09.04.2020 күні сағат 15.00-де ҚР Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның тапсырмасына сәйкес Филология департаменті, қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен «Ұлыларды ұлықтаушы ұстаз» ақын, ғалым Серікбай Оспановпен онлайн кездесу өтті. Кездесуге қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Соңғы кезде медиация институты дау-жанжалдарды соттан тыс реттеудің тәсілі ретінде кеңінен танылып келеді. Медиация шиеленіскен тараптарға даулы жағдайдың шешімін бірлесіп табуға көмектеседі. Медиация – бұл тәуелсіз және бейтарап тарап (медиатор) шиеленіскен тараптарға қысқа мерзімде бірлескен күш-жігермен және екі жақтың да мүдделерін ескере отырып, тараптардың әрқайсысы үшін тиімді шешімге келуге көмектесуді негізге алатын татуласу әдісі. ҚМПУ ҚХА кафедрасының базасында жастарды Медиация негіздеріне оқыту және кәсіби бағдар беруге ынталандыру, қоғамда өзара жанжалсыз қарым-қатынас жасау, жастар арасында медиацияның идеялары мен принциптерін тарату мақсатында медиация және халықтық дипломатия мектебі ашылды.
Филология департаменті қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Мақатова Аягөз Алматы қаласындағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті ұйымдастырған «YDF-2020 Жастар цифрлық форумы» 1-Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық онлайн конференциясына (https://ydf2020.iitu.kz/) қатысты. Конференцияның мақсаты – жас ұрпақтың ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту. Конференция аясында заманауи ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктер мен инновациялар саласындағы түрлі аспектілер талқыланды.
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасы 2020 жылдың 6 сәуірінде Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай «әл-Машани-көрнекті қазақ ғалымы, жазушы, педагог» тақырыбында онлайн – семинар ұйымдастырды. Семинардың мақсаты-ұлы Әл-Фарабидің еңбектерін зерттеуге үлес қосқан А. Машановтың ғылыми еңбектерін насихаттау. Семинарға «География» мамандығының 3 курс студенттері Дандыбаев Ж., Құдабаев Д. белсенді қатысты.
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасы 2020 жылдың 1 сәуірінде онлайн режимінде экофлешмоб өткізді. Биологтар мен табиғат жанашырлары Халықаралық құстар күніне арналған экофлншмобқа белсенді қатысты. Бүкіл әлемде жарияланған пандемияға, басқа елдерге кіру және ұшып шығуға тыйым салынғанына қарамастан, құстарға қыстық жерлерден үйлеріне қайтуға еш кедергі келтірмейді.
2020 жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейін "Дефектология" білім беру бағдарламасының 3 және 4 курс студенттері Қостанай, Рудный, Жітіқара және Лисаков мектептерінде өндірістік тәжірибеден өтті. Іс-тәжірибе барысында біздің университет студенттері белсенділік, ұйымшылдық, тәртіп, бастамашылық, сонымен қатар балалармен жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетті. Студенттер өз бетімен сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізді.
Осындай атаумен Қазақстан Республикасындағы білім беру үздігі, ҚР Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі, облыстық ҚХА мүшесі, Қостанайлық жазушы А. И. Суслова мен ППФ студенттерінің кездесуі 13 наурыз өтті. Александра Ильиничнаның есімі Қазақстаннан тыс жерде де белгілі. Ол халықаралық ақындық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы, республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпазы. Бұл ҚМПУ студенттері үшін жазушы шығармашылығымен өткен бірінші кездесу емес.
2020 жылдың 13 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында, Министрліктер үйінде ТМД елдері арасындағы үздік жас ғалымдарды марапаттау рәсімі өтті. Байқауға қатысушы Сатыбалдина Раушан Әлімжановнаға, педагогика ғылымдарының магистрі, психология және дефектология кафедрасының оқытушысы Қазақстанның танымал тұлғаларының қолынан «Жас ғалым-2020» медалі, І дәрежелі диплом және Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековтың жеке қолтаңбасы бар «Үздік жас ғалым – 2020» жинағы табыс етілді.
12 наурызда 2020 жылы Өнер кафедрасында «Музыкалық білім», "Визуалды өнер, Көркем еңбек, графика және жобалау", "Бейнелеу өнері және сызу" бакалавриат бағдарламасының білім беру бағдарламасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты - орта білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес бакалавриаттың білім беру бағдарламасын талқылау, сонымен қатар студенттердің педагогикалық және өндірістік практиканы аяқтау нәтижелеріне талдау жасау.
2020 жылдың 11 наурызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын орындау аясында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі О.Н. Евдокимова Қостанай қаласының №8 орта мектебінің 8-сыныбында ақпараттық сағат өткізді. О. Н.Евдокимова өз сөзінде «Конституция» ұғымына, Конституцияның негізгі құрылымдық элементтері мен ерекшеліктеріне тоқталып, 1993 және 1995 жылғы Конституцияға салыстырмалы талдау жасады, адамның және ҚР азаматының конституциялық құқықтары мен міндеттерін еске түсірді және адамның әлеуметтік және мәдени құқықтарын бекітуге бағытталған ойын өткізді.