық филармонияда Алғыс айту күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған концерт өтті. Концертті облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық Достық үйі ұйымдастырды.Филармонияның холында мереке қонақтарын түрлі бауырсақтармен қарсы алып, дәл осы жерде қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. Біздің мемлекетте Алғыс айту күні бесінші жыл аталып өтілуде. Бұл барлық қазақстандықтардың өміріндегі ең маңызды күндердің бірі.

Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жоба аясында үздік оқулықтар іріктеліп, қазақ тіліне аударылды. У. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ кітапханасына 2018 жылдан бастап аударылған оқулықтар келіп түсуде.Қазақстан тарихы кафедрасының әдістемелік апталығы аясында қазақ бөлімінде оқитын тарихшы студенттер тарих бойынша оқулықтарды таныстырды және талқылады. Іс-шара басында жоба кеңсесінің жетекшісі Г. З. Балғабаева осы жобаны біздің университетте жүзеге асыру туралы ақпаратпен таныстырды.

Кәсіби бағдар – бұл ересек өмірге кіретін жасөспірімдерге, өзінің мүдделерін, қабілетін және қоғамның қажеттіліктерін ескере отырып, мамандықты табысты таңдауға көмектесетін психологиялық-диагностикалық және білім беру іс-шараларының жүйесі. 2020 жылдың 26 ақпанында психологиялық-педагогикалық факультетінің оқытушылары Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының "Қостанай педагогикалық колледжі" КМҚК кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Колледжде 2020 жылғы болашақ түлектер жиналысы кең аудиторияда интерактивті тақтамен ұйымдастырылды. Оқытушылар университет туралы, білім беру бағдарламалары, ҚМПУ-де оқытудың артықшылықтары, сондай-ақ ҚР "педагог мәртебесі туралы"жаңа Заңының негізгі ережелері туралы ақпарат берді. Колледж студенттерінің назарына университет туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын ақпараттық буклеттер ұсынылды және біздің университет қабырғасында білім алу-жарқын болашаққа жол екенін атап өтті.

2020 ж. 26 ақпанында ИР және КТ кафедрасының аға оқытушысы Даулетбаева Г.Б. «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 10 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде «Болашақ елінің тірегі - рухы асқан зияткердің қалауы» қалалық конференциясы аясында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Бұл конференцияға оқытушы «Физика.Информатика» секциясының қазылар алқасы ретінде шақырылды.
Оқытушы университет туралы, білім беру бағдарламалары, ҚМПУ-да оқудың артықшылықтары туралы ақпарат берді.

Ағымдағы жылдың 26-ақпан күні Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ғылыми-білім беру жобасын іске асыру аясында мемлекеттің Негізгі Заңы мен ҚХА-ның 25-жылдығына арналған, биылғы жылдың мақсатты іс-шарасы – «Біз, Қазақстан халқымыз, ...» атты диалог алаңын өткізді. Іс-шараның атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені біздің Ата Заңымыз дәл осы сөзбен басталады.   Кездесу мемлекетте ҚХА құрылған күні мен ҚР-дағы Алғыс айту күні қарсаңында, 1 наурыз күні өтт

25 февраля 2020 года в Областном музее Ыбырая Алтынсарина состоялся круглый стол по обсуждению Закона РК «О статусе педагога». На круглом столе обсуждались вопросы о том, что ожидать педагогической общественности от реализации данного Закона. На встречу с ветераном педагогического труда, обладателем медали Ы. Алтынсарина Сабирой Бермагамбетовной Каировой, директором средней школы №20 им. М. Хакимжановой, Шынболатовой Ханзадой, профессором кафедры педагогики, кандидатом педагогических наук Утегеновой Бибигуль Мазановной, и.о. зав кафедрой педагогики Калиевым Дастаном Дуйсеновичем собрались работники музея, студенты КГПУ им. У. Султангазина, учителя ШОД Дарын, специалисты областного краеведческого музея.

Ағымдағы жылдың 24 ақпанында, ҚХА-ның 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында, Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы» көрмесінің презентация өтті. Презентация аясында Қостанай облыстық ҚХА ғылыми-сараптау тобының белгілі ғалымдары мен облыстың жоғары оқу орындарының студенттерінің кездесуі өтті (50 шақты адам).

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары